Тайланд шерушілері әуежайды босата бастады

Тайландта үкіметке қарсы шерушілер Бангкоктың негізгі әуежайындағы тексеру бекеттерінен шыға бастады. Ресмилердің айтуынша, халықаралық рейстер бейсенбі күні қайта қалпына келуі мүмкін. Осыдан 8 күн бұрын шерушілер үкіметке наразылық ретінде елдің әуе жайын басып алған болатын. Оның нәтижесінде жүздеген мың туристер елдеріне өз уақытында ұшып шыға алмаған еді.

Тайланд конституциялық соты премьер-министр Сомчай Вонгсаватты қызметінен алып тастап, биліктегі Халық күші партиясын сайлауда бұрмалаушылықтар жасады деп заңсыз еткен соң Демократия үшін Халық одағының қолдаушылары Бангкок әуежайын босатамыз деп уәде етті.