Пәкістанның жоғары діни басқармасы адам зорлау қылмыстарын анықтауда ДНҚ сараптамасын пайдалануға рұқсат етпек деген ақпарат шықты.
Өзбекстан билігі халықаралық бақылаушылардың елдегі мақта жинау науқанын тексеруіне рұқсат берді. Кейбір сарапшылар олардың шынайы ақпарат алуына кедергі жасалуы мүмкін дейді.
Ауғанстаннан шыққан америкалық жазушы Нушин Арбабзада шоқынған ауғандар, трансвеститтер мен осы елдегі гей-блогшылар туралы кітап шығарды.
Ресейде гомосексуал азаматтарды ата-аналық құқығынан айырады деген ақпарат жыныстық азшылықты алаңдатады. Құқық қорғаушылардың сөзінше, үкіметтің бұл кампаниясы үдеп барады.
АҚШ прокурорлары Ресей заңгері «Магнитский тізіміне» қатысты қандай активтерді тұтқындау қажеттігін тексеріп жатыр. Прокурорлар арызында жазылған бірнеше ресейлік АҚШ-тың «қара тізіміне» енуі мүмкін.
Швециялық Томас Мазетти Беларусь президенті Александр Лукашенконы тосын тәсілдермен сынап келеді. Ол былтыр Беларуське ойыншық аюлар лақтырған ұшағын сататынын мәлімдеді.
Сотта түсініктеме берген мұсылман әйелден бетін жауып тұрған жамылғысын шешуді талап еткен ұлыбританиялық судьяның әрекеті қоғамда пікірталас тудырды.
Интернетке Иран сарбаздарының Сирия президенті Башар Асад әскеріне көмектесіп жүрген видеосы шықты. Иран «видео қолдан жасалған, Сириядағы әскери операцияларға қатысымыз жоқ» дейді.
Мамандардың айтуынша, «әлемдік державалар Сирияның химиялық қаруын тым қысқа мерзім ішінде жою талабын қойып отыр». Бірақ мұндай шаралар бір жылдан аз уақытта жүзеге асып көрген емес.
Әлеуметтік желілерге бір адамды шөлмекпен зорлаған видео шықты. Ұялы телефон мен WhatsApp қосымшасы арқылы тараған бұл видеода этникалық өзбектің үрейден «гей екенін мойындағаны» көрсетіледі.
2014 жылы Ауғанстанда өтетін президент сайлауына дайындық қарсаңында ел ішіндегі этникалық жіктер де айқындала түсті.
Башар Асадтың әйелінің бұрынғы аудармашысы Михран Бертизлян Азаттыққа сұхбатында Сириядағы қантөгіске шетелдік исламшыл топтар мен Батыс елдерін кінәлайды.
Өзбекстан ақпарат құралдары «Рахима Ганиева – Индонезиядағы «Әлем аруы» байқауына Өзбекстаннан қатысқан алғашқы ару» деген мәлімет таратты. Ал Өзбекстан билігі «Ганиеваны танымаймыз, Джакартада не істеп жүргенін де білмейміз» дейді.
Азаттық 9 - 13 қыркүйек аралығында Қазақстанда және әлем елдерінде болған кейбір оқиғалар туралы апталық сурет баян ұсынады.
Азаттықпен сөйлескен Ташкенттегі аудан әкімшілігі «қазақ ауылы бұзылып жатыр» деген ақпаратты жоққа шығарды. Олар үйі бұзылған адамдарға баспана ақысы мен жер берілгенін айтты.
Қыркүйектің 13-і күні ШЫҰ саммитінде Ауғанстан және аймақтағы қауіпсіздік мәселесі талқыланады. Сарапшылар ұйымның қауіпсіздікті қамтамасыз ететініне күмән келтірді.
Қазақстан мен Өзбекстанда қытай тілін үйренушілер саны артып, университеттерде - мамандық, мектептерде факультативтік сабақтар жаппай ашыла бастаған.
ШЫҰ саммиті алдында екіжақты келісім-шарттардың көбеюі бұл халықаралық ұйымның аймақтық экономиканы дамытуда кемшін тұстары бар екенін де аңғартады.
Ауғанстаннан НАТО әскері шығатын уақыт таяп келеді. Осы апта Бішкекте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінде қауіпсіздік мәселесі басқа қырынан талқылануы мүмкін.
Тергеліп жатқан тұтқын Михаил Косенконы анасын жерлеп қайтуға жібермеген Мәскеу соты шешімі жұртшылықтың ашуын туғызды.
Тағы