Accessibility links

Иран құқық қорғаушысы Насрин Сотудеге 148 дүре және 38 жыл түрме жазасын кесті


Иран құқық қорғаушысы Насрин Сотудеге 148 дүре және 38 жыл түрме жазасын кесті
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:05 0:00

Иран соты түрмеде отырған құқық қорғаушы әрі адвокат Насрин Сотуде ханымға бірнеше жаңа айып бойынша бұрынғы жаза мерзіміне тағы он жыл қосып, 148 дүре соғуға үкім етті. Құқық қорғаушылар Сотудеге жалпы мерзімі 38 жыл түрме жазасы тағайындалғанын айтады. Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы, БҰҰ және АҚШ Иран билігінің Насрин Сотудеге шығарған үкімін айыптады. Иранда көпшілік орындарға хиджабсыз шыққаны үшін жауапқа тартылған әйелдерді қорғаған Насрин Сотудені билік 2018 жылы маусымда қамаған. 2019 жылы ақпанда Сотудеге "жүйеге қарсы шыққаны" үшін 5 жыл және Иранның жоғары басшысы аятолла Әли Хаменеиді "қорлағаны" үшін 2 жыл түрме жазасын кесті. 2009 жылы билікке қарсы толқулардан соң жауапқа тартылған оппозиционерлерді қорғаған заңгер Насрин Сотуде 2010 жылы "ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтірді" деген және тағы басқа айыптар бойынша сотталып, үш жыл түрмеде отырды. 2012 жылы абақтыдағы Насрин Сотудеге адам құқығын қорғау ісіндегі еңбегі үшін Сахаров атындағы халықаралық сыйлық берілген. ("Настоящее время" видеосы – орысша.)

XS
SM
MD
LG