Accessibility links

Ирандағы ұшақ апатынан опат болған украиналықтардың денесі еліне жеткізілді


Ирандағы ұшақ апатынан опат болған украиналықтардың денесі еліне жеткізілді
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:29 0:00

Тегерандағы ұшақ апатынан қаза болған Украинаның 11 азаматының (тоғыз экипаж мүшесі және екі жолаушы) денесі 19 қаңтарда Ираннан Киевке жеткізілді. Борисполь әуежайындағы қаралы жиынға ел президенті Владимир Зеленский мен басқа да шенеуніктер қатысты. 8 қаңтарда Тегераннан ұшып шыққан украиналық жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, бортындағы 176 адам түгел опат болған. Кейін Тегеран ұшаққа Иранның зымырандары тигенін растаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG