Accessibility links

Жұмыссыздық жайлаған ауыл

6364 адам тұратын Хантағы ауылында тұрғындар негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Жергілікті әкімдік өкілі тіркелген 14-28 жас аралығындағы 1016 адамның 30-дан астамы ғана ауылдан жұмыс тапқанын айтады. Ауылда екі мектеп, отбасылық емхана, ауыл клубы, кітапхана, аймақтық полиция пункті, дәріхана, 15 дүкен, 1 спорт алаңы бар. Елдімекенге ауызсу құбыры жүйесін тарту үшін жер қазып жатыр екен.

XS
SM
MD
LG