Accessibility links

Макрон: Халықтың әл-ауқатының нашарлағанына мен де жауаптымын


Макрон: Халықтың әл-ауқатының нашарлағанына мен де жауаптымын
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:24 0:00

Франция президенті Эммануэль Макрон елдегі жаппай наразылыққа қатысты мәлімдеме жасап, қаңтар айынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін жүз еуроға дейін өсіруге уәде берді. Президент сонымен бірге табысы аз азаматтар төлеуі тиіс салық мөлшерін азайтатынын да айтты. "Жұмыс кестесінен тыс қосымша жұмыс істегендерге де салық салынбайды" деді ол. Ол наразылыққа шыққандардың ашу-ызасын түсінуге болатынын айтып, соңғы уақытта француз азаматтарының жағдайының төмендеуіне өзі де жауапты екенін айтты. Бірақ Макрон полицейлерге күш қолдану мен наразылық кезіндегі көлік өртеу, әйнектерді шағу сияқты заңсыз әрекеттерді айыптады. Франциядағы наразылық шаралары бір ай бұрын басталған. Он мыңдаған адам үкіметтің жанар-жағар май салығын қымбаттату туралы жоспарына қарсылық танытты. Кейін Франция билігі жанармай салығын өсіруге мораторий жариялаған, алайда наразылар президент Эммануэль Макронның экономикалық саясатына қарсылық акциясын жалғастыра беретіндерін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG