1932-33 жылдары советтік Украинада ашаршылық (Голодомор) болып, миллиондаған адам қырылды. Аштықтан қашқандардың біразы Шешенстанға барып паналады.
Әлемдегі ең ірі әлеуметтік желі – Facebook өз пайдаланушыларына Косовоны дербес ел ретінде көрсетуге мүмкіндік берді. Бес жыл бұрын Сербиядан бөлінген Косово тәуелсіздігін 100-ден астам ел мойындаған.
Азаттық өздерін «Сирияға жиһад жасау үшін қоныс аударған адамдармыз» деп сипаттайтын ересектер мен балалардың кейбірінің аты-жөнін анықтады.
Сталин кезінде Украинаны күйреткен ашаршылық жайлы жаңа кітап жазылмақ. Онда ашаршылықтың әдейі ұйымдастырылғаны айтылады.
Украинада 80 жыл бұрын қолдан жасалған ашаршылық (Голодомор) құрбандарын еске алып жатыр. 1932-1933 жылдары елде миллиондаған адам аштан қырылған еді.
Бірінші дүниежүзілік соғыста тұтқынға түсіп Ресейде қалған австриялық Александр Винербергер Украинадағы Голодомор қасіретіне куә болды.
Украина Еуропа Одағымен жақындасып, бетін Батысқа бұрғандай болғанымен, соңғы сәтте Ресей қысымына шыдамай, Батыспен серіктестік келісімінен бас тартуы мүмкін. Бұл елдің басында ондай оқиға бір ғасыр бұрын болған еді.
Тәжікстанда ауылда тұратын әйелдердің көбі дәрігер көмегінсіз үйде босанады. Тәжік үкіметі ана мен бала өлімін азайтуға тырысып отыр.
Кабулда бүгін басталатын «Лойя Жирга» жиынында Ауғанстан мен АҚШ арасындағы қауіпсіздік келісімі талқыланбақ. «Лойя Жирга» деген не?
Ауған тайпалары көсемдері мен саяси жетекшілерінен құралған «Лойя Жирга» құрылтайы осы апта Кабулда АҚШ-пен арадағы «ұзақмерзімді қауіпсіздік» келісімін талқылайды.
АҚШ президенті Джон Кеннедидің кісі қолынан қаза тапқанына 50 жыл болды. АҚШ-та оның өлімі туралы жаңа деректері бар кітаптар шықты. Авторлардың бірі Питер Саводник Азаттыққа сұхбат берді.
Жапон мамандары Фукусима атом электр станциясының уран отыны құйылған ыдыстарын алуға кірісті. Операцияға асқан ептілік керек. Жұмыс ондаған жылдарға созылуы мүмкін.
Алматыда өртенген "Барахолкадағы" "Құлагер" базарының саудагерлерін базарға бүгін де кіргізбей жатыр
Ресейлік тергеушілер 50 адамның өмірін қиған Татарстандағы ұшақ апатының себептерін іздеп жатыр.
Алматыда намаз оқитын студенттер тізімделе бастады. Заңгер мұның адам құқығын бұзу екенін айтады. Ал оқытушының пікірінше, бұл шара «Сирияға кету оқиғасының алдын алуға керек».
Былтыр Пәкістанда бала зорлау 20 пайыздан асқаны жайлы деректер түскен. Құқық қорғаушылар мұны қоғамның бұл проблеманы ашық талқылауға үйренгендігімен түсіндіреді.
Екі аптадан соң Еуропа Одағының Шығыспен әріптестік саммиті өтпек. Украина саяси блокпен ынтымақтастық шартына қол қоя ма, жоқ па, бұл жағы әлі беймәлім күйінде қалып отыр.
Беларусь президенті Александр Лукашенко өткен аптада теледидардан бірнеше жоғары лауазымды шенеунікті сынап, қызметтерінен алып тастады. Олардың ішінде жақын серіктері де бар.
Жүз мыңдаған қырғыз азаматы жұмыс іздеп Ресей мен Қазақстанда жүргенде, елдегі жұмыс орындарында қытайлардың көбеюі басқаларды таң қалдырады.
Болгария студенттері «елді жайлаған жемқорлық пен кедейшілікпен күресе алмаған үкіметті отставкаға кетіру» шарасын бастады. Еуропа Одағындағы ең кедей осы елдің үкімет биыл осындай наразылықтан соң бір рет таратылған.
Тағы