Accessibility links

Душанбе бес жасар қызды өлтірушіні қатаң жазалауды талап етті

Бес жасында кісі қолынан қаза тапқан тәжік қызы Хувайдо Тиллозода.
Бес жасында кісі қолынан қаза тапқан тәжік қызы Хувайдо Тиллозода.

Ресейдің Серпухов қаласында бес жасар тәжік қызы Хувайдо Тиллозоданы қатыгездікпен өлтіру оқиғасы Тәжікстанда наразылық туғызды. Тәжік билігі Ресейді қылмысты толық тексеріп, кісі өлтірушіні қатаң жазалауға шақырды.

Шілденің 25-і күні таңсәріде бес жасар Хувайдо Тиллозоданың сүйегін Ресейден Тәжікстанға ұшақпен жеткізді. Мәскеу облысындағы Серпухов қаласында кісі қолынан мерт болған баланың ата-анасы, Тәжікстанның еңбек, миграция және жұмыспен қамту министрлігінің өкілдері де осы ұшақпен келді деп хабарлайды Азаттықтың Тәжік қызметі. Хувайдоны сәрсенбі күні Куляб қаласындағы зиратқа қояды.

Өткен жексенбі күні Серпухов қаласындағы үйінің ауласынан жоғалып кеткен кішкентай қыз дүйсенбі күні таңертең өлі табылған. Сот-медициналық сараптамасы қылмыскердің баланы зорлап, кейін пышақтап өлтіргенін анықтаған.

Хувайдо Тиллозода. Отбасы мұрағатындағы сурет.
Хувайдо Тиллозода. Отбасы мұрағатындағы сурет.

Тәжікстан сыртқы істер министрлігі Серпухов қаласында кісі қолынан мерт болған кішкентай тәжік қызының өліміне байланысты Ресей сыртқы істер министрлігіне нота жіберді. Онда Душанбе Ресей билігін "баланы айуандықпен өлтіру қылмысын мұқият тергеп, жауыздыққа барған қылмыскерді қатаң жазалауға" шақырған.

"Тәжікстан Республикасы мен Ресей Федерациясының дипломатиялық және консулдық мекемелері қылмыс толық тергеліп, үкім шыққанға дейін Ресейдің тиісті органдарымен үнемі байланыста болады", - делінген мәлімдемеде.

Бес жасар тәжік қызы Хувайдо Тиллозода шілденің 23-і күні таңертең Мәскеу облысындағы Серпухов қаласының теміржол станциясына жақын жерден өлі табылған. Хувайдоның әкесі Абдусалом Саидов Азаттық радиосына қызына сот-медицина сараптамасы жасалғанын айтты.

Абдусалом Саидов душанбе әуежайында. Тәжікстан, 25 шілде 2018 жыл.
Абдусалом Саидов душанбе әуежайында. Тәжікстан, 25 шілде 2018 жыл.

​Абдусалом Саидовтың айтуынша, Хувайдоны өлтіру ісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. "Тергеушілер әйелім екеумізден бірнеше рет жауап алды", - дейді қыздың әкесі.

Ресейлік басылымдардың хабарлауынша, бес жасар Хувайдо Тиллозода шілденің 22-сі күні отбасы тұратын үйдің ауласында ойнап жүргенде жоғалып кеткен. Баланы бірнеше сағат іздеп, төңіректің бәрін шарлап шыққанмен таба алмаған. Тек дүйсенбі күні зауыттың теміржол тармағы өтетін тұсында тастап кеткен спорт сөмкесінің ішінен кісі қолынан өлген қыздың денесі табылған. Сот-медициналық сараптама көрсеткендей, қызды әуелі зорлап, кейін пышақтап өлтірген.

Ресей тергеу комитетінің Мәскеу облысы бойынша басқармасы бұл қылмысқа күдікті ретінде 28 жастағы жергілікті тұрғын Александр Семиннің ұсталғаны туралы хабарлады.

Тергеушілер оның пәтерінен қыздың аяқ киімі мен саусақ іздерін тапқан. Бір болжам бойынша, аулада ойнап жүрген қызды күдікті ойыншықпен алдап шақыруы мүмкін.

Тағы бір долбар бойынша, дүкенге асыққан әжесі қызды қараусыз қалдырған. Әкесінің айтуынша, өзі дүкенге кеткенде, ал әйелі кіші қызын қарауға айналғанда әлдекім Хувайдоны ұрлап әкеткен.

"Кешкі сағат бестің шамасы болатын. 5-10 минуттың ішінде ұрлап кетті... Денесін таңғы сағат төртте тапты", - деді Азаттыққа Абдусалом Саидов.

Кісі қолынан мерт болған Хувайдо Тиллозода туралы фотогалерея:

Душанбеге Ресейде өлтірілген бес жасар тәжік қызының сүйегін жеткізді

Ресейдің Серпухов қаласында шілденің 22-і күні үйінің маңынан жоғалып кеткен бес жасар тәжік қызы Хувайдо Тиллозода келесі күні зауыт теміржолы маңынан өлі табылған. Мәйітке жүргізілген сот-медициналық сараптамасы қылмыскердің баланы зорлап, кейін пышақтап өлтіргенін анықтаған.
1/7 Ресейдің Серпухов қаласында шілденің 22-і күні үйінің маңынан жоғалып кеткен бес жасар тәжік қызы Хувайдо Тиллозода келесі күні зауыт теміржолы маңынан өлі табылған. Мәйітке жүргізілген сот-медициналық сараптамасы қылмыскердің баланы зорлап, кейін пышақтап өлтіргенін анықтаған.
Ресейдің Серпухов қаласында қатыгездікпен өлтірілген бес жасар Хувайдо Тиллозоданың сүйегін шілденің 25-і күні таңертең Мәскеуден Душанбеге ұшақпен жеткізді. Өткен жексенбіде Серпуховтағы үйінің ауласынан жоғалып кеткен кішкентай қыз дүйсенбіде өлі табылған. Сот-медициналық сараптамасы қылмыскердің баланы зорлап, кейін пышақтап өлтіргенін анықтаған.
Ресей тергеу комитетінің Мәскеу облысы бойынша басқармасы қылмысқа күдікті ретінде 28 жастағы жергілікті тұрғын жігіт ұсталғаны туралы хабарлады. Тергеушілер күдіктінің пәтерінен қыздың аяқ киімі мен саусақ іздерін тапқан.<br />
2/7 Ресей тергеу комитетінің Мәскеу облысы бойынша басқармасы қылмысқа күдікті ретінде 28 жастағы жергілікті тұрғын жігіт ұсталғаны туралы хабарлады. Тергеушілер күдіктінің пәтерінен қыздың аяқ киімі мен саусақ іздерін тапқан.
Ресейдің Серпухов қаласында қатыгездікпен өлтірілген бес жасар Хувайдо Тиллозоданың сүйегін шілденің 25-і күні таңертең Мәскеуден Душанбеге ұшақпен жеткізді. Өткен жексенбіде Серпуховтағы үйінің ауласынан жоғалып кеткен кішкентай қыз дүйсенбіде өлі табылған. Сот-медициналық сараптамасы қылмыскердің баланы зорлап, кейін пышақтап өлтіргенін анықтаған.
Қыздың әкесі ​Абдусалом Саидовтың айтуынша, тергеушілер әйелі екеуінен бірнеше рет жауап алған.
3/7 Қыздың әкесі ​Абдусалом Саидовтың айтуынша, тергеушілер әйелі екеуінен бірнеше рет жауап алған.
Ресейдің Серпухов қаласында қатыгездікпен өлтірілген бес жасар Хувайдо Тиллозоданың сүйегін шілденің 25-і күні таңертең Мәскеуден Душанбеге ұшақпен жеткізді. Өткен жексенбіде Серпуховтағы үйінің ауласынан жоғалып кеткен кішкентай қыз дүйсенбіде өлі табылған. Сот-медициналық сараптамасы қылмыскердің баланы зорлап, кейін пышақтап өлтіргенін анықтаған.
Шілденің 25-і күні таңертең баланың сүйегін Душанбеге ұшақпен жеткізді.
4/7 Шілденің 25-і күні таңертең баланың сүйегін Душанбеге ұшақпен жеткізді.
Ресейдің Серпухов қаласында қатыгездікпен өлтірілген бес жасар Хувайдо Тиллозоданың сүйегін шілденің 25-і күні таңертең Мәскеуден Душанбеге ұшақпен жеткізді. Өткен жексенбіде Серпуховтағы үйінің ауласынан жоғалып кеткен кішкентай қыз дүйсенбіде өлі табылған. Сот-медициналық сараптамасы қылмыскердің баланы зорлап, кейін пышақтап өлтіргенін анықтаған.
Туыстары Хувайдо Тиллозоданы атамекеніне - Тәжікстанның Куляб қаласындағы зиратқа жерледі.
5/7 Туыстары Хувайдо Тиллозоданы атамекеніне - Тәжікстанның Куляб қаласындағы зиратқа жерледі.
Ресейдің Серпухов қаласында қатыгездікпен өлтірілген бес жасар Хувайдо Тиллозоданың сүйегін шілденің 25-і күні таңертең Мәскеуден Душанбеге ұшақпен жеткізді. Өткен жексенбіде Серпуховтағы үйінің ауласынан жоғалып кеткен кішкентай қыз дүйсенбіде өлі табылған. Сот-медициналық сараптамасы қылмыскердің баланы зорлап, кейін пышақтап өлтіргенін анықтаған.
Бірнеше жылдан бері отбасымен Ресейдің Мәскеу облысындағы Серпухов қаласында тұратын&nbsp;Абдусалом Саидов бір аптадан соң Ресейге оралып, қызын өлтірген адамға ең қатаң жазаға тарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысатынын айтады.
6/7 Бірнеше жылдан бері отбасымен Ресейдің Мәскеу облысындағы Серпухов қаласында тұратын Абдусалом Саидов бір аптадан соң Ресейге оралып, қызын өлтірген адамға ең қатаң жазаға тарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысатынын айтады.
Ресейдің Серпухов қаласында қатыгездікпен өлтірілген бес жасар Хувайдо Тиллозоданың сүйегін шілденің 25-і күні таңертең Мәскеуден Душанбеге ұшақпен жеткізді. Өткен жексенбіде Серпуховтағы үйінің ауласынан жоғалып кеткен кішкентай қыз дүйсенбіде өлі табылған. Сот-медициналық сараптамасы қылмыскердің баланы зорлап, кейін пышақтап өлтіргенін анықтаған.
Тәжікстан сыртқы істер министрлігі Хувайдо Тиллозоданың қазасына байланысты нота жолдап, Ресей билігін &quot;баланы айуандықпен өлтіру қылмысын мұқият тергеп, жауыздыққа барған қылмыскерді қатаң жазалауға&quot; шақырған. Душанбе &quot;қылмыс толық тергеліп, үкім шыққанға дейін Ресейдің тиісті органдарымен үнемі байланыста болатынын&quot; мәлімдеген.
7/7 Тәжікстан сыртқы істер министрлігі Хувайдо Тиллозоданың қазасына байланысты нота жолдап, Ресей билігін "баланы айуандықпен өлтіру қылмысын мұқият тергеп, жауыздыққа барған қылмыскерді қатаң жазалауға" шақырған. Душанбе "қылмыс толық тергеліп, үкім шыққанға дейін Ресейдің тиісті органдарымен үнемі байланыста болатынын" мәлімдеген.
Ресейдің Серпухов қаласында қатыгездікпен өлтірілген бес жасар Хувайдо Тиллозоданың сүйегін шілденің 25-і күні таңертең Мәскеуден Душанбеге ұшақпен жеткізді. Өткен жексенбіде Серпуховтағы үйінің ауласынан жоғалып кеткен кішкентай қыз дүйсенбіде өлі табылған. Сот-медициналық сараптамасы қылмыскердің баланы зорлап, кейін пышақтап өлтіргенін анықтаған.
Previous slide
Next slide

Тәжікстанның Куляб қаласының тумасы Абдусалом Саидов бірнеше жылдан бері отбасымен Ресейдің Серпухов қаласында тұрады. Шілденің 24-і күні Тәжікстанның Ресейдегі елшілігі Хувайдо Тиллозоданың сүйегін атамекеніне жеткізу үшін қажетті құжаттарды толтырып, рәсімдегенін хабарлады. "Қыз бала жоғалып кеткен сәттен бастап елшілік оқиғаны назарда ұстады. Елшіліктің екі қызметкері Хувайдоның ата-анасының жанында бірге болып, қажетті көмектер көрсетті", - деп хабарлады Тәжікстанның Мәскеудегі дипломатиялық өкілдігі.

Қыршынынан қиылған қыздың әкесі Абдусалом Саидов бір аптадан соң Ресейге оралып, қызын өлтірген адамға ең қатаң жазаға тарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысатынын айтты.

Айдар
XS
SM
MD
LG