26 жыл бұрын шешен содырлары Буденновск ауруханасын қалай басып алған еді?

14 маусым 2021

Бұдан 26 жыл бұрын шешен дала командирі Шәміл Басаев басқаратын содырлар тобы Ресейдің Ставрополь өлкесінде, Шешенстанмен шекарадан 200 шақырым жерде орналасқан шағын қала – Буденновскіге басып кірді. Олар бір жарым мыңнан астам адамды кепілге алып, бес күн бойы жергілікті ауруханада ұстады. Шабуыл барысында 129 адам қаза тауып, 400-ден астам адам жараланды. Азаттық қайғылы оқиға кезінде түсірілген фотосуреттерді ұсынады.

Шәміл Басаев өзінің тобы кепілге алған бейбіт тұрғындармен бірге тұр. 17 маусым 1995 ж.
Шәміл Басаев өзінің тобы кепілге алған бейбіт тұрғындармен бірге тұр. 17 маусым 1995 ж.
Шәміл Басаевқа бағынатын қарулы содыр кепілге алған адаммен бірге отыр. Фото авторы - Алексей Сазонов.
Шәміл Басаевқа бағынатын қарулы содыр кепілге алған адаммен бірге отыр. Фото авторы - Алексей Сазонов.
Қарулы топ мүшелері мен олар кепілге алған адамдар аурухананың ішінде. 19 маусым 1995 ж.
Қарулы топ мүшелері мен олар кепілге алған адамдар аурухананың ішінде. 19 маусым 1995 ж.
Қарулы содырлардың кепілінен босаған балалы әйел мен дәрігерлер. 16 маусым 1995 ж.
Қарулы содырлардың кепілінен босаған балалы әйел мен дәрігерлер. 16 маусым 1995 ж.
Кепілден босағандардың бірі өз-өзіне келе алмай отыр. 17 маусым 1995 ж.
Кепілден босағандардың бірі өз-өзіне келе алмай отыр. 17 маусым 1995 ж.

Ресей күштері аурухананы басқыншылардан азат ету үшін 17 маусымда ертемен шабуыл жасамақшы болды. Бірақ билік күштері шабуылға дайындықты ашық радиобайланыс арқылы талқылағандықтан, олардың жоспарын содырлар біліп алған еді. Шабуыл басталады деген күні содырлар кепілде ұстап отырған бейбіт тұрғындарды қалқан етіп, аурухананың терезесінің алдына тұрғызып қойды.

Аурухананың сәтсіз аяқталған шабуылдан кейінгі көрінісі. 17 маусым 1995 ж.
Аурухананың сәтсіз аяқталған шабуылдан кейінгі көрінісі. 17 маусым 1995 ж.

Шабуыл сәтсіз аяқталған соң федералдық билік содырлармен келіссөз жүргізуге келісті. Аурухана ғимаратына Мемлекеттік дума мен Федерация кеңесінің бірнеше депутаты кірді, оларды «Ковалев командасы» деп атады.

Келіссөз жүргізушілердің бірі (жергілікті депутат) аурухананы басып алғандарға келді. 18 маусым 1995 ж.
Келіссөз жүргізушілердің бірі (жергілікті депутат) аурухананы басып алғандарға келді. 18 маусым 1995 ж.
Шәміл Басаев Ресей премьер-министрі Виктор Черномырдинмен телефонмен сөйлесіп отыр. 18 маусым 1995 ж.
Шәміл Басаев Ресей премьер-министрі Виктор Черномырдинмен телефонмен сөйлесіп отыр. 18 маусым 1995 ж.
Ресей премьер-министрі Виктор Черномырдин Ақ үйдегі кабинетінде Шәміл Басаевпен телефон арқылы келіссөз жүргізіп отыр. 18 маусым 1995 ж.
Ресей премьер-министрі Виктор Черномырдин Ақ үйдегі кабинетінде Шәміл Басаевпен телефон арқылы келіссөз жүргізіп отыр. 18 маусым 1995 ж.

Кейін келіссөзге Ресей премьер-министрі Виктор Черномырдин қосылды. Ол кезде президент Борис Ельцин шетелде сапарда жүрген еді. Келіссөз барысында екі жақ содырлар өз еркімен кепіл болуға келіскен адамдармен бірге Шешенстан шекарасына дейін жетіп алады, билік күштері оларға тиіспейді деп келісім жасасты.

Ресей депутаттарымен өткізген келіссөзден кейін содырлар ауруханада кепілде ұстап отырған әйелдер мен балаларды босатып, депутаттар өз еркімен кепіл ретінде қалды. 18 маусым 1995 ж.
Ресей депутаттарымен өткізген келіссөзден кейін содырлар ауруханада кепілде ұстап отырған әйелдер мен балаларды босатып, депутаттар өз еркімен кепіл ретінде қалды. 18 маусым 1995 ж.

Басаев пен оның тобы ерікті түрде кепілде қалған адамдармен бірге билік бөлген автобустарға мініп, Шешенстан шекарасына қарай жолға шықты. Содырлар радио толқыны арқылы басқарылатын миналар орнатып қойған автобустарға арнайы жасақ пен тікұшақ ілесіп отырды.

Ресей күш құрылымдары өз еркімен кепіл болуға келіскен адамдарды содырлармен бірге Шешенстанға жолға шығар алдында «Басаевтың бандасына қосылатыны» және оның салдары қандай болатынын түсінетіні туралы қолхат беруге мәжбүрлемек болды. Бірақ кезекті келіссөзден кейін ондай қағазға кепілге алынғандармен бірге баруға тілек білдірген журналистерді ғана көндіре алды.

Шәміл Басаевтың кепілінде болуға өз еркімен тілек білдірген сол кездегі Мемлекеттік дума депутаты, құқық қорғаушы Валерий Борщев. 1995 жылы ол сепаратистермен келіссөз жүргізген депутаттар тобы құрамында болған.

Содырлар Шешенстанға жеткен соң кепілдегілердің бәрін босатуды міндетіне алды. 19 маусым 1995 жыл.
Содырлар Шешенстанға жеткен соң кепілдегілердің бәрін босатуды міндетіне алды. 19 маусым 1995 жыл.
Содырлар мен кепілдегі адамдар мінген автобустар Шешенстанға жолға шыққаннан кейінгі аурухананың көрінісі. 19 маусым 1995 жыл.
Содырлар мен кепілдегі адамдар мінген автобустар Шешенстанға жолға шыққаннан кейінгі аурухананың көрінісі. 19 маусым 1995 жыл.