Пандемияда кімнен айырылдық?

Әлемді жайлаған коронавирус індеті Қазақстанда да көптеген адамның өмірін алды. Мамырдан бері COVID-19 және пневмония дертінен көз жұмған қазақстандықтардың тізімін жасадық. Бұл тізімді біз марқұмдардың жақындары ұсынған ақпараттары негізінде дайындадық.

Індеттен көз жұмған жақыныңыз я танысыңыз болса, бізге жолдарсыз. Марқұмдар ел есінде мәңгі қалуы тиіс.

Кейінгі жаңартылған уақыты: 16 қыркүйек 2020 жыл

Тізімдегі марқұмдар саны: 231


А

Агиба Хамитова

Агиба Хамитова

63 жаста · Екі жақты пневмония

БҚО Теректі ауданы Новопавловка ауылында тұрған. Жақындарының сөзінше, екі жақты пневмониядан қайтыс болды. Марқұмның бес баласы қалды. Қызы "ауруханада тиісті көмек алмағанын" айтады.

Ағзипа Тәжденова

Ағзипа Тәжденова

Дәрігер · 58 жаста · Пневмония

Өмірден өткен соң бірінші дәрежелі “Барыс” орденімен марапатталды. Қызының жазғаны: Демалысы толық аяқталмай тұрып жұмысқа шығып кетті. Жұмыс деп соңғы кездері отбасына да жеткілікті көңіл бөлмей кетіп еді. Анашым ақылшым еді. Бәріне ақылын айтып отыратын, ұрысқа жақын адам емес еді, жұмысына адал еді. Бұрымы мен көк көзіне бәрінің көзі түсетін. Артында күйеуі, үш қызы мен немерелері қалды. Немерелерінің қызығын көретін шақты дүниеден озды. Немерелері апасын сағынып жүр. Суретін көрсе сүйіп алады. Өте еңбекқор кісі еді. Жаның жаннатта болсын, анашым.

Азамат Тиынов

Азамат Тиынов

Алматы облысы Сарқан ауданының ТЖБ бастығы болған. · 45 жаста · Пневмония

Жақындарының жазғаны: Асыл жар, төрт баланың ардақты әкесі еді, халқына адал қызмет еткен. Асқар тауымыз Азамат, Алла алдыңнан жарылқап, жаның жаннатта болсын, жарқын бейнең мәңгі есімізде...

Азизбек Мазанов

Азизбек Мазанов

62 жаста · Пневмония

Павлодар қаласы авиация қауіпсіздігі қызметінде жұмыс істеген.

Айгерім Мұқашева

Айгерім Мұқашева

Медқызметкер · 49 жаста · Коронавирус

Екібастұз қаласындағы №3 емхананың кіші медициналық қызметкері. Өмірден өткен соң үшінші дәрежелі “Құрмет” орденімен марапатталды.

Айдар Мұқатаев

Айдар Мұқатаев

Жамбыл облысы Шу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері · 55 жаста · Коронавирус

Өмірден өткен соң екінші дәрежелі “Барыс” орденімен марапатталды.

Айдархан Ахметов

60 жаста · Пневмония

Шымкент қаласының тумасы.

Айнұр Зикирия

Айнұр Зикирия

Медбике · 27 жаста · Коронавирус

Қызылорда облыстық көпбейінді балалар ауруханасының медбикесі. Өмірден өткен соң үшінші дәрежелі “Құрмет” орденімен марапатталды

Ақылбек Теміров

Ақылбек Теміров

Жаңаөзендегі бокс мектебінің жаттықтырушысы · Коронавирус
Ақырыс Төлеш

Ақырыс Төлеш

70 жаста · Пневмония
Александр Акашев

Александр Акашев

39 жаста · Коронавирус

Отбасы әкесі мен баласы Геннадий және Александр Акашевтердің қаза тапқаны туралы дерек жіберді.

Алмагүл Демесінова

Алмагүл Демесінова

Атырау облыстық жедел жәрдем станциясының фельдшері · 48 жаста · Коронавирус

Өмірден өткен соң үшінші дәрежелі “Барыс” орденімен марапатталды.

Алтай Түлетпеков

Алтай Түлетпеков

66 жаста · Екі жақты пневмония

Шымкент қаласының тумасы.

Алтон Ипанова

Алтон Ипанова

91 жаста · Пневмония, қан қысымы

Немересінің жазғаны: Әжеміз отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы болатын. Көзі тірі кезігде ағайын- туыстың бірлігін, татулығын сақтап тұрған сыйлы ана, қайратты әже бұл дерт болмағанда 100 жасайтын еді! Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын! Әжеміздің жасын берсін!

Алтын Сарсембаева

Алтын Сарсембаева

59 жаста · Пневмония

Қарағанды облысы Балқаш қаласының тұрғыны

Аманкүл Ағабаева

Аманкүл Ағабаева

Медбике · 51 жаста · Екі жақты пневмония

Аманкүл Ағабаеваның қызы Айжан Ергешова анасына деп өздері сатып әкеліп берген оттегі баллонын аурухана қызметкерлерінің басқа науқасқа қосқанын көргенін айтып, Facebook желісінде пост жазған. Кейін осы шудан соң аурухананың бас дәрігері қызметтен кеткені белгілі болды.

Аманкүл Тілеубаева

Аманкүл Тілеубаева

77 жаста · Пневмония

Қызылорда қаласында қайтыс болды.

Ардан Маратхан

Ардан Маратхан

Әскери дәрігер болған · 43 жаста · Пневмония
Асанбек Құсайбаев

Асанбек Құсайбаев

58 жаста · Екі жақты пневмония

Марқұм Шымкентте теміржол саласында жұмыс істеген.

Асқар Досбаев

Асқар Досбаев

Медицина ғылымдарының докторы · 63 жаста · Пневмония

Оспанов атындағы БҚММУ фтизиатрия және дерматовенерология кафедрасының профессоры болған. Жарының жазғаны: Қамқор әке, сенімді әрі әділ дос, жақсы әріптес еді. Өмірін медицинаға арнап, талай адамды құтқарды.

Асқар Есмағамбетов

Асқар Есмағамбетов

44 жаста · Пневмония

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық ауруханасының бас дәрігері

Асқар Майкупов

Асқар Майкупов

71 жаста · Пневмония

Марқұм Ақтөбе облысы Шалқар ауданында тұрған. Туыстары "медициналық көмек дер кезінде көрсетілмегенін" айтады. Артында жұбайы, 2 баласы және немерелері қалды. Балалары "әкеміз мағыналы өмірімен қоса шуақты шаңырақтың алтын діңгегі болатын. Өмірде адамгершілігімен айналасына азаматтық іс-әрекетімен қадірлі болған, кісілік пен кішілік нұры тұла бойынан төгіліп тұрған ардақты адам еді, мақтанышымыз еді" деп жазады.

Аханбек Байтөреев

Аханбек Байтөреев

71 жаста · Коронавирус, пневмония, жүрек талмасы

Туыстарының жазғаны: Ешқашан ұмытпаймыз. Құрметпен, жары Сағадат, балалары Раушан, Мұрат және Мұхтар.

Ахат Баймағамбетов

Ахат Баймағамбетов

29 жаста · Пневмония, жүрек талмасы

Ә

Әбдіғапар Сманов

Әбдіғапар Сманов

Дін қайраткері · 50 жаста · Пневмония
Әбдімүтәліп Дүйсенбин

Әбдімүтәліп Дүйсенбин

67 жаста · Екі жақты пневмония, коронавирус табылған
Әлжан Ізбасаров

Әлжан Ізбасаров

65 жаста · Екі жақты пневмония
Әлібек Наурызбаев

Әлібек Наурызбаев

Баспагер болған · 55 жаста · Пневмония

Жақындарының жазғаны: Жағдайы күрт нашарлап Алматыдағы #1 ауруханаға жатқызған едік. Сол жақта марқұм болды...

Әлімкелді Сейсенбек

Әлімкелді Сейсенбек

23 жаста · Пневмония

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін филология мамандығы бойынша тәмамдаған еді.

Әмір Шалданбаев

Әмір Шалданбаев

Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор · 69 жаста · Коронавирус

Баласының жазғаны: Әкеміз Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы болды. Конституцияға сай, мемлекет өз азаматтарын қорғау тиіс қой. Бірақ бізге көмек керек кезде ештеңе ала алмадық. Ауруханада қабылдамады, тыныс алу аппараты, дәрі жоқ провизорлық орталыққа жіберді. Дәріні де, кислород баллонын да өзіміз тасыдық. Әкеміз алтын адам еді, ғалым, сүйікті әке және сүйікті жар еді. Қте мейірімді, адамдардан тек жақсылықты көретін. Құдай оған ұзақ өмір бермеді, бәлкім оған да жақсы адам керек шығар. Әке, біз сізді өте қатты жақсы көреміз. Сіз сияқты әкеміз болғанына мақтанамыз. Әрқашан жүрегіміздесіз. Жаның жәннатта болсын!

Әнуарбек Жансейтов

Әнуарбек Жансейтов

46 жаста · Пневмония
Әсел Әлімжанова

Әсел Әлімжанова

29 жаста · Коронавирус, пневмония

Күйеуінің сөзінше, босанып, баласын өмірге аман-есен әкелген соң жағдайы күрт төмендеп кеткен. Талдықорған қаласында Алматы облыстық ауруханада реанимацияда, жасанды тыныс алу аппаратында 18 күн жатып, қайтыс болған.

Әсия Сатаева

Әсия Сатаева

Дәрігер · 55 жаста · Өкпе қан тамырының бітелуі, пневмония

Ақтөбе облысы Ойыл ауданының орталығында туған. Ембі аудандық ауруханасының жалпы тәжірибе дәрігері болып істеген. 24 маусымда үш күн ауырып қайтыс болды.

Б

Базарбай Нұржігітов

Базарбай Нұржігітов

72 жаста · Пневмония

Баласының жазғаны: Атырау облысында қайтыс болды. Əкем өте ақкөңіл, көркем мінезді жан еді. Өзі балажан. Ортаның адамы. Əкемнің орны ойсырап тұр. Тірегіміз,панамыз едіғой. Əкемді қатты сағындым. Дəрігерлер тарапынан дер кезінде көмек көрсетілгенде əкемнен айырылмас едім. Əкелік жылуын аямаған жан əкем-ау. Жаныңыз жəннатта болсын.

Базаркул Спанова

Базаркул Спанова

56 жаста · Пневмония

Жақынының жазғаны: Артында төрт баласы қалды. Өте адал, мейірімді жан еді…

Бақберген Айжігітов

Бақберген Айжігітов

Санитарлық эпидемиологиялық сала маманы · 57 жаста · Коронавирус

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы. Өмірден өткен соң үшінші дәрежелі “Парасат” орденімен марапатталды

Бақыбай Дәулетәлиев

Бақыбай Дәулетәлиев

80 жаста · Пневмония

Атырау Қызылқоға Миялы ауылынан.

Бақытбек Сегізбаев

Бақытбек Сегізбаев

60 жаста · Пневмония
Бақытгүл Мұқанова

Бақытгүл Мұқанова

64 жаста · Пневмония
Бақытжан Торбаев

Бақытжан Торбаев

Қостанай облысы, Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары. · 43 жаста · Коронавирус
Батырбек Қойшыбаев

Батырбек Қойшыбаев

77 жаста · Екі жақты пневмония

Алматы облысында қайтыс болды.

Бауыржан Бураев

Бауыржан Бураев

Дәрігер · 64 жаста · Пневмония

Марқұм Түркістан қаласында пульмонолог дәрігер болған.

Бауыржан Күрекбаев

Бауыржан Күрекбаев

Дәрігер · 60 жаста · Коронавирус

Шымкенттегі қалалық диагностикалық орталығының дәрігері. Өмірден өткен соң үшінші дәрежелі “Құрмет” орденімен марапатталды.

Бахтыгерей Казиев

Бахтыгерей Казиев

72 жаста · Екі жақты пневмония
Бекжан Буланов

Бекжан Буланов

Семей мемлекеттік университеті госпиталінің жүрек хирургиясы бөлімінің жетекшісі · 45 жаста · Коронавирус

Өмірден өткен соң бірінші дәрежелі “Барыс” орденімен марапатталды.

Берік Ермағанбетов

Берік Ермағанбетов

Бокс жаттықтырушы, Ұлттық деңгейдегі судья. · Коронавирус
Берік Исмаилов

Берік Исмаилов

Дизайнер · 51 жаста · Пневмония

Белгілі дизайнер. Алматы қаласында тұрған. Көктемде елде коронавирусқа байланысты төтенше жағдай енгізілгенде әріптестерімен бірге жұртқа маска тіккен.

Бибіғайша Арзығұлова

Бибіғайша Арзығұлова

64 жаста

Бибиғайша Арзықұлова мен 38 жастағы баласы Мереке Арзықұлов пневмониядан қайтыс болды. "24 маусымда Ақтөбе қаласындағы медициналық орталықтық провизорлық бөлімшесіне пневмониямен ауырып емделуге жатып, 5 шілдеде жансақтау бөлімінде комаға түсіп, қайтыс болды. Өзінің ақжарқын мінезімен, ақкөңілділігімен, кішіпейілділігімен, қайырымдылығымен, жеңіл әзіл-қалжыңымен айналасындағы адамдармен тез тіл табысып, жүрген ортасында қадірлі де, сыйлы болатын. Сұм ажал ортамыздан ертерек, ойламаған жерден алып кетті. Аяулы жарымның, келініндерім мен баламның анасының, немерелерімнің әжесінің жарқын бейнесі мәңгілік ұмытылмайды. Бір өкініштісі, өзінен 8 күн бұрын ғана осы ауруханаханада қайтыс болған тұла бойы тұңғышы Мерекенің де дүниеден өткенін естірте алмай қалдық" деп жазады күйеуі.

Болат Серікбаев

Болат Серікбаев

59 жаста · Пневмония

Туыстарының сөзінше, көктемде карантин кезінде Қытайға қатынаған ұшаққа командир болған ұшқыш. Вирус тараған Ухань қаласынан қазақстандық студенттерді эвакуациялаған ұшақ рөлінде болған. Жұбайы "денсаулығын жұмыста жүріп нашарлатып алды" дейді.

Болатбек Айсауытов

Болатбек Айсауытов

Дәрігер · 53 жаста · Коронавирус

Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығының дәрігері. Өмірден өткен соң үшінші дәрежелі “Құрмет” орденімен марапатталды.

Ботакөз Қалиева

Ботакөз Қалиева

67 жаста · Коронавирус
Бөрібай Ержанов

Бөрібай Ержанов

69 жаста · Пневмония, жүрек талмасы

Бүркітбай Әнзалұлы

49 жаста · Пневмония

В

Вадим Бозжанов

Вадим Бозжанов

63 жаста · Пневмония
Василий Шмыголь

Василий Шмыголь

60 жаста · Пневмония

Жақындарының жазғаны: Туыстары мен жақындары үшін орны толмас қайғы. Қамқор жар, әке, ата еді.

Виктор Мякинин

Виктор Мякинин

69 жаста · Коронавирус
Владимир Меркуленко

Владимир Меркуленко

Медқызметкер · 61 жаста · Коронавирус

Семей қаласындағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының санитары. Өмірден өткен соң үшінші дәрежелі “Құрмет” орденімен марапатталды.

Владислав Ли

Владислав Ли

47 жаста · Пневмония

Г

Галина Корчевская

Галина Корчевская

61 жаста · Пневмония

Ақтөбе қаласының тұрғыны. Балаларының жазғаны: Өте жақсы жар, ана, әже еді. Әрқашан жадымызда!

Гаухар Әбенова

Гаухар Әбенова

Қызылорда көпсалалы облыстық балалар ауруханасының бас мейірбикесі · 44 жаста · Коронавирус

Өмірден өткен соң үшінші дәрежелі “Парасат” орденімен марапатталды.

Геннадий Акашев

Геннадий Акашев

69 жаста · Коронавирус

Отбасы әкесі мен баласы Геннадий және Александр Акашевтердің қаза тапқаны туралы дерек жіберді. Қызының жазғаны: Менің ең сүйікті әкешім! Сүйікті жар, ең жақсы ата еді!

Георгий Цой

Георгий Цой

63 жаста · Пневмония
Гульфия Ахмедова

Гульфия Ахмедова

69 жаста · Пневмония

Шымкентте қайтыс болды.

Гүлбаршын Нұрдыбаева

Гүлбаршын Нұрдыбаева

Зейнеткер, бұрын дәрігер болған · 72 жаста · Коронавирус

Баласының жазғаны: Анам Өскемендегі аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Дәріні дер кезінде таба алмадық. Әрең тауып апарғанымызда көмектеспеді, кеш болды не салмады. Бізге ештеңе түсіндірген жоқ. Өте көңілді жан еді. Өте қымбат адамымызды жоғалттық.

Гүлбаршын Шарипова

Гүлбаршын Шарипова

Медқызметкер · Коронавирус

Павлодар облысы № 1 емханасының орта медицина қызметкері. Өмірден өткен соң үшінші дәрежелі “Құрмет” орденімен марапатталды.

Гүлжазира Алдашева

Гүлжазира Алдашева

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары · 55 жаста · Пневмония
Гүлжан Маясарова

Гүлжан Маясарова

70 жаста · Пневмония

Туыстарының жазуынша, ауруханада жасанды тыныс алу аппараты жетпеген.

Гүлжахан Нұрманова

Гүлжахан Нұрманова

61 жаста · Пневмония

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Черняевка ауылында тұрған.

Гүлзада Жанасбаева

Гүлзада Жанасбаева

География пәнінің мұғалімі · 71 жаста · Пневмония

Балаларының жазғаны: Қарағанды облысы Ақжал ауылындағы мектепте 40 жылдай білім берген. 9 жылдай мектеп директоры болды. Анам өте ашық жарқын, бәрімен тіл табысып жүретін жан еді. Айналасында сыйлы жан болды. Өте қымбат жанды жоғалттық. Анашым, мәңгі есімізде қаласыз.

Гүлмира Имамова

Гүлмира Имамова

51 жаста · Пневмония
Гүлшара Ажымбаева

Гүлшара Ажымбаева

55 жаста · Пневмония

Жақынының сөзінше, 25 маусымда Ақтөбе медициналық центрінде қайтыс болды

Ғ

Ғаділет Сұлтанғалиев

Ғаділет Сұлтанғалиев

Дәрігер · 66 жаста · Коронавирус

Өмірден өткен соң “Құрмет” орденімен марапатталды. Ұлының жазғаны: Әкем туған күні, 10 шілдеде Атырау облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде өмірден өтті. Осы ауруханада 1982 жылдан бері рентгенолог болып жұмыс істеді.

Ғазиз Кәукенов

Ғазиз Кәукенов

69 жаста · Коронавирус, екі жақты пневмония, тромбоэмболия
Ғани Жапбар

Ғани Жапбар

62 жаста · Пневмония

Туркістан облысының тексеру комиссиясы әкімшілік-ақпараттық қауіпсіздік және персоналды басқару бөлімінің бас маманы болған.

Д

Дархан Дайырбек

Дархан Дайырбек

Театр және кино актері · 52 жаста · Пневмония

Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Даулет Арымбаев

Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығы бас дәрігерінің орынбасары · 55 жаста · Коронавирус

Өмірден өткен соң бірінші дәрежелі “Барыс” орденімен марапатталды.

Е

Еділ Ерғожин

Еділ Ерғожин

Химия ғылымының докторы · 78 жаста · Коронавирус

Ұлттық ғылым академиясының, Нью-Йорк ғылым академиясының академигі, Қазақстанның ғылым қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Елена Новоселова

Елена Новоселова

Медбике · 55 жаста · Коронавирус

Қостанай облысы Жітіқара аудандық ауруханасына қарасты №9 орта мектебінің медбикесі. Өмірден өткен соң үшінші дәрежелі “Құрмет” орденімен марапатталды.

Елена Папузина

Елена Папузина

Медқызметкер · 57 жаста · Коронавирус

Атырау облыстық кардиологиялық орталығының хатшысы. Өмірден өткен соң үшінші дәрежелі “Құрмет” орденімен марапатталды.

Елена Попова

Елена Попова

49 жаста · Пневмония
Ерболат Ержанов

Ерболат Ержанов

85 жаста · Коронавирус

Баласының жазғаны: Алматы қаласында 4-ауруханада көз жұмды. Әкеміз жақсы адам еді. Түркістан қаласындағы училищеде математика пәнінен сабақ берді. Анаммен бірге үш ұл, алты қыз тәрбиелеп өсірген жан. Ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып, немере, шөбере сүйген сүйікті ата еді.

Ерғали Шырманбаев

Ерғали Шырманбаев

Жүк көлігінің жүргізушісі · 56 жаста · Пневмония

Артында жұбайы, ұлы, үш қызы мен бес немересі қалды. Қызы "әкем ақкөңіл, ешкімге зияны жоқ, ешқашан жұмыс таңдамай енбек еткен, бәрін ойлап, көмек беріп жүретін адам болды" дейді.

Ержан Байменов

Ержан Байменов

38 жаста · Пневмония

Шымкент қаласының тумасы.

Ерік Күзетов

Ерік Күзетов

56 жаста · Пневмония
Ерланбек Ибраев

Ерланбек Ибраев

Гидрометаллург · 51 жаста · Пневмония

Қызының жазғаны: Әкеміз өмірде өте ақкөңіл, мейірімді, жүрегі жұмсақ, қолы ашық, ешкімнен көмегін аямайтын, әулетіміздің жарқын жұлдызы еді. Артында жары, төрт қызы мен бір ұлы қалды. Өмірде өте көңілді жүретін әкемізден ойда жоқта айырылып қалдық. Бар-жоғы ауруханада жеті күн жатты. Өзінің қиналып жатқанын бізге білдірмеді. Білгенімізді қоштасып, қолынан бір сүйер едік. Көңілімізде өкініш қалды. Орны толмас өкініш. Әкемізге деген сағынышымызды сөзбен жеткізу өте қиын.

Ермек Тыныбеков

Ермек Тыныбеков

35 жаста · Коронавирус

Әйелінің жазғаны: Ең жақсы жар, әке, ұл және аға еді. Мәңгі жүрегімізде қалады.

Есенгелді Сартай

Есенгелді Сартай

Ақтөбе облысы Шалқар станциясының транспорт бойынша бас санитарлық дәрігері болған. · 73 жаста · Пневмония
Есепбай Шонахын

Есепбай Шонахын

71 жаста · Коронавирус

Баласының жазғаны: Әкем 17 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласының 1-ауруханасына басқа дерт бойынша операция жасауға жатқызылды. 22 маусым күні операцияға кіреді. Операциясы сәтті өтті, келесі күні кешке 1-аурухана короновируспен ауырғандарды емдейтін инфекциялық аурухана болады деп жауып, ондағы басқа науқастарды 2-қалалық ауруханаға түнделетіп көшірген. Әкем 2-қалалық ауруханада операциядан кейінгі ем-домын алып жатты. Сол күндері әкемде дене қызуы болды, бірақ дәрігер оны инфекцияның әсерінен деп түсіндірді де, антибиотикті жалғастырамыз деді. Операция жасалғаннан күннен бастап есептегенде, бесінші күні әкемде коронавирус сипмтомдары байқалған болуы керек, әкемнің өкпесін аппаратқа түсірді. Дәрігер өкпесінде өзгерістің барын айтқан, бірақ зақымдану пайызын көрсетпеген. 29 маусым күні әкемді коронавирс жұқтырған болуы мүмкін деген күдікпен жеке палатаға шығарып, оқшаулаған. «Анализ аламыз» деді. Бірақ екі күн күттік, «тест болмай жатыр» деді. Сол күндері әкемде күйзеліс, қорқыныш болды. Бұрындары жүрегі де ауыратын. 31 маусым күні әкемде таңертең системадан кейін ентікпе басталып, жансақтау бөліміне кислородқа қосылады. Ауруханада карантин болғандықтан, ішке кіргізбейді. Сол күні түнде әкемді жасанды тыныс алу аппаратына қосқан. Аппаратта үш күн жатып, 4 шілде күні кешке қайтыс болады.

Ескендір Қайырбеков

Ескендір Қайырбеков

57 жаста · Пневмония

Ж

Жазира Жампеисова

Жазира Жампеисова

67 жаста · Пневмония
Жақсылық Үшкемпіров

Жақсылық Үшкемпіров

Күрестен Мәскеу олимпиадасының чемпионы · 69 жаста · Коронавирус

Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы Свердловск ауданы, Дихан ауылында дүниеге келген. Мәскеудегі 1980 жылғы олимпиада ойындарында грек-рим күресінен 48 килограмм салмақта чемпион атанған. Балуан олимпиададан соң 1981 жылы әлем біріншілігінде де алтын медаль алды.

Жалғас Ізбасаров

Жалғас Ізбасаров

43 жаста · Пневмония

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында қайтыс болды.

Жанат Жомартов

Жанат Жомартов

70 жаста · Пневмония

Бауырларының жазғаны: Қош бол, Жанат аға! Сәнқой, әдемі бауырым! Жалғыздықтан ашылмады-ау бағың! Емханаға барып, тап болдың-ау ажалыңа! Туған жердің топырағы бұйырмай, Алла жазды саған алыстан басқа жерді! Алла, жар болшы менің бауырыма! Жаның жаннатта болсын, бауырым! Құран оқып еске аламын өзіңді!

Жанат Халықов

Жанат Халықов

Журналист · 53 жаста · Пневмония
Жаңбырбай Талюкенов

Жаңбырбай Талюкенов

75 жаста · Екі жақты пневмония

Туыстары "денсаулығына шағынған емес" дейді. Спортпен айналысып, дұрыс тамақтанған. 12 маусымда сырқаттанып қалып, 25 маусымда Қарағанды ауруханасында жан сақтау бөлімінде қайтыс болды. Туыстары ауруханада тиісті препарат болмағанын айтады.

Жеңіс Даумчаров

Жеңіс Даумчаров

74 жаста · Пневмония

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында қайтыс болды.

Жеңіс Жарылғапов

Жеңіс Жарылғапов

Бокстан Жаңаөзен құрамасының аға жаттықтырушысы · Коронавирус
Жидебай Туранов

Жидебай Туранов

83 жаста · Пневмония

Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданының тұрғыны.

Жидекүл Бабаханова

Жидекүл Бабаханова

70 жаста · Пневмония

Шымкенттегі провизорлық орталықта қайтыс болды. Баласы "анам парасатты, өте мейірімді кісі еді" деп жазады.

Жолан Омаров

Жолан Омаров

41 жаста · Пневмония

Алматы облысы Талғар ауданы әкімі.

Жолдасбек Дуанабай

Жолдасбек Дуанабай

Журналист · 62 жаста · Пневмония
Жүнісәлі Әбдіхалықов

Жүнісәлі Әбдіхалықов

60 жаста · Пневмония
Жұмабек Дәулетов

Жұмабек Дәулетов

Инфекционист · 64 жаста · Коронавирус

Атырау облыстық № 2 ауруханасының инфекционисі. Өмірден өткен соң үшінші дәрежелі “Құрмет” орденімен марапатталды

Жұматай Дужасаров

Жұматай Дужасаров

56 жаста · Коронавирус, пневмония
Жұпаркүл Күнпейсова

Жұпаркүл Күнпейсова

80 жаста · Пневмония

Түркістан облысы Шорнақ ауылында тұрған. Сырқаттанып қалып, үйінде емделіп, укол салдырып жүрген. Туыстары "ауырып қалған соң шамамен бір аптадан кейін көз жұмды" дейді.

З

Зиятхан Гасанов

Зиятхан Гасанов

Фармкомпания директоры · 56 жаста · Коронавирус

И

Ибадат Исмаилова

Ибадат Исмаилова

50 жаста · Пневмония

Туыстары "Бес күн оттегі аппаратының көмегімен демалып жатты" дейді.

Идаят Исаев

Идаят Исаев

71 жаста · Коронавирус

Жақындарының жазғаны: Ең мейірімді, ең ашық және әділ адам. Сүйікті әке, ардақты жұбай, аға… Сен барда әлем мейірімдірек еді.

Иран Мырзабаев

Иран Мырзабаев

78 жаста · Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

Балаларының жазғаны: Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Шұбартау өңірінің тумасы. Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы ауруханада небары үш күн ішінде қайтыс болған. Қызының жазғаны: Ардақты әкеміз Шұбартау өңіріне еңбегі сіңген, сыйлы азамат еді. Жатқан жері жайлы, иманы жолдас болсын!

Ислам Шукенов

Ислам Шукенов

Доцент, техника ғылымдарының кандидаты · 73 жаста · Пневмония

Қарындасының жазғаны: Ағамыз, әкеміз, атамыз кетті… Біз үшін қымбат жанның өмірі неге бұлай күрт тоқтады? Ауыр, өте ауыр. Кешір, Ислам! Соңғы минуттарыңда іні-қарындасың қасыңда бола алмағанын кешір… Сүйікті немелерің ақтық сапарға шығарып сала алмағаны үшін кешір… Мәңгі жүрегіміздесің! Иманды бол!

І

Ілияс Жақсылықов

Ілияс Жақсылықов

66 жаста · Пневмония

Түркістан қаласында қайтыс болды.

Іскендір Жұмағазиев

Іскендір Жұмағазиев

Дәрігер · 57 жаста · Коронавирус пневмониясы

Қызылорда облысы Қазалы ауданы ауруханасында инфекционист болған.

К

Кансулу Хасанова

Кансулу Хасанова

61 жаста · Пневмония

Атырау облысы Индер ауданы Аққала ауылында қайтыс болды.

Кәрімжан Орманов

Кәрімжан Орманов

59 жаста · Пневмония
Кенжетай Бекбатыров

Кенжетай Бекбатыров

72 жаста · Пневмония

Жақындарының жазғаны: Сұм тағдыр, кімді жарға құлатпадың
Кімді еңіретіп жылатпадың? Жүріп едің алдымызда асқар болып, Қай жерге, қайда барып тұрақтадың?

Кеңес Дүйсекеев

Кеңес Дүйсекеев

Композитор · 74 жаста · Пневмония

Қызылорда облысында дүниеге келген. Композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Алматы консерваториясын бітірген. 1974-1976 жылдары "Гүлдер" ансамблінің бас дирижері және музыка жетекшісі, 1976-1979 жылдары "Қазақконцерт" гастрольдік-концерт бірлестігінің музыка жетекшісі болды.

Колтас Танкиев

69 жаста · Коронавирус

Жақындарының жазғаны: Мейірімді адам еді. Совет уақытында интернатта өсті.

Күләй Егеубай

Күләй Егеубай

Мейірбике · 55 жаста · Коронавирус

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық ауруханасының орта медицина қызметкері. Өмірден өткен соң үшінші дәрежелі “Құрмет” орденімен марапатталды

Күлзинеп Аппасова

Күлзинеп Аппасова

56 жаста · Пневмония

Туыстарының айтуынша, 18 маусымда ауруханаға түсіп, 3 шілдеде пневмониядан көз жұмды.

Күлзия Аханова

Күлзия Аханова

66 жаста · Пневмония

Шымкентте ауруханада қайтыс болды.

Күлсара Бегеналиева

Күлсара Бегеналиева

77 жаста · Коронавирус

Нұр-Cұлтандағы № 1 қалалық ауруханасында қайтыс болды.

Күнсипа Қасымжанқызы

Күнсипа Қасымжанқызы

78 жаста · Пневмония

Немересінің жазғаны: Әжетай! Әулетіміздің киесі, барлығымыздың ақылшымыз, шаңырағымыздың берекесін кіргізіп отырған асыл жан едіңіз! Беліңіз қайысқанша еңбек етіп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, мейіріміңізді төге жүріп күтіп - баптап өсірген ұл-қыздарыңыз өркен жайып, бүгінде бір-бір шаңырақты құрап, өсіп өнді – қара орманға айналды. Сол үшін ұрпақтарыңыз сізге мәңгі қарыздар. Сіз мәңгі біздің жүрегіміздесіз. Жатқан жеріңіз жайлы топырағыңыз торқа болсын, әжетайым!

Күнсұлу Кажығалиева

Күнсұлу Кажығалиева

Қазақ тілінің және орыс тілінің мұғалімі болған. · 64 жаста · Пневмония

Қ

Қайрат Баймұхамбетов

Қайрат Баймұхамбетов

56 жаста · Пневмония

Алматы облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы. Өмірден өткен соң екінші дәрежелі “Барыс” орденімен марапатталды.

Қайрат Дүйсен-Парман

Қайрат Дүйсен-Парман

ақын, сазгер · 56 жаста · Пневмония

Қызының жазғаны: Әкем Алматыдағы ауруханада қайтыс болды. Өте еңбекқор, ақ еділ жан еді. Халық үшін қалтқысыз қызмет жасап жүрген еді.

Қайрат Дүйсенов

Қайрат Дүйсенов

51 жаста · Коронавирус

Жақындарының сөзінше, өкпесі толықтай қабынған. Үйде жатқанда екі күн жедел жәрдем келмеген соң, туыстары 23 маусымда Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасына жеткізген. Қарындасы “таныстарымыз арқылы әрең дегенде жан сақтау бөліміне жатқыздық” дейді. Сөзінше, марқұм өзін-өзі құтқарған. Оттегіні өзі қосып алып жүрген. “Ауруханада бір ғана оттегі кілті болған соң” туыстары кілт сатып апарып берген. Жақындары мұны “үкіметтің масқарасы” дейді.

Қайрат Жұмашев

Қайрат Жұмашев

60 жаста · Коронавирус
Қайролла Жақыпов

Қайролла Жақыпов

68 жаста · Коронавирус

Туысының сөзінше, марқұм вирусты жедел жәрдем көлігін жүргізіп жүріп жұқтырған.

Қайырбек Жүсіпов

Қайырбек Жүсіпов

53 жаста · Коронавирус
Қайырден Байболов

Қайырден Байболов

65 жаста · Пневмония

Павлодар облысында қайтыс болды.

Қаламқас Бисалиева

Қаламқас Бисалиева

Ақтөбе облысы Алға ауданы ауруханасының дәрігері · 54 жаста · Пневмония

Жақынының жазғаны: Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген. "Қазақстанның денсаулық сақтау ісінің үздігі" төс белгісін тақты. Әлемді жайлаған коронавирус Ақтөбе жұртын да айналып өткен жоқ. Ақтөбелік дәрігерлер де жалаңаш қолдарымен қауіпті дертпен күресті. Індет ел арасын жайлап кетпес үшін блокпостарда тұрды. Міне, сондай алдыңғы саптағы ақ халатты абзал жандардың ішінде Қаламқас Саматқызы да бар еді. Бірақ кезекті еңбек демалысын алып, өзі жақсы көретін, үнемі сағынып тұратын Алматысына 5 шілде күні құстай ұшып келіп еді... Өкініштісі сол, қаншама халықты ажалынан арашалап, денсаулығының жақсаруына дәнекер болған ақ жүректі, ақ пейілді, көптің сүйікті дәрігері Қаламқас дәрігердің ажалына араша табылмады. Иманды болғайсың, ақ халатының жағасын кірлетпей өткен ақ жүрегім, абзал жаным, Қаламқас апа!

Қалихан Қозыбағаров

Қалихан Қозыбағаров

Ақтөбе инфекциялық ауруханасының бас дәрігері · 59 жаста · Пневмония

Қайтыс болған соң "Қазақстанның Еңбек Ері" атағымен марапатталды.

Қалқабек Төлеев

Қалқабек Төлеев

61 жаста · Коронавирус

Марқұм Нұр-Сұлтанда тұрған.

Қалмұрза Мыңжасов

Қалмұрза Мыңжасов

63 жаста · Пневмония

Маңғыстау облысы Тұпқараға ауданының тұрғыны. Балаларының жазғаны: Әкеміздің артында анамыз және төрт баласы қалды. Әкемізге алғысымыз шексіз. Осы жасқа келгенше жұрт тамсанарлыұ істері көп болды. Ақкөңіл, өте жанашыр адам еді. Әкемізден тез айырылып қаламыз деп ойламадық. Ауруханада 12 күн жатып, шықты. Одан кейін екі күннен кейін қайтыс болды.

Қанат Бухаров

Қанат Бухаров

62 жаста · Пневмония

Талдықорған қаласында тұрған.

Қанат Төребеков

Қанат Төребеков

45 жаста · Пневмония

Туыстарының жазуынша, Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылындағы ауруханада жатып, кейін үйге шыққан соң қайтыс болған.

Қапия Қасенова

Қапия Қасенова

69 жаста · Пневмония

Алматы облысы Қаскелен қаласында тұрған. Шілденің басында күйеуі Батырбек Қойшыбаев та қайтыс болған.

Қаршыға Нұрабаева

Қаршыға Нұрабаева

68 жаста · Пневмония

Балаларының арнауы: Мейріміңе пір тұтып қарап едім,
Әр сөзіңді ақыл деп санап едім.
Бірақ сәтте айрылып жан анамнан,
Жоқтау айтып артыңда қала бердім.

Қасира Өткелбайқызы

Қасира Өткелбайқызы

72 жаста · Пневмония
Қауынбай Тастанбеков

Қауынбай Тастанбеков

65 жаста · Коронавирус

Ұлының жазғаны: Ол менің сырласым, ақылшым еді. Асқар тауым еді. Не істесем де, сол кісімен акылдасушы едім. Жерлегеннен кейін, аспан жылағандай күн күркіреп, жаңбыр аямай құйды. Дәрі дәрмек жеткілікті болса, әкеміз аман қалар ма еді…

Қойбағар Насырұлы

Қойбағар Насырұлы

58 жаста · Пневмония

Ақтөбе қаласында қайтыс болды.

Қосман Айтмұхаметов

Қосман Айтмұхаметов

Түркістан облысы әкімнің орынбасары · 57 жаста · Коронавирус
Қуанғали Шаматов

Қуанғали Шаматов

· Пневмония

Атырау облысы Балықшы ауданы Жұмыскер ауылында туған. Ақтөбеде екі жақты пневмониядан қайтыс болды. Әйелінің сөзінше, қызуы 38 градус болып, түсіре алмаған соң дәрігерлерге жүгінген. Олар сырттай емдеген. Екі курс антибиотик қабылдаған: бірін ішіп, бірін ине ретінде салған.

Қуандық Шамахай

Қуандық Шамахай

Жазушы, журналист · 60 жаста · Коронавирус, пневмония

Қазақстанның мәдениет қайраткері әрі филология ғылымының кандидаты. Ол 1961 жылы Моңғолияда туған. Сол елдің мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша білім алып, көркем аудармамен айналысқан. Журналист билікке сыни көзқарастарын ашық білдіріп жүретін.

Қуатжан Нұрсұлтанов

Қуатжан Нұрсұлтанов

62 жаста · Пневмония

Жақындарының жазғаны: Қызылорда облысы, Арал өңірінің тумасы. Еңбек жолын Байқоңыр қаласында бастап, сол жерде қоныстанған. Артында жұбайы, ұл-қыздары, немерелері қалды. Біз Сізді ешқашан ұмытпаймыз! Жаныңыз жәннатта болсын!

Құралбай Қадырбаев

Құралбай Қадырбаев

69 жаста · Пневмония

Маңғыстау облысында қайтыс болды. Балаларының жазғаны: Әкеміздің артында анамыз, екі ұлы, үш қызы қалды. Әкеміз өте қарапайым жан еді. Адамға тек жақсылық ойлап, үлкен-кішіні құрметтеп жүретін. Әкемізден тез айырыламыз деп ойламадық. Әкешім-ау, алдыңнан жарылқасын!

Құрманбек Жұмабеков

Құрманбек Жұмабеков

78 жаста · Пневмония
Құрманбек Тілешев

Құрманбек Тілешев

67 жаста · Пневмония

Түркістан облысы Сайрам ауданындағы туберкулез ауруханасында рентгенолог болып жұмыс істеген.

Құрмангүл Шілменова

Құрмангүл Шілменова

72 жаста · Пневмония

Шымкент қаласында қайтыс болды. Марқұм "Батыр ана" орденінің иегері еді. Шымкенттегі көзі нашар көретін және зағиптарға арналған облыстық кітапханада 39 жыл кітапханашы болып істеген. Бес бала өсіріп, 14 немере сүйді.

Құрманкүл Күнжарықова

Құрманкүл Күнжарықова

59 жаста · Пневмония

Қызының айтқаны: Анаммен қоштасып үлгере де алмадық. Әлі күнге дейін сене алмай жүрміз. Қайғыдан қан жұтып отырмыз. Жоқтап жыламаған күніміз жоқ…

Л

Лаура Медетбаева

Лаура Медетбаева

34 жаста · Пневмония

Жақындарының жазғаны: Көңілді ашық, жүрген жерін думанға бөлеп жүруші еді және өте балажан болатын.

Лаура Піржанова

Лаура Піржанова

32 жаста · Коронавирус

Байқоңырда туған. Ақтөбе облысы Хромтау қаласында тұрған. Туыстарының сөзінше, марқұмның аяғы ауыр болған. Артында күйеуі, 7 жасар қызы мен 3 жасар ұлы қалды. Туыстары "өте ақкөңіл, бауырларына жанашыр, қолдан келген көмегін аямайтын адам еді" деп сипаттайды.

Ләззат Үсенғали

Ләззат Үсенғали

56 жаста · Пневмония

Ұлының жазғаны: Менің анам өте ақкөңіл, жарқын жан еді. 1 маусымда дүниеге келген, сондықтан болар балаларды өте қатты жақсы көрді. Өзінің туған күнінен 28 күн өткенде пневмониядан көз жұмды. Анашым, сіз біздің жүрегіміздесіз.

М

Маимжан Ниетқалиева

Маимжан Ниетқалиева

94 жаста · Пневмония
Майра Малдыбаева

Майра Малдыбаева

Инженер · 53 жаста · Пневмония

Ақтөбенің Шалқар қаласында туған. Шымкентте қайтыс болды. Артында күйеуі, үш қызы мен бес немересі қалды. "Желтоқсан қаһарманы" орденімен марапатталған.

Мамай Мәмбеталиев

Мамай Мәмбеталиев

60 жаста · Пневмония

"ЕмдіМұнайГаз" компаниясының заң департаменті директорының орынбасары болған

Марал Құлмаханқызы

Марал Құлмаханқызы

60 жаста · Пневмония

Туыстарының сөзінше, Алматы облысы Байсерке ауылындағы ауруханада көз жұмды. Марқұмды дәлізге жатқызған. Дәрігер мен медбике тапшы болған. Жақындары астанадан дәрі алдырғанымен, науқасты аман алып қала алмаған.

Марат Аралов

Марат Аралов

60 жаста · Тыныс жетпей қайтыс болды
Марат Ахметов

Марат Ахметов

57 жаста · Пневмония
Марат Молдахметов

Марат Молдахметов

Нұр-Сұлтандағы "Мейірім" клиникасында оториноларинголог-дәрігер болған · 63 жаста · Коронавирус

Туысқанының жазғаны: Вирус жұқтыру қаупіне қарамастан ол ЛОР-дәрігер ретінде төтенше жағдай кезінде аянбай еңбектеніп, өзі коронавирус жұқтырып алды. Көп жыл бойы әр науқастың жағдайына қараған дәрігер өз өмірінің соңғы сәтінде тиісті ем-дом ала алмады. 23 шілдеде Марат Биғалиұлы коронавирустан қайтыс болды. Артында жары, балалары, немерелері қалды.

Марат Тажмұратов

Марат Тажмұратов

63 жаста · Пневмония
Махамбетали Ербосынов

Махамбетали Ербосынов

63 жаста · Екі жақты пневмония

Баласының жазғаны: 40 жылға жуық медицина саласында әртүрлі лауазымда қызмет еткен. Дәрігерден бастап медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау саласының бас маманы деңгейіне дейін өскен. Өмірін ізгілікке арнаған, аяулы жар, асқар тау әке, туған-туысқа жанашыр, айналасына сыйлы-мейірбан, қызметіне аса зор жауапкершілікпен қарайтын адал азамат болды. Соңғы күндерінде Шымкент қаласындағы Асар ықшам ауданында ашылған жаңа модульді аурухананың жан сақтау бөлімінде жатты.

Мәулен Қышқашев

Мәулен Қышқашев

62 жаста · Пневмония

Марқұм 37 жыл Абай атындағы опера және балет театрында опера әртісі болып жұмыс істеген. Қызының сөзінше, биыл зейнетке шығу керек еді.

Мереке Арзығұлов

Мереке Арзығұлов

38 жаста · Пневмония

Ақтөбе медициналық орталығында мемлекеттік сатып алу бойынша бухгалтер қызметін атқарды. Мереке Арзықұлов пен анасы Бибиғайша Арзықұлова пневмониядан қайтыс болды. "2020 жылдың 24 маусымда Ақтөбе қаласындағы медициналық орталықтық провизорлық бөлімшесіне пневмониямен ауырып емделуге жатып, 27 маусымда жансақтау бөлімінде таңғы сағат 6-ларда кислородтың таусылып қалуына байланысты тұншығып, тынысы жетпей қайтыс болды. Жанұясында аяғы ауыр әйелі, 5 және 8 жасар қызы қалды. Өмірде өзінің мінезінің сабырлылығымен, ақкөңілдігімен, ұстамдылығымен, қайырымдылығымен, қиыншылыққа төзімділігімен айналасына көптеген достар мен жолдастар жинады. Қай салада жұмыс жасаса да, өзінің біліктілігімен, тиянақтылығымен, істеген ісіне адалдығымен, тазалығымен әріптестерінің арасында зор құрметке, сыйға бөленді. Мезгілсіз үзілген өмірі болашаққа құрған көп ойлары мен армандарының орындалуына мүмкіндік бермей қалды. Мерекенің жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады" деп жазады әкесі.

Мереке Балмағанбетов

Мереке Балмағанбетов

46 жаста · Пневмония
Мир Ахметов

Мир Ахметов

63 жаста · Пневмония

Туыстарының айтуынша, Ақтөбедегі ауруханаға жатқан соң бір күннен кейін сонда қайтыс болған.

Михаил Бехметьев

Михаил Бехметьев

55 жаста · Пневмония

Жарының жазғаны: Күйеуім өте мейірімді, әділ адам еді. Еңбек жолында басшылық қызметте болып, қызметкерлердің алғысын алды. Оның жұмысын жоғары бағалайтын. Жақсы жар, қамқор әке әрі ата еті. Өміріміздің, отбасымыздың тірегі еді.

Мортаза Джафари Мохаммад Али

Мортаза Джафари Мохаммад Али

52 жаста · Пневмония, жүрек талмасы

Жұбайының жазғаны: Менің күйеуім ең мейірімді, ақкөңіл адам еді. Көмекке зәру адамға жоқ деген кезі болмаған. Бәрі құрметтеп, жақсы көретін. Артында үш баласы қалды. Айналдырған бірнеше күннің ішінде айырылып қалғанымызға әлі сенбейміз. Өте ауыр қайғы. Сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Сен лайықты өмір сүріп, ғасырға жетер естелік қалдырдың. Жаның жай тауып, тыныш ұйықта, қымбаттым. Жақсы көреміз. Есіміздесің. Аза тұтамыз.

Мүсіркүл Төлеубаева

Мүсіркүл Төлеубаева

78 жаста · Коронавирус

Тараз тұрғыны. Баласының жазғаны: Анам екі апта ауруханада жатты. Соңғы аптада жансақтау бөлімінде болды.

Мұқанбет Инербаев

Мұқанбет Инербаев

Механик · 46 жаста · Пневмония

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында қайтыс болды.

Мұрат Мұқашев

Мұрат Мұқашев

Артист, каскадер. · 52 жаста · Пневмония
Мұрат Серіков

Мұрат Серіков

61 жаста · Пневмония

Жұмыста, отбасында өте жауапты адам еді. Қарағанды облысында туған. Мектеп бітірген соң Германияда әскерде болып, кейін елге оралып қызмет істеді. Өмір бойы жұмыс істеп, зейнетке жетпей қалды. Жұбайы екеуі үш бала – екі қыз, бір ұл тәрбиеледі. Сүйікті жар, әке, аға, ата арамыздан кетіп қалғанына қатты қайғырамыз.

Мұса Арынов

Мұса Арынов

73 жаста · Коронавирус

Жақындарының жазғаны: Молда, қажы. Қарағанды қаласының Әл-Машани мешітінде жұмыс жасаған. Әкешім өте сыйлы, жарқын адам болған. Артында жұбайы, балалары, немерелері қалды.

Мұстафа Алдабергенов

Мұстафа Алдабергенов

66 жаста · Пневмония

Алматы облысы Іле ауданы Ақши ауылында қайтыс болды. Жақындарының жазғаны: Өмір бойы халқына адал қызмет етіп, Ақши совхозында бас инженер болып істеді. Кейіннен Ақши ауылы әкімдігінде ауыл шаруашылығы бойынша бас маман болды. 2017 жылы зейнетке шықты. Алты бала өсірді. Оның үшеуі - түрлі саладағы ғылым докторлары. Көңілді жүретін жан еді.

Мұхамедхан Мұсабеков

Мұхамедхан Мұсабеков

Дәрігер · Коронавирус

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық ауруханасының офтальмологы. Өмірден өткен соң үшінші дәрежелі “Құрмет” орденімен марапатталды.

Мұхтар Сарыбаев

Мұхтар Сарыбаев

32 жаста · Пневмония

Түркістан облысы Келес ауданында қайтыс болды. Артында әйелі, екі ұл, екі қызы қалды. Марқұм полицей болған.

Мыңжасар Омаров

74 жаста · Пневмония

Н

Наргиза Кулдашева

Наргиза Кулдашева

33 жаста · Пневмония

Алматыда қайтыс болды. Күйеуінің сөзінше, аурухана қабылдамаған соң, үйінде емделген. Дәрігер жазып берген дәрілер табылмаған. "Әрдайым күліп жүретін, мейірімді, ақкөңіл адам еді" дейді.

Нұргелді Айманбетов

Нұргелді Айманбетов

73 жаста · Пневмония

Қарағанды облысында қайтыс болды. Баласының жазғаны: Облыстық полиция департаментінде жұмыс істеді. Майор шенін алды. Ақкөңіл, жайдары, өмірге сенімі мол жан еді. Өмірді сүйді. Балалары және немерелері сағына еске алады. Әке, сен біздің жүрегімізде мәңгі қаласың!

Нұргүл Барқыбаева

Нұргүл Барқыбаева

Дәрігер · 50 жаста · Коронавирус

Семей медицина университетінің госпиталінің дәрігері. Өмірден өткен соң үшінші дәрежелі “Құрмет” орденімен марапатталды

Нұрлан Әжіханов

Нұрлан Әжіханов

Техника ғылымының докторы, профессор. · 47 жаста · Коронавирус

Туыстарының сөзінше, 1 шілдеде жылы Түркістан қаласында коронавирустан қайтыс болды. Қазақстан президентi жанындағы мемлекеттiк басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру кабинетінің меңгерушісі болған.

Нұрмахан Қалжанов

Нұрмахан Қалжанов

53 жаста · Пневмония

Түркістанда қайтыс болды. Бес қыз, бір ұлы бар. Марқұм мал шаруашылығымен айналысқан.

О

Олег Исаев

Олег Исаев

Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасының бөлім меңгерушісі · 53 жаста · Коронавирус
Олжабай Қожағалиев

Олжабай Қожағалиев

Дәрігер · 61 жаста · Коронавирус

Нұр-Сұлтан әкімдігінің көпсалалы медициналық орталығының дәрігері. Өмірден өткен соң үшінші дәрежелі “Парасат” орденімен марапатталды.

Ольга Лошманова

Ольга Лошманова

Медбике · 48 жаста · Коронавирус

Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығының учаскелік медбикесі. Өмірден өткен соң үшінші дәрежелі “Парасат” орденімен марапатталды.

Орынша Тұрымбаева

79 жаста · Коронавирус

Алматы облысы Іле ауданы Ақши ауылында қайтыс болды.

Орысқали Ерболов

Орысқали Ерболов

80 жаста · Пневмония

Алматы облысы Шамалған ауылының тұрғыны. Туыстарының сөзінше, он баланың әкесі. Қаскелеңдегі ауруханаға жатқызған соң, бес сағаттан кейін көз жұмған. Жансақтау бөлімінде орын болмай, палатаға жатқызған.

П

Павел Шолох

Павел Шолох

54 жаста · Коронавирус

Президент іс басқармасы медициналық орталығының дәрігері. Өмірден өткен соң үшінші дәрежелі “Құрмет” орденімен марапатталды.

Р

Разия Балықбаева

Разия Балықбаева

67 жаста · Пневмония

Балаларының жазғаны: Алла анамның алдын пейіш қылсын!

Рахметулла Байбалин

Рахметулла Байбалин

58 жаста · Коронавирус

Артында жұбайы, екі қызы, бір ұлы қалды.

Ринат Асанов

Ринат Асанов

30 жаста · Пневмония

Ақтауда қайтыс болды.

Роза Кенбаева

Роза Кенбаева

Дәрігер · 61 жаста · Өкпе тромбозы

Жақындарының сөзінше, 39 жыл Алматы облысы Қарасай ауданы Райымбек ауылында педиатр болып істеген. Зейнетке шықса да, ауруханаға барып, әріптестеріне көмек беріп жүрген. Үш күн ауырған. "Науқастар онсыз да көп, дәрігерлерді әурелеп не қыламын" деп ауруханаға бармаған. Халі нашарлаған соң, ауруханаға бара жатып, көлікте қайтыс болған. Туыстары "жүрегі жұмсақ, ашық адам еді" дейді.

С

Сайлау Демеубаев

Сайлау Демеубаев

70 жаста · Пневмония
Сақтаған Куразов

Сақтаған Куразов

50 жаста · Пневмония
Салтанат Алыбаева

Салтанат Алыбаева

61 жаста · Коронавирус

Жақындарының жазғаны: Тараз каласында қайтыс болды. Туған-туыстарының, құрбы-құрдастарының арасында өте сыйлы адам еді.

Салтанат Иманқұлова

Салтанат Иманқұлова

64 жаста · Пневмония

Шымкент тумасы.

Самадин Халмухаметов

Самадин Халмухаметов

60 жаста · Пневмония
Сара Дәулетова

Сара Дәулетова

Ақтөбе облысының бас фтизиатры · 68 жаста · Пневмония

22 шілде күні Ақтөбе медицина орталығында қайтыс болған

Саябек Зиядин

Саябек Зиядин

Экономика ғылымының докторы · 42 жаста · Пневмония
Саян Шуленбаев

Саян Шуленбаев

Энергетик · 67 жаста · Коронавирус

Нұр-Сұлтандағы Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінде отыз жыл, Ақмола электржелілік үлестіру компаниясында он жыл жұмыс істеп, 2016 жылы зейнетке шыққан. Университет, компания қызметкерлері және жақындары, достары, сыныптастары, көршілері, әріптестері Саян Шахманұлының қазасына қайғырып көңіл айтады.

Сәбит Сарыбатыров

Сәбит Сарыбатыров

Жеке кәсіпкер · 46 жаста · Пневмония

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласынан

Сәния Мұсиева

Сәния Мұсиева

Дәрігер · 48 жаста · Пневмония

Құрбысы Ақмарат Балғынова: Өткен жұма, 10 шілде күні "Сәния комаға түсті" деген хабар алдық. Ұзамай арамыздан кетіп қалды. Есеңгіреп отырмыз. Жұмыс, жұмыс деп шапқылап жүріп, ешқашан демалыс көрмейтін адам еді.

Сейітқазы Нұрбеков

Сейітқазы Нұрбеков

71 жаста · Пневмония
Серғазы Сауытбеков

Серғазы Сауытбеков

82 жаста · Пневмония

Қызының жазғаны: Әкетайым менің, тірегім, өмірлік кеңесшім… Сенен айырылып, енді мына қайғыны қалай көтерер екенмін. Білмеймін… Жаның жәннатта болсын, иманың жолдас болсын!

Сержан Умаров

Сержан Умаров

47 жаста · Пневмония

Алматы облысы Алакөл ауданының Лепсі ауылындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының директоры.

Серікбай Наурызбаев

Серікбай Наурызбаев

43 жаста · Пневмония

Қызылорда облысы Қазалы ауданында қайтыс болды.

Серікжан Бескемпіров

Серікжан Бескемпіров

Алматы облысы әкімінің орынбасары · 60 жаста · Пневмония
Сырымбет Кәрімов

Сырымбет Кәрімов

Журналист · 69 жаста · Пневмония

Жақындарының арнауы: Өмір сүрген адалдықпен, алдаусыз, Бұл арада жүрек жатыр алғаусыз. Аңқылдаған ақ көңілмен, арманмен, Бақиға да кетті аттанып аңдаусыз...

Т

Талшын Қабдолова

Талшын Қабдолова

62 жаста · Пневмония
Татьяна Сидорова

Татьяна Сидорова

Бухгалтер · 61 жаста · Пневмония

Туысқанының жазғаны: Әпкем бірінші симптом пайда болған соң жеті күннен кейін өмірден өтті. Пневмония диагнозы қойылды. Бес рет жедел жәрдем шақырдық. Келіп қарап кетті. Жедел жәрдем көлігіне де салды, бірақ ауруханада орын жоқ деп қайта үйге кіргізді. Кейін әпкеме ауа жетпей, оны жансақтау бөліміне әкетті. Бірақ бәрі кеш болды. Өте мейірімді жан еді. Ұлы үшін, біздің отбасымыз үшін орны толмас қайғы.

Ташкул Өскенбаева

Ташкул Өскенбаева

82 жаста · Пневмония
Тілепберген Төлеш

Тілепберген Төлеш

60 жаста · Пневмония

70 жастағы туған әпкесі Ақырыс Төлеш те (Азаттық тізімінде бар) пневмониядан дүние салған.

Тойбала Есембаева

Тойбала Есембаева

71 жаста · Пневмония

Балаларының жазғаны: Анам ақ бұлағым! Өмір бойы мұғалім болып қызмет атқарған. Беделді, абыройлы, ел сыйлаған мейірбан анам! Бес уақыт намазын оқып, иман жолында жүрген. Саналы ұрпақ тәрбиелеп, артынан өшпес із қалдырды. Сіз мәңгі есіміздесіз, асыл Анам! Аллам өз рақымына алғай.

Тулкин Балпиков

Тулкин Балпиков

53 жаста · Пневмония
Тұраш Назарова

Тұраш Назарова

70 жаста · Пневмония
Тұрсын Жұбандықова

Тұрсын Жұбандықова

60 жаста · Пневмония

Баласының жазғаны: Анам 2002-2009 жылдары Маңғыстау облыстық ауруханасында бухгалтер болып жұмыс істеді. Өмірде сүйген, ақкөңіл, жүзінен нұры шашылған адам еді. Достары, жақындары оны жақсы көрді, ол да барын берді. Бәріне қол ұшын берді. Болашаққа жоспары көп еді. Бірақ пневмония деген дерт оны аямады. Артында екі баласы, әкеміз және немерелері қалды. Қатты сағынамыз, жанымызға анамыз жетіспейді. Анашым, иманды бол! Жаның жәннатта болсын!

Тұрсынбай Абдуқадыров

Тұрсынбай Абдуқадыров

60 жаста · Пневмония

Баласының жазғаны: Шымкенттегі ДЦП дертіне шалдыққан балаларға арналған аурухананың күзетшісі болып жұмыс істеді. Ауруханада қайтыс болды. Алла алдыңнан жарылқасын, әкешім!

Ү

Үмітхан Алтаева

Үмітхан Алтаева

Журналист · 59 жаста · Пневмония
Үрімкүл Ерсейтова

Үрімкүл Ерсейтова

59 жаста · Пневмония

Қызылорда облысы Қармақшы ауданында туған. Туыстарының сөзінше, 1 шілдеде Алматыда "аппаратта жатып демі үзілген".

Ұ

Ұлдай Құлбай

Ұлдай Құлбай

65 жаста · Пневмония

7 шілдеде Ақтау қаласындағы провизорлық орталыққа түсті. 11 шілде қайтыс болды.

Балаларының жазғаны: Мама, сіз сондай өмірге құштар, бауырларының, балаларының камын ойлайтын, немерелеріңе жанын салып, жұбайына күш-қуат беретін жан едің. Қимаймыз, сағынамыз, ешқашан ұмытпаймыз. Мәңгі біздің жүрегіміздесің! Мама, жаның жәннаттың төрінде болсын, алдыңнан жарылқасын.

Ұлықпан Хамидуллин

Ұлықпан Хамидуллин

61 жаста · Пневмония

Атырау каласынан. Балаларының жазғаны: Әкемізді ешқашан ұмытпаймыз, иманы жолдас болсын!

Ф

Фарид Мустафин

Фарид Мустафин

30 жаста · Пневмония

Шымкентте теміржол саласында жұмыс істеген.

Фарида Айтқазина

Фарида Айтқазина

84 жаста · Коронавирус

ШҚО Көкпекті ауданында туған. Нұр-Сұлтан қаласында 21 шілдеде қайтыс болды.

Фарида Түсіпбаева

Фарида Түсіпбаева

Дәрігер · 63 жаста · Коронавирус

Семей қаласының № 4 емханасының дәрігері. Өмірден өткен соң үшінші дәрежелі “Құрмет” орденімен марапатталды.

Фариза Құлжанова

Фариза Құлжанова

68 жаста · Пневмония

Келінінің жазғаны: Жаңаөзен қалалық типографиясында көп жыл қызмет етіп зейнеткерлікке шықты. Алтын енем жаның жәннатта болсын. Қамқоршым, ақылшым еді. Сіздей алтын ене менде деуші едім. Сабырлы, мейірімді жан еді. Асылым, маңдайымда жарқырап тұрған алтын еді. Бұл індет алтынымды, асылымды жұлып алды да кетті. Ажалға қарсы тұра алар кім бар бұл жалғанда?

Х

Ханым Тілеубердинова

Ханым Тілеубердинова

69 жаста · Пневмония

Марқұм Ақмола облысы Ерейментау ауданында қайтыс болды.

Ш

Шалқарбек Мұратбеков

Шалқарбек Мұратбеков

60 жаста · Пневмония

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Төрткүл ауылында туған.

Шамен Палымбетов

Шамен Палымбетов

66 жаста · Пневмония

Жақындарының жазбасы: Қызылорда облысы Шиелі ауданы Балаби ауылында туған. 22 маусымда Нұр-Сұлтан қаласындағы ауруханада жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Еуразия ұлттық университеті академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің директоры болды. Елге танымал, қызметін, отбасына адал адам еді.

Шарапат Юлдашева

Шарапат Юлдашева

70 жаста · Коронавирус

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны.

Шарипа Ботабақова

Шарипа Ботабақова

73 жаста · Пневмония
Шерім Төлтебаев

Шерім Төлтебаев

67 жаста · Пневмония

Жақындарының жазғаны: Өте мейірімді еді. Оптимист. Стратег. Өз ісінің шебері. Туған жерін сүйіп, жақындарын ешқашан елеусіз қалдырмаған кісі еді. Отбасына ғана емес, басқаларға да қымбат болатын. Бұл өмірде бәріміз қонақпыз. Біздің Төлтебаев Шерім Қарарұлы сыйлы қонақ болды.

А Ә Б В Г Ғ Д Е Ж З И І К Қ Л М Н О П Р С Т Ү Ұ Ф Х Ш