Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

08:19 5.6.2020

Қазақстанда бір күнде 245 адамнан коронавирус табылды. Барлығы 12 312 адам болды

Өткен тәулікте Қазақстанда 245 адамнан коронавирус табылды. Алматы қаласында - 49, Қарағанды облысында - 48, Нұр-Сұлтанда - 35, Батыс Қазақстан облысында 22 жаңа науқас анықталған. Жалпы өсім 2 пайызды құраған. Бұл туралы 5 маусымда таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Елде барлығы 12 312 адамға вирус жұққан:

  • Алматы қаласы – 49 (Барлығы 2790)
  • Нұр-Сұлтан қаласы - 35 (Барлығы 2379)
  • Атырау облысы – 10 (Барлығы 1185)
  • Шымкент қаласы – 15 (Барлығы 924)
  • Қарағанды облысы – 48 (Барлығы 1072)
  • БҚО – 22 (Барлығы 776)
  • Жамбыл облысы – 7 (Барлығы 412)
  • Түркістан облысы – 5 (Барлығы 389)
  • Алматы облысы – 11 (Барлығы 413)
  • Қызылорда облысы – 3 (Барлығы 452)
  • Ақтөбе облысы – 6 (Барлығы 373)
  • Павлодар облысы – 5 (Барлығы 229)
  • Маңғыстау облысы – 11 (Барлығы 319)
  • Ақмола облысы – 5 (Барлығы 172)
  • Қостанай облысы – 4 (Барлығы 195)
  • ШҚО – 9 (Барлығы 168)
  • СҚО – 0 (Барлығы 64)

Бір күнде 366 адам жазылған. Барлығы 6606 адам айыққан. 52 адам қайтыс болған. 4 маусымда түнде денсаулық сақтау министрлігі Қарағанды облысында 62 жасқа шыққан ер адам, Павлодар облысында 63 жасқа шыққан әйел адам, Нұр-Сұлтан қаласында 76 жасқа шыққан әйел адам, Шымкент қаласында 70 жасқа шыққан әйел адам коронавирустан қайтыс болды деп мәлімдеді.​

01:14 5.6.2020

Қазақстанда тағы төрт адам коронавирустан қайтыс болды. Барлығы 60 жастан асқан

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі Қарағанды облысында 62 жасқа шыққан ер адам, Павлодар облысында 63 жасқа шыққан әйел адам, Нұр-Сұлтан қаласында 76 жасқа шыққан әйел адам, Шымкент қаласында 70 жасқа шыққан әйел адам коронавирустан қайтыс болды деп мәлімдеді.

Министрліктің ақпаратынша, өлім-жітімдерді зерттеу жөніндегі комиссия үш марқұмның өлімін коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деген шешім қабылдады.

Қазақстанда, ресми мәліметке сай, коронавирустан 52 адам көз жұмды. Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирус жұқтырған 37 адамды "басқа дерттен қайтыс болды" деп, ресми статистикаға қоспады.
Коронавирустан қайтқан 52 марқұм мына аймақтарда:
  • Алматы қаласы – 10
  • Шымкент қаласы – 10
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 9
  • Қарағанды облысы – 5
  • Павлодар облысы – 5
  • Ақмола облысы – 4
  • Атырау облысы – 2
  • Қостанай облысы – 2
  • Шығыс Қазақстан облысы – 1
  • Жамбыл облысы – 1
  • Батыс Қазақстан облысы – 1
  • Маңғыстау облысы – 1
  • Түркістан облысы – 1
20:50 4.6.2020

Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар көбейіп барады

Қазақстанда карантин шектеулері жеңілдетіліп жатқанда коронавирус құрбандары көбейіп барады. Кейінгі төрт тәулікте он адам қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрі ахуалға байланысты арнайы мәлімдеме жасады. Тұрғындар "билік ақпаратты жасырады" дейді.

Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар көбейіп барады
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:35 0:00

20:49 4.6.2020

Демалысқа барғыңыз келе ме? Коронавирус тестін тапсырыңыз

Қазақстан екі жарым ай карантинде шығынға батқан саланың бірі – туризм. Ел ішінде саяхат ұйымдастыратын компания жетекшісі туроператорлар жұмысы тоқырағанын айтады. Ал Шығыс Қазақстанда курорт аумағына демалысқа бару үшін коронавирус тестін тапсыру қажет.​

Демалысқа барғыңыз келе ме? Коронавирус тестін тапсырыңыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:37 0:00

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG