Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

08:25 22.2.2021

Қазақстанда тағы 699 адамға коронавирус жұққаны тестпен расталды

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде тағы 699 адамның коронавирус тесті оң шыққан. 21 ақпанда Алматыда ғана жүзден астам науқас тіркелген. Аймақтағы коронавирус ахуалы төмендегідей:

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 24 476 (+ 72 науқас өткен тәулікте тіркелген)
  • Алматы қаласында – 24359 (+101)
  • Шығыс Қазақстан облысында – 21610 (+52)
  • Атырау облысында – 16939 (+24)
  • Павлодар облысында – 17035 (+96)
  • Қарағанды облысында – 15098 (+40)
  • Ақмола облысында – 13177 (+73)
  • Батыс Қазақстан облысында – 12577 (+39)
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 12098 (+38)
  • Қостанай облысында – 11918 (+67)
  • Алматы облысында – 10476 (+37)
  • Шымкент қаласында – 6072 (+13)
  • Жамбыл облысында – 5855 (+16)
  • Түркістан облысында – 4247 (+3)
  • Маңғыстау облысында – 4202 (+3)
  • Ақтөбе облысында – 4191 (+13)
  • Қызылорда облысында – 3787 (+12).
17:04 21.2.2021

22 ақпан күні бас санитар мен денсаулық вице-министріне "Спутник" екпесінің екінші дозасы салынады

"Спутник V" вакцинасын салдырып жатқан ер кісі. Көрнекі сурет.
"Спутник V" вакцинасын салдырып жатқан ер кісі. Көрнекі сурет.


22 ақпан күні Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Нұр-Сұлтан қаласындағы №6 қалалық емханада ресейлік "Спутник V" вакцинасының екінші дозасын салдырады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұқаралық ақпарат құралдарына іс-шарадан хабарадан таратуға шектеу қойылады. Тек Хабар24 арнасына ғана рұқсат беріледі. Арна сағат 9:00 уақытында тікелей эфирге шығады.

Коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын Қиясов пен Ғиният 1 ақпан күні салдырған. Сол күні Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакциналау басталған.

Денсаулық сақтау министрлігі жыл аяғына дейін 6 миллион адамға екпе салуды жоспарлап отыр. Бірінші кезекте аурухана қызметкерлері, екінші кезекте жалпы білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындары, медицина мекемелері қамтылады. Оларға екпе наурыз айынан салына бастайды. Сәуір айынан мектеп-интернат, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, созылмалы ауруы бар студенттердің кезегі басталады.

  • 2 ақпан күні беделді медициналық журнал The Lancet "Спутник" сынағының қорытындысын жариялап, вакцинаның тиімділігі 92 пайыз деді.
  • Үкімет "Спутник V" вакцинасын Қазақстанда өндіру үшін Қарағанды фармацевтика кешеніне 15 миллиард 175 теңге бөлді. Денсаулық сақтау министрі бастапқыда вакцинаның екі дозасын 26 долларға сатып алатынын, өндіріс ұлғайғанда баға төмендеуі мүмкін екенін айтты.
  • 15 ақпан күні Қазақстан "Спутник V" екпесінің Қарағандыда өндірілетін нұсқасын мақұлдады.
  • Қарағанды фармацевтика кешені иелерінің бірі – Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құдасы Қайрат Боранбаев.
  • Қазақстан отандық вакцинасын да әзірлеп жатыр. Желтоқсанда Qazcovid-IN вакцинасы сынақтың үшінші кезеңінен өте басталғаны мәлімделген.
  • Желтоқсан айында Қазақстанда отандық Qazcovid-IN вакцинасы сынақтың үшінші кезеңінен өте бастағаны хабарланды. Денсаулық сақтау министрлігі вакцина тиімділігі 96 пайызға жетті деп мәлімдеген. 10 ақпанда денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят оған 31 млрд теңге жұмсалады, 15,6 млн адамға екпе салынады деп айтқан.
12:14 21.2.2021

Қазақстанда коронавируспен 804 науқас, 6 өлім тіркелді

Covid науқасын емдеп жатқан дәрігер. Көрнекі сурет.
Covid науқасын емдеп жатқан дәрігер. Көрнекі сурет.

21 ақпан күні Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі коронавируспен тағы 804 науқас, 6 өлім тіркелгенін хабарлады. Жаңа тіркелген 38 науқасқа ауру белгілері бойынша коронавирус пневмониясы қойылған, олардың вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталмаған. Алты өлімнің екеуі осы санаттағы науқастар қатарынан.

Қазақстан былтыр тамыздан бері коронавирус науқастарының екі статистикасын жүргізіп келеді. Бірі – вирус жұққаны ПТР тестімен расталған науқастар дерегі, бірі – ПТР тестімен расталмаған (КВИ+), диагнозы ауру белгілері бойынша қойылған коронавирус пневмониясы дерегі (КВИ-). Кейінгі күндері белгілі болғандай, КВИ+ дерегі бір күннен кейін, КВИ- дерегі екі күннен кейін жарияланады.

Жаңа тіркелген 804 науқастың 766-сы КВИ+ санатына жатқызылған және олардың дерегі 20 ақпан күні нақтыланған. КВИ- санатындағы 38 науқастың дерегі одан бір күн бұрын, яғни 19 ақпан күні анықталған.

Күнделік жарияланып келген коронавирус пневмониясы дерегінің кешегі күндікі емес, алдыңғы күндікі екені ақпанның басында белгілі болды. Денсаулық сақтау министрлігі күн сайын таңертең коронавирус дерегі бойынша инфографика жариялайды. Онда КВИ+ және КВИ- деректері қатар көрсетіледі. Екеуі бірдей күннің ақпараты деп жазылды.

2 ақпан күні Денсаулық сақтау министрлігі КВИ- санатындағы науқастардың аймақтық дерегін жариялай бастап, деректің 31 қаңтар күнге тиесілі екені көрсетілді.

КВИ+ санаты бойынша барлығы 207 418 науқас тіркелген. Оның 2694-і қайтыс болған. Бұл статистикаға коронавирус жұқтырғаны расталған, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адам кірмей қалған. 191 097 адам жазылып шыққан, 13 627 адам емделіп жатыр.

КВИ- санаты бойынша тіркелген науқастар саны 48 970-ке жетті. Оның 610-ы қайтыс болған. 40 570 адам жазылып шыққан, 7790 адам емделіп келеді.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 237 науқастың жағдайы ауыр, 54 науқастың жағдайы өте ауыр, 45 науқас өкпені желдету аппаратына қосылған.

10:40 20.2.2021

Қазақстанда коронавирустан тағы 10 адам көз жұмды

Алматы көшесінде Covid-19 инфекциясынан қорғануға үндейтін жарнаманың қасынан өтіп бара жатқан адам. Көрнекі сурет.
Алматы көшесінде Covid-19 инфекциясынан қорғануға үндейтін жарнаманың қасынан өтіп бара жатқан адам. Көрнекі сурет.

Қазақстанда коронавирус салдарынан тағы 10 адам қайтыс болған. Оның жетеуі Covid-19 вирусын жұқтырғаны (КВИ+) анықталған, ал үшеуіне ПТР тестімен расталмаған (КВИ-) коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. Бұл туралы 10 ақпан күні денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

20 ақпандағы эпидемия ахуалын бағалау матрицасына сәйкес, елде "қызыл" (қауіпті) аймақта тұрған өңір жоқ. "Сары" аймақта Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бар. Қалғаны – "жасыл" аймақта.

Ресми ақпаратта бір күнде коронавируспен 872 науқас тіркелгені, оның 45-іне ПТР тестімен расталмаған коронавирус пневмониясы диагнозы қойылғаны айтылған.

Қазақстан коронавирус науқастарының статистикасын екі бөлек жүргізіп келеді. Қазіргі мәлімет бойынша, елде 21340 науқас емделіп жатыр (13352 –КВИ+, 7988 – КВИ-).

Қазақстанда Covid-19 індеті келгелі вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған науқастар арасында қайтыс болғандар саны 2690 адамға жетіп отыр. Билік бұл статистикаға Covid-19 инфекциясын жұқтырғаны расталған, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адамды кіргізбеген.

Елде барлығы 206 652 адамның Covid жұқтырғаны расталған. Ал ресми статистикасы былтыр тамыздан бері жүргізіліп келе жатқан КВИ- жұқтырғандар саны 48 932 адамға жетті, оның 608-і қайтыс болған.

Жергілікті сарапшылар Қазақстанда коронавирус статистикасы азайтылып көрсетіледі дейді. Былтыр маусым, шілде айларында ПТР тесті теріс нәтиже көрсеткен, бірақ ауру белгілері коронавирусқа ұқсайтын пневмонияға шалдыққандар күрт көбейген.

Қазақстанда Covid-19 індеті тараған 2020 жылы қайтыс болғандар туралы дерек
Қазақстанда Covid-19 індеті тараған 2020 жылы қайтыс болғандар туралы дерек

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG