Бүгін Тәжікстанда президент сайлауы басталды. Баламалы болып көрінгенімен, бұл сайлау көп жылдан бері ел басқарып келе жатқан Эмомали Рахмонды тағына қайта отырғызу рәсіміне көбірек ұқсайды.
Ереванда шеруге шыққан ұлтшылдар мен полиция қақтығысып, 37 адам ұсталған. Зардап шеккен 18 адам ауруханаға түскен.
Ауған армиясы мен полициясының елде тыныштық орнататынына күдік айтушылар көп. Өйткені ел ішіндегі тұрақтылықты күзетуге кіріскен жасақтардың адам шығыны көбейді.
Сочи олимпиадасына бірнеше ай қалғанда Ресей президенті қауіпсіздік шараларын күшейтуге бағытталған жаңа заңға қол қойды. Путинді сынайтындар мұны сталиндік кезеңге оралудың белгісі санайды.
Косово президенті Атифете Яхьяга серб ұлтшылдарына елді саяси дағдарысқа ұрындыруы мүмкін екенін ескертті. Елдің сербтер тұратын аймағы сайлаудан соң тыншымай тұр.
Өзбекстанды билеп отырған әкесімен жанжалдасып, Twitter-де «соғыс» бастаған Гүлнара Каримоваға қатысты жағдай әлемдегі репрессияшыл биліктердің бірінің бет-бейнесін ашып бере алды ма?
Тәжікстанда үш жасар қыз бала президент алдында тұрып өлең оқуы тиіс болған. Бірақ ол президентті танымай, оған «жаурап тұрмын» деп, құшақтап жылытуын өтінді.
Косово астанасы Приштинада азаматтар 3-қарашада өтетін жергілікті сайлауды саяси шоуға айналдырған жаңа партияға дауыс береді.
Терроризмге қатысты айыпталып жатқан Саян Хайыровтың зайыбы Шынар Бисенбаева "хиджаб кигені үшін өзі мұғалім болып жұмыс істеген мектеп басшылығынан қысым көргенін, сондықтан мұсылман еліне көшкісі келгенін" айтты.
Иранның жаңа үкіметі Батысқа сыртқы саясатын жұмсартқан түр байқатқанымен, елдегі ішкі саясаттың қатаң ережелері әлі өзгерген жоқ.
Мектеп мұғалімдері әкімдік мәжбүрлеп жаздыратын газет-журналдар сомасының жыл сайын артып келе жатқанына шағым айтты. Ал тиісті мекеме өкілдері «жазылуға мәжбүрлемейміз, тек кеңес береміз» дейді.
Ресейге шетелден келген еңбек мигранттарының өмірі кісі қызығарлықтай емес. Бірақ мигрант пен Солтүстік Кавказда туып-өскен Ресей азаматының Мәскеудегі тауқыметі ұқсас болып шықты.
YouTube-те «Қазақстан президенті Назарбаевтың қажылық міндетін орындап жүргені жайлы» видео жарияланды. Сарапшы президент «бейтараптық үшін» сапарын құпия ұстайды деп санайды.
Омбы билігі мектептерді Хэллоуин мерекесін тойламауға шақырды. Орыс православие шіркеуі де Батыстан келген мейрамдарға қарсы.
Тәжікстандағы президент сайлауы жақындап келеді. Азаттық тілшісі бірі қалада, екіншісі шалғай ауылда тұратын екі отбасымен оларды қандай мәселе алаңдататыны жайында әңгімелесті.
Өзбекстан президенті Ислам Каримов пен оның қызы Гүлнара Каримованың арасындағы кикілжің ушығып барады. Каримоваға қатысы бар деген Terra Group медиахолдингінің есеп-шоты уақытша жабылды.
Иран үкіметі Ислам тарихын бұрмалайтын мақала жазды деген айыппен реформаны жақтайтын газетті жауып тастады.
Халқын үнемі бұқаралық мерекеге жұмылдырып келе жатқан мемлекеттер көп емес. Түркіменстанды солардың бірі, тіпті бірегейі деуге болады.
Жақында Пәкістанда транссексуалдар соттасып, өз құқықтарын қорғап қалды. Бірақ көп ұзамай Пешавар қаласының полицейлері мен тұрғындары транссексуалдардың үйлеріне шабуыл жасады.
Келесі жылы Батыс коалициясы әскері Ауғанстаннан кетуі тиіс. Бұдан Қазақстанға келер қандай қауіп бар? Қазақстанның Кабулдағы елшісі Өміртай Бітімов осы жайында Азаттыққа сұхбат берді.
Тағы