2014 жылы көктемде Ауғанстанда президент сайлауы өтеді. Cайлауға түсетіндер арасында орталық билікті мойындай қоймайтын дала командирлері де бар.
Мәскеу қалалық думасы депутатының «Феликс Дзержинскийдің ескерткіші қайта тұрғызылуы мүмкін» деген сөзі Ресейде наразылық туғызды.
Иранның жаңа мәдениет министрі Әли Жаннати бұрынғы президент Ахмадинежад тұсындағы цензураны сынап, «қолдарынан келсе, цензорлар Құранға да тыйым салатын еді» деді.
Ұзатылатын күні басқа жігітпен қашып кеткен ауған қызын туыстары ұстап алып, атып өлтірді. Бұл қылмысқа байланысты сотталған молда «қызды жазалаған мен емес, халық» дейді.
«Президент Сапармұрат Ниязовқа қастандық жасамақ болды» деген күдікпен ұсталған, арасында Түркіменстанның сыртқы істер министрі де бар оншақты адам хабар-ошарсыз кетті.
Орыс православ ұлтшылдары Мәскеудегі Третьяков галереясынан танымал картинаны алып тастауды талап етті. Олардың пікірінше, «Илья Репиннің шығармасы орыс тарихын бұрмалайды».
Тәжік футболшысы Қорғантөбе қаласы командасының қақпасына гол салғаны үшін шенеуніктердің қырына іліккенін айтады.
Грузияның Ресей әскері бақылауына өткен Оңтүстік Осетия ауданында тікенек сыммен шекара тартылып жатыр. Ал Тбилиси жер дауы қайта ушықса деп әскери дайындығын қамдап отыр.
Ресейде екі ірі сотты біріктіріп, бір жоғарғы сот жасау жайлы конституциялық жоба парламент қарауына берілді. Мамандар «мұндай өзгеріске мұқтаждық жоқ, бұл саяси сақтыққа ұқсайды» дейді.
10 қазан – әлемде өлім жазасына қарсылық күні. Amnesty International дерегінше, Иранда биыл ондаған адам дарға асылған. Бірақ олар бір құрбандықты есепке қоспады: көшеде дарға асылған адамдарды көрген 12 жасар бала асылып ойнаймын деп өліп кетті.
Иран президенті Роухани «Ирандықтар АҚШ-пен дипломатиялық келіссөздер жүргізуді қолдай ма, жоқ па?» деген сауалнамаға тапсырыс берді. Пікір білдіру кезегі қарапайым ирандықтарға тиді.
Ауғанстанда 2014 жылы өтетін президенті сайлауына кандидат тіркеу шарасы аяқталуға жақын. Мамандар «бұл сайлауда Ауғанстандағы бұрынғы және қазіргі ықпалды тұлғалар бәсекеге түскелі отыр» дейді.
Әзербайжан 9 қазан күні өтетін президент сайлауына дайындалып жатыр. Осы уақытқа дейін елді билеп келген автократ басшы Ильхам Әлиевтің үшінші рет сайланатынына көпшілік күмәнданбайды.
Өткен аптада Израиль премьері «Ирандықтар еркін халық болса, джинс киетін еді» деді. Осыдан соң ирандықтар әлеуметтік желілерге джинс киген суреттерін жариялап, Нетаньяхуды жаппай сынады.
Қазақстанда сегіз жыл заңды тұрған протестант пасторы әкімшілік заң бұзғаны үшін депортацияланды. Сарапшылардың айтуынша, мемлекет қолдайтын ислам мен православие ағымдарынан басқа діни ұйымдарға қысым күшейіп келеді.
Латвия ел экономикасына ақша салған инвесторларға оңайлатылған жолмен Шенген визасын беруді шектемек. Оған себеп - шетелдік инвесторлардың төңірегінде дау-дамай көбейіп кеткен.
Ресейде теміржол компаниясы жолаушыларға христиан дініне қатысты аудиохабар беруді енгізбек. Орыс православ шіркеуінің бастамасымен жүзеге асатын жобаны сынайтындар да бар.
Орыс ұлтшылы бұл киімдерді видеоға түсіріп, олардың Өзбекстанда тігілгеніне наразы екенін айтып, итернетке жариялады.
Тәжікстан президентінің атынан өнер туындыларын сатып алушы ретінде танысқан суретші Петро Водкинс батыста көп галереялар миллиондаған долларды көргенде ар-ұятты ұмытатындығын әшкереледі.
Азаттық 30 қыркүйек - 5 қазан аралығында Қазақстанда және әлем елдерінде болған кейбір оқиғалар туралы апталық сурет баян ұсынады.
Тағы