Украинаның әуе шабуылы салдарынан Воронежде екі адам қаза тауып, 17-сі жараланды

Украина әуе күштері соққысынан кейінгі Воронеж. 26 қазан, 2026
Украина әуе күштері соққысынан кейінгі Воронеж. 26 қазан, 2026

26 қазанға қараған түні және таңертең украин дрондары соққысынан Ресейдің Воронеж қаласында екі адам қаза тауып, 17 адам жараланды. Бұл туралы Воронеж облысының губернаторы Александр Гусев хабарлады.

Оның айтуынша, жараланғандардың басым бөлігі – Воронеж маңында тұрған пойыздың жолаушылары. Пойызға ұшқышсыз аппараттың сынықтары құлаған.

Telegram-арналары оқиға орнынан бейнежазбалар жариялады. Өнеркәсіп орындары мен азаматтық нысандарда өрт шыққаны туралы ресми хабарды растайтын видеолар көп таралды.

Ресей билігі Воронеж облысының үстінде 113 дрон атып түсірілгенін мәлімдеді.

​
XS
SM
MD
LG