Eurasia View (EV) басылымына сәуірдің 8-і күні шыққан Джошуа Кучераның мақаласында АҚШ пен Орталық Азия елдері қауіпсіздік қызметтерінің жақындасқаны туралы жазылған.
Автор «АҚШ әскерінің орталық басқармасының жетекшісі, генерал Джеймс Мэттис Конгресс алдында депутаттар сұрағына жауап берді. Онда генерал АҚШ барлаушыларына Орталық Азия елдеріндегі «ең сенімді деген әріптестерге» «кейбір өнімдерді» беріп отыру туралы бұйрық бергенін айтты» деп жазады.
ОРТАҚ ЖАУҒА ҚАРСЫ ШЕП
Мэттис былай деген: «[Орталық басқарманың жауапкершілігіндегі] аймақты аралап шыққанда жаңа бастамаларға куә болдым және көптеген проблемалардан туындап жатқан қауіп-қатерлерді аңғардым. Аймақтағы әскери басшылар барлау мәліметтерімен көбірек бөлісіп отыру жөнінде ұсыныстар айтты. Көпшілігі ел ішіндегі тұрақтылықты шайқауға не АҚШ-қа шабуыл жасауға әзірленіп жүрген антагонистерге қарсы батыл шешімдер қабылдап, қолда бар аз ресурстарын орнымен жұмсауға кіріскен. Осыны ескере отырып және өз міндеттерімізді орындауға деген құлшынысымызды дәлелдеу мақсатында мен барлаушылар қауымдастығына Жерорта теңізінің шығыс жағалауындағы, Араб түбегіндегі, Орталық және Оңтүстік Азиядағы ең сенімді әріптестерімізге «пайдалануға ыңғайлы өнімдер беріп отыру» туралы нұсқау бердім».
Оның айтуынша, АҚШ ұлттық барлау мекемесінің директоры Джеймс Клэппер де осы көзқарасты ұстанып отыр. Клэппер америкалық барлаушылардың әріптестермен қажетті ақпаратты бөлісуі «біздің ортақ жауларымызға қарсы мығым шеп құруымызға мүмкіндік береді» деген.
Генерал Мэттис Өзбекстанмен байланысты нығайтуға ерекше көңіл бөлетінін айтқан. Ол «Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық АҚШ-тың гуманитарлық және демократияландыру шараларын да белсенді жүргізуіне мүмкіндік береді» дейді.
«РЕПРЕССИЯ ҚҰРАЛЫ»
Автор мақаласында Америкалық барлау қызметі туралы жазатын Jane's Intelligence Review басылымының сарапшысы Роджер МакДермоттың да пікірін келтірген: «Бұл бастамалар (АҚШ пен Орталық Азия елдері барлау қызметтерінің ынтымақтастығы - ред.) Орталық Азиядағы режимдерді ұзағырақ сақтап қалуға ғана көмектеседі».
Оның айтуынша, Орталық Азиядағы барлау мекемелері «репрессия құралы» ғана.
«Орталық Азиядағы барлау мекемелерінің жұмыс тәсілі бірдей. СССР КГБ-сының орнына құрылған олар онша көп өзгермеді. КГБ-ның «режимнің қалқаны» болу дәстүрін бұлар да жалғастырды. Орталық Азиядағы барлаушылар мемлекетке төнген қауіптің алдын алу емес, басқарушы режимнің мүддесін қорғаумен айналысады. Бұл елдердегі барлау мекемелерінің советтік кезеңнен мұра болып қалған бірнеше осал тұсы бар: ашық қауіптерге мән бермеу және үкіметке хабар жеткізгенде байбаламға жол беру» дейді Роджер МакДермот.
«УАҚЫТ ОППОЗИЦИЯНЫ АҢДУҒА КЕТЕДІ»
Басылымның жазуына қарағанда, Орталық Азия барлаушыларының америкалық әріптестерінен тағы бір ерекшелігі – олар ішкі саяси оппозицияны, адам құқықтарын қорғаумен айналысып жүрген жекелеген белсенділерді аңдуға көп күш жұмсайды.
«Бұл олардың Ауғанстан жақтан мемлекетке төніп тұрған қауіпті бағалау мүмкіндіктеріне үлкен нұқсан келтіреді» дейді Роджер МакДермот.
Сарапшының пікірі бойынша, Орталық Азия барлаушылары жұмыс уақытының көбін мемлекеттік қызметкерлердің жемқорлық істерін зерттеуге, ал кейбір жағдайларда өздерінің жемқор рэкеттерін қорғауға жұмсайды.
Сарапшы Макдермот АҚШ барлау мекемесі басшысының аймақтағы қауіпсіздікке ең үлкен қатер ретінде Ауғанстанды атағанына қайран қалған. Өйткені бұл пікірді «аймақтағы ең беделді сарапшылар, соның ішінде америкалық барлаушылардың өзі жоққа шығарады» дейді ол.
«БИЛІКТІ САҚТАУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ»
Автор «Пайдалануға ыңғайлы өнім» дегеннің не екенін білмейміз және оның қандай ықпалы болатынын да болжай алмаймыз» дейді.
Мақала «Ең оптимистік болжам бойынша, АҚШ барлаушыларының Орталық Азиядағы «КГБ мекемелерімен» сыртқы қатерлер туралы ақпараттармен бөлісіп отыруы – бұл аймақ елдерінің ұлттық қауіпсіздікті нығайтуына игі әсерін тигізеді. Ал ең ықтимал сценарий мынадай: Сырттан көбірек қолдау көрген Орталық Азия басшылары барлаудың жаңа мүмкіндіктерін өздерінің ең басты мүддесі – билікті сақтап қалу мақсатына пайдаланады» деп аяқталған.