Ауғанстандағы Джаузджан провинциясында әкесі жеті жасар қызын мәжбүрлеп тұрмысқа беріп, қалыңмалына 2 мың доллар алған. Жергілікті билік жақында ол некенің күшін жойды.
Волгоградта осымен екінші рет жарылыс болды. 30 желтоқсан күні таңертең троллейбус жарылып, 14 адам қаза тауып, 15 адам жараланды. Ал кешегі терактіден 17 адам өліп, 45 адам зардап шеккен еді.
АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі анасы дүние салған Иранның сыртқы істер министрі Жавад Зарифке әлеуметтік желі арқылы көңіл айтты.
Ирандағы қазіргі режимді жақтаушылар 2009 жылғы жазда үкіметке қарсы наразылық шерулерінің себебі туралы «Бүлік жасауға арандату энциклопедиясын» шығарды.
Азаттық 23 - 28 желтоқсан аралығында Қазақстанда және әлемде болған кейбір оқиғалар туралы апталық сурет баян ұсынады.
Өзбек диссиденті «Президенттің қызы Гулнара Каримованың Женевадағы үйінен 60-тан астам бағалы өнер туындыларын көрдім. Каримова оларды Өзбекстан мемлекеттік музейінен ұрлаған» дейді.
Рақымшылықпен қамаудан босаған панк-топ әншілері Надежда Толоконникова мен Мария Алехина "Зона права" жобасымен айналысуды мақсат тұтады.
Украинада оппозициялық журналист соққыға жығылғасын жүздеген адам ішкі істер министрлігі алдында шеру өткізді. Олар ішкі істер министрі Захарченконың отставкаға кетуін талап етті.
Пәкістанның қиыр түкпірінде есімі ерекше әйел өмір сүреді. Әкесінің жас кезіндегі арманы – АҚШ-қа кету болған, бұл ойын жүзеге асыра алмай, қызына үміт артыпты. Әже болып отырған Америка енді "немерелерім АҚШ-ты көрер" деп үміттенеді.
Ғалымдар жаңа технологияларды ішкиімдерге де қолдана бастады. Әйелдерді қуантатын жаңалық - «ақылды» бюстгальтер пайда болды. Ол әйел денсаулығын бақылап, қаскүнемдер шабуылынан қорғайды.
Женевада "бос тұрған" үйге кіріп алған өзбек оппозициясының өкілдері президент Ислам Каримовтың қызының атына рәсімделген мүлікке назар аудартқылары келгенін айтады.
2013 жылы денсаулық сақтау, медицина саласында жаңалық көп болды. Бірақ кіл жетістік емес, арасында алаңдаушылық туғызатын, жаңадан шыққан қауіпті вирустар туралы деректер де бар.
«Еуромайдан» немен аяқталуы мүмкін? Көрші елдерде болған осы тектес қарсылықтардан не нәтиже шығып еді? Азаттық төрт елдегі қарсылық тәжірибесін шолып шықты.
Pussy Riot панк-тобының әншісі Мария Алехина рақымшылықпен түрмеден босатылды. Енді ол адам құқықтарын қорғаумен айналысуға ниетті.
Ресейдің «Марадыковский» нысаны - Совет Одағы химиялық қаруын сақтаған сегіз аймақтың бірі. Азаттық тілшісі осы нысанның түбіндегі Мирный қаласына барып, тұрғындар жағдайымен танысып қайтты.
Иранның жоғарғы басшысы аятолла Әли Хаменеи елде халық санын екі есеге көбейтіп, 150 миллион адамға жеткізуге шақырған еді. Үкіметінің көп бала туу туралы үгіт-насихат кампаниясы сынға ұшырады.
Азаттық 16 - 22 желтоқсан аралығында Қазақстанда және әлемде болған кейбір оқиғалар туралы апталық сурет баян ұсынады.
Еуроодақпен келісімнен бас тартқан үкіметке наразылық білдіріп бір айдан бері Киев алаңынан тарамай тұрған шерушілерге тұрғындар жылы киімдер мен азық-түлік әкеліп жатыр. Азаттық тілшісі Еуромайданды қолдаушылармен кездесті.
Тәжікстан мемлекеттік телеарнасы Аяз ата мен Ақшақарды эфирден көрсетпейді. Уәж - бұл кейіпкерлер «халық мәдениетімен үйлеспейді». Бірақ көпшіліктің пікірі бөлек.
Ресейлік ЮКОС мұнай компаниясының бұрынғы басшысы Михаил Ходорковский Ресей президенті шығарған рақымшылық туралы жарлық бойынша түрмеде жаза өтеуден босатылды.
Тағы