Алматыда пышақ жарақатынан 12 жастағы жасөспірім көз жұмды.
Оқиға Түрксіб ауданында болған. Желідегі ақпаратқа сүйенген Tengrinews сайтының жазуынша, ұл балаға 13 жастағы екі жасөспірім 9 жерден пышақ сұққан.
Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, жасөспірімнің өліміне қатысы бар деген күдікпен 13 жастағы қала тұрғыны ұсталған.
Алдын ала ақпаратқа қарағанда, жасөспірімдер төбелесіп, жанжал кезінде пышақ қолданылған. Қазіргі кезде күдіктінің арнайы мекемеге ауыстырылғаны белгілі болды.
Қылмыстық іс қозғалған, тергеу жүріп жатыр. Тергеу нәтижесіне қарай жасөспірімнің ата-анасы да жауапкершілікке тартылуы мүмкін екені айтылды.