Литва президенті Даля Грибаускайте Азаттыққа сұхбатында Еуропа Одағымен тығыз байланысты көздейтін «Шығыс серіктестік» ұйымына мүше алты ел «өздеріне пайдалы істерді» атқарып жатқанын айтады.
Тәжікстанда президент сайлауы науқаны қызған шақ. Елдің қазіргі президенті Эмомали Рахмонның сайлау штабы мүшесі танымал саясаткерлердің сөздерін көшіріп алғаны үшін сынға ілінді.
27 қазанда Грузия жаңа президентін таңдайды. Михаил Саакашвилидің он жыл бойғы билігі аяқталған соң елде маңызды конституциялық өзгерістер болуы ықтимал.
Ирандағы консерватор саясаткерлер Америкаға өшпенділігінің негізді екенін дәлелдеу үшін президент Хассан Роуханидің бастамаларына қарсы шықты.
Грузияда 27 қазанда жаңа президент сайланған соң билік басында 10 жылдай отырған Михаил Саакашвили қызметінен кетеді. Елде "тура мінезді президент" туралы әрқилы пікір қалыптасқан.
Қазақстан президенті Минскіде өткен Еуразиялық экономикалық кеңес жиынында Ресейдің интеграциялық процестерді саясиландырып отырғанын сынады.
Ауғанстанда келер жылы сәуірде өтетін президент сайлауы кандидаттары символдарын таңдады. Ол белгілердің арасында қарындаш, бульдозер, радио да бар.
Құран сүрелерін оқып отырып, әйел адамды аймалаған ауыл молдасы туралы видео тәжікстандық YouTube-те көп көрермен жинады. Молданың Душанбедегі соты да қоғам назарын аударып отыр.
Бұл елде бір жарым миллион нашақор бар. Ресей «НАТО Ауғанстаннан кетсе, есірткі саудасы еселеп өседі» деп қауіптенсе де, бұл проблемамен күресудің ешқандай жобасын жасамаған.
Ресейдің мұнайы мен газын алатын Еуропа шикізат терминалын ашты. Ал Қытай Орталық Азия елдерімен энергетикалық келісім-шарттар жасасып, АҚШ мұнай өндіруге көшті.
Түркіменстанда бірер жыл бұрын ғана бала еңбегін пайдалануға тыйым салынған еді. Бірақ биыл балалар мақта теруге қайта шықты.
Ресей президенті жанынан құрылған адам құқықтары бойынша кеңес Владимир Путинге конституцияның 20 жылдығына орай берілетін рақымшылық жоспарын тапсырды.
Ауғанстандағы Марко қалашығы тұрғындары осы күні кәсіптің жаңа түрін меңгерген. Олар алдағы президент сайлауында дауыс беруге арналған сайлаушы картасын сатып нәпақа тауып жүр.
Тәжікстанда жас жігіт жоғары жылдамдықпен басқа бір көлікті соғып, үш адам опат болды. Бозбала тәжік президенті Рахмонның туысы әрі ықпалды шенеуніктің баласы болғандықтан, оқиға халықтың үкіметке наразылығын күшейтті.
Мәскеуде осы аптадағы әсіре ұлтшылдардың мигранттарға қарсы бас көтеруі пайдасы мол қоймаларды тартып алуға сылтау тауып бергендей болды.
Мәскеу тұрғындары орыс ұлтшылдарының соңғы жылдардағы ең бір қатыгез әрекетіне куә болды. Бірақ билік өкілдері бұл бүлікке "түсіністікпен" қарайтын тәрізді.
Иранның Батысқа деген жаңа көзқарасы дипломатиялық байланысты жақсартуды ғана көздемейтін сияқты. Тегеран АҚШ және Еуропа елдерімен тығыз экономикалық қатынастар орнатқысы келеді.
Беларусь президенті Лукашенко мен большевиктер көсемі Лениннің ұқсас жері - цензура. Олардың сөздерін өздері құрған режим кесіп тастайды.
Иран президенті Хассан Роухани өткен айда Нью-Йорк сапарынан «АҚШ-тың Иран халқына сыйлығын» ала келді. Бірақ сарапшылар «ежелгі парсы жәдігері деп берген тарту - көшірме» дейді.
Мәскеу полициясы «тұрғындар мен полиция қақтығысына себеп болған әзербайжандық мигрантты ұстадық» деп мәлімдеді. Ал мигранттың әкесі «іс қолдан жасалған» дейді.
Тағы