Женевада БҰҰ-ның адам құқығы кеңесінің 29-сессиясы өтіп жатыр. Онда ұйымның бейбіт жиындар мен ассоциациялар еркіндігі жөніндегі арнайы өкілі Майна Киаи Қазақстандағы бейбіт жиындар өткізу еркіндігі ахуалына қатысты баяндама жасайды. Ол биыл қаңтарда Қазақстанның бірнеше қаласын аралап, азаматтық белсенділер, билік өкілдері және кәсіподақ мүшелерімен кездескен.