Accessibility links

2015 жылғы терактілер құрбандарын еске алу


2015 жылғы терактілер құрбандарын еске алу
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:00 0:00

Франция астанасында осыдан бір жыл бұрын, 2015 жылы 7 қаңтарда Charlie Hebdo журналы редакциясына жасалған шабуылмен басталған терактілер құрбандарын еске алу рәсімі өтті. Республика алаңында өткен еске алу шарасына терактілер құрбандарының туған-туыстары, саясаткерлер, қоғам қайраткерлері және өзге адамдар қатысты. Президент Олланд пен Париж мэрі Анн Идальго терактілер құрбандары құрметіне арнайы отырғызылған он метрлік емен жанындағы еске алу тақтасын ашты. Жиналған жұрт теракт құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Рок-әнші, композитор Джонни Холлидей әскерилер хорымен бірге қайғылы оқиғаларға арналған композицияны орындады. Париж, 10 қаңтар 2016 жыл.

XS
SM
MD
LG