Шеруден пайда табушылар

Your browser doesn’t support HTML5

Стамбулда үкіметке қарсы өтіп жатқан шерулерді кейбір ептілер пайданың көзіне айналдырды. Наразылық --> http://www.azattyq.org/content/turkey_whatsapp/25010242.html ошағы – Таксим алаңының маңында сауда қызып жатыр. Ең өтімді заттар – медициналық маскалар мен көзілдіріктер, бұларды шеруге қатысушылар жас ағызатын газдан қорғану үшін пайдаланады. Саудагерлер «V» қарпі жазылған маскалардың жақсы өтетінін айтады. Осындай маска киіп алған бір адам қабырғаға «Ердоған отставкаға кетсін!» деп жазды. Видеоның авторы - Азаттық тілшісі Глен Кейтс.