Accessibility links

Бұлғар қаласы


Бұлғар - Еділ Бұлғариясының 10-12-ғасырлардағы астанасы. Қала Еділ өңірінің ірі саяси және мәдени орталығы болған. 10-ғасырда ірі сауда орталығына айналған қала 1399 жылы “Ұлы Бұлғар қаласы” деген атқа ие болды. Бұлғар қаласын 1431 жылы Мәскеу князі Василий Темный басып алған. Қаланың қираған орны - Татарстандағы Еділ өзенінен 6 шақырым жердегі Бұлғар ауылының маңында.
XS
SM
MD
LG