Тәжістан имамдары бұдан былай біркелкі киінетін болды. Жақында елдің діни басшылығы имамдардың киім үлгісін бекітті. Бұған дейін елде мұғалімдер мен оқушылардың, студенттер мен қажыға баратын азаматтардың киім үлгілері енгізілген еді.
Қырғыз-тәжік шекарашыларының атысы Орталық Азиядағы шекаралық даулы аймақтар мәселесіне тағы назар аудартты. Сарапшылар түпкілікті келісімдер жасалмаса, қақтығыстар ушыға беретінін айтады.
Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жолдауын оқып жатыр. Алайда Назарбаевтың биылғы жолдауы жылдағыдай тікелей трансляция арқылы көрсетілмеді.
Сирия мен Иракта зорлық-зомбылық көбейді. Сарапшылар «екі ел шекарасын қайта белгілеу қажет бола ма» деп алаңдайды. Шекара өзгеруі қиын, бірақ аймаққа қатысты түрлі болжамдар айтылып жүр.
Қырғызстан басшылары елдің екінші ірі қаласы Ош билігіне Мелис Мырзакматовты келтірмеуге тырысып бақты. Әкім сайлауында Мырзакматов жеңілді. Қаланы басқаруға жаңа адам келді. Бірақ билік одан да қауіптеніп отыр.
Заманбек Нұрқаділовтің қаза болғанына 16 жыл толды. 2005 жылғы 12 қарашада Алматыдағы үйінде жұмбақ жағдайда қаза болған оппозициялық саясаткердің өлімін билік "суицид" деп атаған, бірақ оған күмән білдіретіндер де бар.
Қазақстан америкалық ұйым жасаған экономикалық еркіндік рейтингінде 67-орын алды. Мұның бір жыл бұрынғы көрсеткіштен айырмашылығы шамалы. Бірақ Ресей мен Қытайдан озған.
Ауғанстанда - футбол тойы. ФИФА-ның 2013 жылғы Fair Play жүлдесін алған ұлттық құрама бейбітшілік пен бірлікті насихаттағаны үшін құрмет-қошеметке бөленді.
Алматыда Ислам даму банкінің аймақтық форумы өтіп жатыр. Форум аясында Орталық Азияның экономикалық келешегі де талқыланбақ.
Иранның жартылай ресми ақпарат агенттігі ағылшын тіліндегі сайтына АҚШ туралы күмәнді мақала басты. Агенттік АҚШ-тың ішкі және сыртқы саясатын 1945 жылдан бері «бөгде ғаламшарлықтар басқарады» дейді.
Венесуэланың марқұм болған бұрынғы президенті Уго Чавестің Беларусьтегі танымалдығы соншалықты ел астанасында оның өмірі туралы қойылым ұйымдастырылып жатыр.
Иранның ядролық бағдарламасы бойынша уақытша келісім жасалды, енді Тегеранды Сирия дағдарысы туралы келіссөздерге қатыстыру мүмкіндігі талқылана бастады.
Польшаның консерватор депутаттары «Гитлердің Польша аумағында салған лагерлерін «поляк лагері» деп атағандарды заң жүзінде жауапқа тартуды» ұсынды.
2016 жылы республикашылар атынан президент сайлауына түспекші негізгі кандидат өзін штат губернаторы етіп сайлауға ықыласты болмаған қала мэріне тізе батырмақ болды деп айыпталады.
Иран парламенті депутатының елде әзербайжандар тығыз қоныстанған аймақтан «Солтүстік Күрдістан» провинциясын құру туралы ұсынысы әзербайжан диаспорасының ашуына тиді.
Жыл басынан бері Украинада большевиктер көсемі Владимир Лениннің кем дегенде төрт ескерткіші қиратылды. Бұл өткен советтік кезеңге халық наразылығының артып бара жатқанын көрсетеді.
Сенбі күні қырғыз және тәжік шекарашылары атысты. Бес қырғыз шекарашысы мен бір полицей және үш тәжік шекарашысы жараланып, госпитальға түскен. Бұл - екі ел арасындағы соңғы екі айда болған екінші қақтығыс.
Орыс православ шіркеуінің дьяконы Андрей Кураев шіркеу ішіндегі «гейлер ықпалын» әшкерелегеннен кейін қуғынға ұшырады. Оны Мәскеу рухани академиясынан шығарып жіберді.
Азаттық 6 - 12 қаңтар аралығында Қазақстанда және әлемде болған кейбір оқиғалар туралы апталық сурет баян ұсынады.
Сочи Олимпиадасының вебсайтында халықтың жарысты қаншалықты асыға күтіп жүргенін анықтайтын сауалнама бар. Бірақ сұрақтар жауап беруші ықыласпен «иә» деуі үшін ғана қойылған сияқты.
Тағы