Accessibility links

Әлем елдерінің басшылары Пекинге жиналып жатыр


Әлем елдерінің басшылары Пекинге жиналып жатыр
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:17 0:00

Әлем елдерінің басшылары Пекинде өтетін "Бір белдеу - бір жол" форумына қатысу үшін жиналып жатыр. Үш күнге созылатын форумға әлемнің 37 елінің басшысы мен үкімет басшылары қатысады деп жоспарланып отыр. Бұған дейін Ақорда Нұрсұлтан Назарбаевтың "Бір белдеу - бір жол" форумына "құрметті қонақ" ретінде қатысатынын хабарлаған. Ол Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді. Сарапшылар Қазақстан дипломаттары мен саясаткерлерінің Қытайға сапары барысында Шыңжаңда қамалған этникалық қазақтар мәселесінің қозғалатынына күмәнмен қарайды. 2013 жылы Қытай төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға сапары кезінде көне Жібек жолының экономикалық белдеуімен "Бір белдеу – бір жол" жобасын ашуды ұсынған еді. Сол кездегі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл жобаға алғашқылардың бірі болып қол қойған. Содан бері Си Цзиньпин өзге елдерге сапарында да "Бір белдеу – бір жол" жобасын насихаттап келеді.

XS
SM
MD
LG