Accessibility links

Nissan-ның бұрынғы басшысына айып тағылды


Nissan-ның бұрынғы басшысына айып тағылды
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:40 0:00

Токио прокуратурасы дүйсенбі күні Renault-Nissan-Mitsubishi француз-жапон автомобиль альянсының бұрынғы басшысы Карлос Гонға "елдің қаржылық заңнамасын бұзды" деп айып тақты. Тергеу органдарының айтуынша, Гон бес жыл бойы түскен табысының тек жартысын ғана декларацияда көрсеткен. Ал Жапония заңы бойынша корпорациядан кеткен соң төленетін қаржы да декларацияға енуі тиіс болған. Гон айыптарды жоққа шығарады. Америкалық басылымдардың жазуынша, қараша айында қамалған Карлос Гон қамауға дейін компания басшылығын өзгертпек болған.

XS
SM
MD
LG