Accessibility links

Сербия президенті Путинді қабылдады


Сербия президенті Путинді қабылдады
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:06 0:00

Қаңтардың 17-сі Ресей президенті Владимир Путин Сербияға ресми сапармен барды. Сапар барысында екі ел арасында экономика, инфрақұрылым, көлік және ғылым саласына қатысты 20-дан астам құжатқа қол қойылады деп жоспарланған. Сарапшылардың айтуынша, Сербия елге тасымалданатын Ресей газының көлемін арттыруды көздеп отыр. Бұдан бөлек, Ресеймен Косово мәселесін талқылағысы келеді. Бұған дейін Белград та, Мәскеу де Косовоның қарулы күштер құру туралы идеясын айыптаған. Ал Ресей Батыс санкциясы күшейген шақта аймақта экономикалық ықпалын сақтап қалғысы келеді. Еуроодақтың ұсынысына қарамастан Сербия Ресейге қарсы санкцияға қосылмаған. Сапар барысында Владимир Путин Сербия президенті Александр Вучичті Александр Невский орденімен марапаттаған.

XS
SM
MD
LG