Маңғыстау облысындағы Шетпе кенті тұрғындары былтырғы желтоқсан оқиғасы кезінде жараланған және қаза болған азаматтардың отбасылары мемлекет назарынан тыс қалғанын айтып шағымданады.
Ресми ақпарат 2011 жылы желтоқсанның 17-сі күні Шетпе станциясында болған тұрғындар мен полиция арасындағы қақтығыста бір адамның қаза болып, оншақты адамның жараланғанын хабарлаған еді. Алайда нақты жараланғандар саны одан көп деп санайтындар бар. Бірақ олардың айтуынша жаралылар дер кезінде оқ тигені туралы жария етуден қорыққан. Себебі құқық қорғау орындары өздерінің тек қылмыскерлерді атқанын мәлімдеді. Сондықтан тұрғындар «баламыз жаралы деп айтуға да қорыққан».
«МЕМЛЕКЕТ БӨЛГЕН АҚША ШЕТПЕЛІКТЕРГЕ БҰЙЫРМАДЫ»
Солардың бірі - 27 жастағы Берекет Нұрсұлтанұлы. Желтоқсанның 17-сінде қонақтан үйіне қайтып келе жатқанда оң аяғынан оқ тиген. Әкесі Нұрсұлтан Мәшрүпов он бала тәрбиелеген көп балалы жан. Ол баласына оқ тигенін жария етуден қорыққанын айтты.
- Әрине емделуге біршама қаражат кетті. Үкіметтен беріледі деген ақша туралы Маңғыстау ауданы әкімінен сұраған едім, жауап жоқ. Бірақ адамын атқан үкіметтен не күтуге болады, - деді ол.
Дәл осылай аяқ асты оқ тиіп, мүгедекке айналған Мұрат Бердіқұлов та көмектен ада қалғандардың бірі. Жасы 34-те. Отбасы, бір баласы бар. Әлі күнге емделіп жатыр. Айтуынша, сүйегін тесіп өткен оқтан кейін аяғының қалпына келуі оңайға соқпай отыр.
- Оқ тигенде бірден құлап түстім. Қозғала алмай бір жарым сағаттай жаттым. Тек содан соң ғана маңымнан жүгіріп кетіп бара жатқан балалар көмектесіп ауруханаға жеттім. Мемлекет бөлді деген 500 мың теңге туралы аудан әкімінен сұрағам, ол білмеймін деді,- деді Мұрат Бердіқұлов.
Азаттық тілшісінің 2012 жылы сәуір айында Мұрат Бердіқұловтан алған сұқбатын мына жерден көріңіз:
Ал Шетпе оқиғасы кезінде кеудесіне оқ тиген жасөспірім Руслан биыл мектеп бітірді. Ақтау қаласындағы медицина колледжіне оқуға түсті. Анасы Қамар ұлының жарақаты туралы рентген түсірмесін әлі ала алмай жүргенін айтты.
- Кеудесіне тиген. Өкпесіне сәл қалған. Хирургтен рентген суретін ала алмай жүрмін. Әзір бала жас, бәлкім жасы ұлғая келе сыр берсе керек болмай ма? Оған үшінші топтағы мүгедектік те рәсімдегім келеді. Өйткені қазірдің өзінде кеудесі шаншып жүр. Әрине, егер үкімет бөлген қаражатқа қол жеткізсек, бала денсаулығын оңалта түсуге көп сеп болар еді, - деді Қамар.
Ол күйеуінің жұмыссыз екенін, көлік тасымалымен балаларын асырап отырғанын жеткізді.
«МАҒАН ЕШКІМ КЕЛГЕН ЖОҚ»
Маңғыстау ауданы әкімі Жармағанбет Айтуаровтың айтуынша, жағдайын айтып, көмек сұрай келген жараланғандар болмапты.
- Жалпы ақша туралы облыстан сұраңыз. Маған мынадай болды деп келген ешкім болған жоқ. Бірақ өзім көмек берейін деп жатырмын, содан соң айтам, - деді ол Азаттық тілшісіне.
Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы бастығы Нұрбол Телегенов Жаңаөзен оқиғасына қатысты бюджеттен бөлінген қаражаттың қалай берілгенін ұмытып қалғанын айтты.
- Оның анық-қанығын Жаңаөзен қалалық әкімдігінен сұрау керек шығар. Жаңаөзен қаласы мәслихаты шешімімен қаржы бөлінді және «Нұр Отан» бастамасымен қосымша жиналғаны есімде, - деді ол.
Ал Маңғыстау облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалының басшысы Қаныбек Жұмашев Шетпеге қатысты ақшаны аудандық мәслихат бөлуі керек еді деп санайды.
- «Нұр Отан» - қоғамдық ұйым. Үкіметтен бөлінген ақшаға қатысымыз жоқ. Біз сот шешімі шығысымен жараланғандардың үйлеріне, олардың балаларын лагерьлерге жіберуге байланысты көмектер жасадық, - деді ол.
Дегенмен «Нұр Отан» өкілі кімге қандай көмек жасалғаны туралы нақты ештеңе айта алмады.
«ШЕТПЕ ӨЗ ЖАРАСЫН ӨЗІ ЖАЛАП ЖАТЫР»
Азаттық тілшісімен пікірлескен саясаткер Жәнібек Қожық Шетпе оқиғасын көтеріліс те, ереуіл де, басбұзарлық та емес, халықтың саналы түрде көрсеткен қарсылық акциясы деп бағалайтынын айтты. Оның ойынша, халыққа қарсы жасалған агрессиялық әрекеттерге наразылық танытып, ынтымақтастық білдіру барлық дамыған әлем елдерінде бар үрдіс. Ол үшін ешбір ел халқын атқан, жазалаған емес. Шетпе тұрғындары өз наразылықтары арқылы халықты аман алып қалуға, сөндірілген ұялы байланысты қалпына келтіруге, Жаңаөзенді қоршаудан шығарып, жолды аштыруға, қантөгісті тоқтатуға ұмтылған.
Жәнібек Қожықтың пікірінше, осындай пиғылмен белсенділік танытқан Шетпе тұрғындары ел алдындағы парызын өтеді, ерлік танытты. Мұндай «ымыраластық әрекеттің биік үлгісін» жалпақ Қазақстанда бірде-бір аймақ істеген жоқ деп санайды саясаткер.
- Қылмысты тоқтату мақсатында болған әрекет заң жүзінде де еш уақытта қылмыс болып саналмақ емес. Жаңаөзенде 16-17 желтоқсан күндері қайшылықты оқиғалар белең алғанда Шетпе халқы екі вагон омондардың Атыраудан келе жатқаны туралы хабар естіген. Олар поезды тоқтату арқылы жаңаөзендіктердің жаппай қырылмауына бөгет болғысы келді, - деді Жәнібек Қожық.
Саясаткер Жаңаөзендегі оқиғаны күшпен басқаннан кейін, билік халықтың алдында өзін ақтап алғысы келді деп есептейді. Сондықтан да ішінара полицейлер жазаға тартылды.
- Мәселен, Хасан Дүйсекенов баласын атқан Жаңаөзен қалалық полициясының орынбасары Ерлан Бақтығалиев екенін сотта білді. Рахат Көшәлиевтің шешесі сотта баласының Ринат Жолдыбаевтың қолынан оққа ұшқанын естіді. Өлген адам тірілмейді, бірақ олар баларының қазасының себепкерін түстей алды. 60-тың үстіндегі жаңаөзендік жәбірленуші саналды. Басым көбі үкімет бөлген қаржылық демеу – марқұмдар отбасы 1 миллион теңгеден, жараланғандары 500 мың теңгеден көмек алды. Шетпеліктер болса, өз жарасын өзі жалап жатыр. Мұндағы бірде-бір жараланған, не қаза болған тұрғынның көмекке қолы жеткен жоқ. Шетпеліктердің сотталғандары да, оққа ұшқандары да, өлгені де сұраусыз қалды, - деді Жәнібек Қожық.
Ол Шетпенің мемлекет тұрмақ көптеген қоғамдық, оппозициялық ұйымдардың, түрлі шетелдік қорлардың да назарына ілікпей қалғанына назаланады
«ПОЛИЦИЯ АТҚАНДАР НЕГЕ ЖӘБІРЛЕНУШІ САНАЛМАЙДЫ?»
Саясаткер Жәнібек Қожық Азаттық радиосы арқылы билікке, құқық қорғау орындарына мынадай сауалдарын қойғысы келеді:
- Сотта шетпеліктерге тағылған айып – 321-бап, яғни полиция өміріне қатер төндірді деген айыпты алып тастады. Олай болса не үшін 20 Шетпе азаматы оққа ұшты? Полиция атқан оқтан жараланған олар неге жәбірленуші саналмайды? Неге тиісті мемлекет бөлген қаражатты ала алмайды? Неге оларды атқан полиция жауапқа тартылмайды?
Жәнібек Қожық қарапайым халықтың тіпті желтоқсаннан кейін абақтыға қамалады деп ойламағандарын айтады. Олар жаңаөзендіктерді қолдап, қарсылық акциясына шыққан жастар ары кеткенде 373-бапқа сай заңсыз ереуілге шықты деген айыппен, әкімшілік жазаға тартылар деп ойлаған.
«АТА, БІЗДІ ЖЫЛАТПАҢЫЗШЫ!»
Маңғыстау ауданының құрметті азаматы Жетібай Жылқышиев сотталушылардың апелляциялық шағымы дұрыс қаралмады деп санайды.
- Сотталған 4 азаматтың 12 баласы кезінде президентке хат жолдап, «Ата, бізді жылатпаңызшы» деп өтінген еді. Ауылдағы батыр аналар да өтініш жасаған, оларға да қараған ешкім жоқ. Қаза болғандар отбасына мемлекеттен бөлінген миллион теңге екі-үш садақадан аспайды. Олардың артында қалған балалары мемлекет қамқорлығына алынуы керек. Ал қамауда отырғандар бостандыққа шықпай Маңғыстау халқы тыншымайды, билік соны ұғуы керек, - деді ол Азаттық тілшісіне.
Сотталған шетпеліктер кассациялық сотқа шағым жазуға кірісіп жатыр. Баласы 4 жылға сотталған Айнаш Бекібаева абақтыға жабылған балалардың кінәсін дәледеген айғақтың жоқтығына сенімді. Оның баласы, былтырғы желтоқсандағы «тәртіпсіздіктерге» қатысы бар деп танылған Нұрболат Сабырбаевты куә 8 жыл бұрын түсірілген суретінен «айнытпай» таныған.
- Нұрболат атыс кезінде үйде отырғанына қарамастан оны екі адам таныған. Оған қалай сенуге болады. Куәға оның мектеп қабырғасында жүрген суретін көрсеткен. Ал сот барысында балаларға орындарын ауысып отыруын айтқанбыз. Көзіміз жеткені сол - орындары ауысқан кезде танып тұрмыз деген бүркеншік куәлар оларды шатасырумен болды, - деді Айнаш Бекібаева.
Шетпе кенті - Маңғыстау облысының Ақтау қаласынан 160 шақырым қашықтықта орналасқан Маңғыстау ауданының орталығы. Мұнда 13 мың халық тұрады. Бұған дейін мал шаруашылығымен айналысқан тұрғындардың ендігі басты күн көрісі зейнетақы мен балалардың жәрдем ақшалары. Ауылда жұмыссыздық бел алып тұр. Тек қолы жеткендері ғана өндірісте вахталық әдіспен жұмыс істейді. Кейбір тұрғындар «Маңғыстау Қазақстан ауданындағы ең қымбат аймақ саналса, Маңғыстау ауданы - облыстағы ең қымбат, әрі ең кедей аудан» дейді.
Былтырғы желтоқсанның 17-сі күні болған Шетпедегі оқиғаға байланысты 12 адамға қатысты сот үкімі биылғы мамыр айында шыққан еді. Айыпты деп танылған Қажымұрат Әбезов – 7 жылға, Ержан Мәмбетов – 5 жылға, Ғабиден Бақытжан – 5 жылға, Нұрболат Сабырбаев – 4 жылға сотталған болатын. Ал желтоқсан оқиғасына қатысы бар делінген Қасым Ермұқанұлына екі жыл шартты жаза кесілген.

Жараланғандар неге жәбірленуші саналмайды? Неге оларды атқан полиция жауапқа тартылмайды?