Оңтүстік Кореяға Солтүстік Кореядан қашып барған суретші Сонг Бёк диктаторлық билікті әжуалайтын картиналар салады.
Оның ең белгілі картинасы – Мэрилин Монроның денесіне «қойылған» Ким Чен Ирдің басы. Суретші Сонг Бёк диктатор Ким Чен Ирдің басын әйгілі актрисаның денесімен салғанда «диктатор да қарапайым пенденің бірі» деген ойын жеткізуге тырысқан.
Аштық кезінде әке-шешесі мен әпкесінен айырылған Сонг Бёк 1990 жылдарға дейін Солтүстік Кореяда мемлекеттік насихат жүйесінде суретші болып істеген. Тамақ іздеп Қытаймен арадағы шекарадан өтпек болғаны үшін оны полиция азаптаған.
Өзі мадақтаған режимнің опасыздығынан кейін Сонг Бёк 2002 жылы Оңтүстік Кореяға қашып кетіп, өзінің сайтында жазғандай, «өмірін азаттық қозғалысына арнады». Ол Солтүстік Кореяның әміршіл режимін мысқылдайтын акрил картиналар салады.
ЖАҢА ӨМІР
Сеулде, қойманың екінші қабатындағы бір бөлмелі шағын пәтерде тұратын суретшінің жұмыс орны да - осы жер. 42 жастағы қашқынның айтуынша, мұнда ол зерттеумен шұғылданып, кітап оқып, шабыт іздейді. Солтүстік Кореяда өмір сүрген жылдары көрген азабын сурет арқылы жеткізуге тырысады.
Сонг Бёк – лақап есім. Немістің Deutsche Welle радиосына берген сұхбатында суретші «Жаңа есімім - Оңтүстік Кореядағы жаңа өмірімнің белгісі» дейді.
Оның еңбектері бүкіл әлемге танылып, Сеул және АҚШ галереяларында қойылып жүр. Символикалық картиналарында зәулім мүсінге тағзым етіп тұрған пионерлер, батыс елдерінде шыққан консерві қалбырын ұстаған солдат, ұшып бара жатқан ұшаққа қарап ойланып тұрған қыз бейнеленген.
КӘДІМГІ ПЕНДЕ
Бірақ суретшінің ең әйгілі еңбегі – желбіреген етегін қолымен жауып тұрған Мэрилин Монроның денесіне Солтүстік Кореяның марқұм болған басшысы Ким Чен Ирдің басын қосып бейнелеген портреті.
Сонг Бёк Deutsche Welle радиосына берген сұхбатында:
- Бұл картинам адамдарға қатты ұнайды деп ойлаған жоқпын. Мен Ким Чен Ирді кәдімгі адам ретінде көрсеткім келді. Үкімет жабық мемлекетке айналдырған Солтүстік Корея халқы құдды басқа планетада өмір сүріп жатқандай. Мен жаһандану дәуірінде тұрып жатқанымызды көрсеткім келді. Мэрилин Монро да тура осыны меңзейтіндей, - дейді.
ТҮСІНУ
Мұндай суреті үшін Сонг Бёк Солтүстік Кореяда басынан айырылар еді. Елден қашқанға дейін ол Солтүстік Корея үкіметінің тапсырысымен плакаттарға революциялық ұрандар жазып, қызыл тулар салатын. Ел басшыларын тәңірге балайтын ол өз жұмысын мақтан тұтатын.
Алайда 1990 жылы елді аштық жайлағанда барлығы өзгерді. «Тамақ табу үшін әкем екеуміз Қытайға апаратын Тумен өзенін кесіп өттік. Қайтар жолда өзен арнасынан асып, әкемді ағыс алып кетті. Айғайлап көмекке шақырған мені сақшылар қамауға алып, түрмеге түстім. Бұл жүйенің дұрыс емес екенін сол кезде түсіндім» дейді Сонг Бёк.
Төрт айды еңбек колониясында өткізген Сонг Бёк ондағы адамдардың қырылғанын көрді. Инфекция түсіп асқынып, сұқ саусағынан айырылады. Қылқаламды ұстауды қайта үйренуге тура келеді.
2002 жылы ол Қытайға тағы қашып, бұл жолы Оңтүстік Кореяға аман-есен жетеді. Ол елдегі ең беделді көркем сурет университеттерінің біріне түсіп, оқытушылар оның социалистік реализм стилін жоғары бағалайды.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕТІСТІК
Суретшінің 2011 жылы өткен алғашқы көрмесі оған үлкен табыс әкелді. Оқытушылары мен курстастарының Ким-Мэрилин портретін көрсетпеу туралы кеңесін тыңдамай көрмеге қояды. Ақыры осы картинасы халықаралық жұртшылықтың назарын аударып, оны «Солтүстік Кореяға қарсы суретші» деп атай бастады.
Сонг Бёк «нағыз еркіндіктің не екенін енді білдім» дейді. Солтүстік Корея үкіметін сынау арқылы өткен өмірінің сұмдықтарын ұмытуға тырысады. Алайда ол енді марқұм болған ел басшысына арнап карикатура салмаймын дейді. «Пір тұтқан Ким Чен Ир қарапайым пенде болып шықты. Оның өлімін құрметтеймін және енді оны әжуалап сурет салмаймын» депті суретші Deutsche Welle радиосына берген сұхбатында.