Мәскеуде Ислам Каримовке ескерткіш орнатты
Мәскеуде қазанның 18-і күні Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовке арналған ескерткіш ашылды. Ескерткіш 15 қазанға қараған түні Мәскеудің орталық Якиманка муниципалдық округіндегі Каримов саябағында пайда болды. Ескерткіштің ашылуына қатысқандар Ислам Каримовті "көрнекті тұлға" деп атап, оның Өзбекстанда "түрлі-түсті төңкерістің болуына жол бермегенін" айтқан. Ал бұған дейін кейбір депутаттар ескерткішті орнатуға қарсы шыққан.