Азаттық радиосы

АҚШ-тағы жүздеген қара нәсілді қырылған Талса қырғынына 100 жыл 1921 жылы не болып еді?

Reuters агенттігі

Маусым 1, 2021

1921 жылы 31 мамырда қарулы ақ нәсілділер Оклахама штаты Талса қаласының солтүстігінде қара нәсілділер тұратын Гринвуд ауданына басып кіріп, қара нәсілділерді өлтірген. Дүкендер мен үйлер түгел өртеліп, 16 сағат ішінде ауданнан түк қалмаған. Биыл осы оқиғаға 100 жыл толды. АҚШ президенті Джо Байден қырғынды еске алу шарасына қатысу үшін Талсаға барды.

ҚЫРҒЫНҒА НЕ СЕБЕП БОЛДЫ?

Қара нәсілдер ауданы – Гринвуд 1906 жылы құрылған. "Қара Уолл-стрит" деген атқа ие Гринвудта қара нәсілділер иеленген отельдер, заңгерлік кеңселер, ауруханалар мен басқа да бизнестер бар еді. 1920 жылға таман мұнда 10 мыңнан аса қара нәсілді тұрған.

Гринвуд ауданындағы өртке оранған баптистер шіркеуі. 1 маусым 2021 жыл.

Ұлттық гуманитарлық ғылымдар қорының дерегінше, 17 жастағы Сара Пейдж есімді ақ нәсілді қыз "30 мамыр күні Талсаның орталығында 19 жастағы Дик Роуленд есімді қара нәсілді жігіт лифтіде қолымнан тартқылады" деп полицияға шағымданған.

Талсада өртенген ғимараттар. 1 маусым 2021 жыл.

Келесі күні полиция Роулендті ұстап, қамайды. Басылымдар Роуленд Пейджге шабуыл жасамақ болды деп хабарлады. Кешкісін ақ нәсілділер сот ғимаратын қоршап алып, Роулендті беруді талап етеді. Қара нәсілділер (арасында Бірінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлері бар) де жиналып, Роулендті қорғамақ болады. Кейін оқ атылып, арты жанжалға ұласты.

ТАЛСА ҚЫРҒЫНЫНДА ҚАНША АДАМ МЕРТ БОЛДЫ?

Ақ нәсілділер көлікпен Гринвудке барып, оқ атқан. Тарихи деректерге сай, ақтар үйлер мен дүкендерді өртеп, тонаған. Үйінде ұйықтап жатқан қара нәсілділерді сыртқа шығарып, соққан. Билік мафия топтарына қара нәсілділерді атуға тапсырма беріп, Ұлттық гвардия қара нәсілділерді тұтқындаған.

Талса қырғыны кезінде ұсталған қара нәсілділер. 1 маусым 2021 жыл.
Талса қырғыны кезінде ұсталған қара нәсілділер. 1 маусым 2021 жыл.

16 сағаттың ішінде аудандағы үйлер, мектептер, аурухана, дүкендерден ештеңе қалмаған.

Әр түрлі есеп бойынша, қырғыннан үш жүздей адам мерт болған. Олардың көбі – қара нәсілді. Мыңдаған адам үйсіз қалған.

Қырғын кезінде қриаған ғимараттардың орны. 1 маусым 2021 жыл.
Қырғын кезінде қриаған ғимараттардың орны. 1 маусым 2021 жыл.

Бұл қырғынға байланысты ешкім жазаланған жоқ.

Гринвудтың кейбір тұрғыны қираған үйлерін қайта жөндеп алды. Қазір Гринвудтегі бас бульварда еске алу тақтасы орнатылып, онда "1921 жылы қиратылған, қайта қалпына келтірілді" деп жазылған.

Мемлекеттік комиссияның 2001 жылғы есебін жариялап, онда "он шақты жыл бойы басылымдар Талса қырғыны жайлы сирек жазып, америкалық тарихшылар бұл оқиғаны көп зерттемеген. Мектептерде оқушылар Талса қырғыны жайлы оқымаған" деп жазды.

Кейінгі жылдары АҚШ билігі бұл оқиғаға көңіл бөліп, еске алу шарасын ұйымдастырып жүр.

Кеше және бүгін, 31 мамыр мен 1 маусымда Талса да жұрт қырғын құрбандарын еске алу шарасын өткізді.

Талса қырғынын еске алу шарасы. Ьалса, 31 мамыр 2021 жыл.
Талса қырғынын еске алу шарасы. Ьалса, 31 мамыр 2021 жыл.