Accessibility links

Қырғызстанның жоғарғы соты Асылбекуллының үкімін өзгеріссіз қалдырды


Дамирбек Асылбекуулы.
Дамирбек Асылбекуулы.

Қырғызстанның жоғарғы соты Қазақстанда он жылға сотталып, экстрадицияланған қырғыз парламентінің бұрынғы депутаты Дамирбек Асылбекуулына шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды. Бұл ақпаратты Қырғызстанның жоғарғы сотының баспасөз қызметіне сүйенген Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

"Шекарадан контрабанда тауарын өткізбек болды" және "трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты" деп айыпталған Асылбекуулы мен тағы да 11 адамның үстінен жүрген сот ісі биыл сәуірде өтіп, оларды үш жылдан 14 жылға бас бостандығынан айырған. 5 қарашада Алматы қаласының аппелациялық соты үкімді өзгертпеді.

Оның жаза мерзімі 2018 жылдың 15 ақпанынан бастап есептеледі. Сот қаулысына қайта шағым түсіруге болмайды.

18 қарашада Дамирбек Асылбекуулы Қырғызстанға экстрадицияланды. Кейбір БАҚ онымен бірге тағы екі қырғыз азаматының Қырғызстанға экстрадицияланғанын хабарлады. Қырғызстанның ресми орындары бұл ақпаратты растамады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда ұсталған Қырғызстан депутаты кім еді?

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG