Accessibility links

Хабаровскідегі «Орыс маршы»


Хабаровскідегі «Орыс маршы»
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:24 0:00

Ресейдің Хабаровск қаласында орыс ұлтшылдары шеру өткізді. Азаттықтың Орыс қызметінің хабарлауынша, шараға бақылаушылармен қоса есептегенде бірнеше ондаған адам қатысқан. Бірақ бұл шеруге жергілікті биліктің рұқсаты болмағандықтан, «Орыс маршына» шыққандар өздері қалағандай қала көшелеріне шыға алмады. Олар тек Амур өзені жағасындағы саябақ аумағымен ұрандап жүріп өтті. Мұның алдында ғана қар жауған қалада ұлтшылдар шарасы өтетін күні суық жел соғып тұрғандықтан көп адам жиналған жоқ. Шараны ұйымдастырушылардың бірі Илья Ермолаев шеруді өткізуге биліктің бөгет жасамағанын айтады. Былтыр Хабаровскідегі «Орыс маршы» алдында оның ұйымдастырушылардың барлығы ұсталған еді. Биыл шараға жиналғандар шамамен бір сағаттан соң тарап кетті. 4 қараша 2014 жыл.

XS
SM
MD
LG