Совет одағы қалай күйреді?

Совет одағы қалай күйреді?

Кристина Фолтинова , 18 қазан 2021 жыл

1991 жылғы 25 желтоқсанда Совет одағының дәурені аяқталды. Одақ біртіндеп ыдырап, әлем картасында жаңа 15 мемлекет пайда болды. Кейбір сарапшылар СССР түбі бәрібір күйрейтін еді дейді.

Совет одағының ыдырауы қалай басталды?

Әлемдегі ең ірі мемлекет болған Совет одағының аумағы 22 млн шаршы километрден асатын. Одақ құрамында 15 республика болды, бірақ бір орталықтан басқарылды. Совет одағында орыс тілі ресми тіл болғанымен, онда түрлі ұлт және ұлыс өкілдері – 290 миллионнан астам адам өмір сүрді. Олар 200-ден аса тілде сөйледі.

Кейбір деректерде Совет одағының құлауына соңғы басшысы Михаил Горбачевтің билікке келіп, демократия мен экономиканы дамыту реформаларын жүргізе бастауы себеп болды деп айтылады. Бірақ Одақтың ыдырауына әсер еткен басқа да тұлғалар болған.

Оқиғалар хроникасы

Совет одағының ыдырауына ықпал еткен негізгі оқиғалардың кейбірін айта кетейік. 1985 жылы билікке келісімен Горбачев прогрессивті реформа жүргізді. Оның басшылығымен Совет одағы өзге елдермен қарым-қатынасын реттеп, демократияны дамытуға бет бұрды. Ақыр соңында осы өзгерістер арқасында коммунистік партия билігі біртіндеп жойылды.