Мәскеу мэрі сайлауына түскен Алексей Навальный Ресейдегі саясат тәсілдерін өзгертті. Оған негізінен жастар көмектесті.
Саяси тұтқын Арон Атабекке арналған аяқ киім бірнеше айдан соң сәлемдемені Польшадан жіберген белсенді Балли Мажецке қайтып оралды. ҚАЖК заң бойынша қайтарғанын айтады.
Азаматтық белсенді Евгений Ройзман Ресейдегі төртінші үлкен қаланың мэрі болып сайланды. Саяси оппозициясының көш басындағы бұл адамның тұлғасы қарама-қайшылыққа толы.
Сирияда химиялық қару қолданылғаны туралы хабар Ирак пен Иранда осындай жағдайды бастан өткергендерге ерекше әсер етті. Азаттық тілшісі олардың пікірін білген еді.
Грузия премьер-министрі Бидзина Иванишвили Азаттыққа берген сұхбатында Еуропа Одағына ұмтылатын өз елінің болашақта Еуразия Одағына да мүшелікке өтуі мүмкін екенін айтады.
Сирия президентінің зайыбы Асма Асадтың әлеуметтік желілерде өзінің жағымды бейнесін қалыптастыру үшін жариялаған суреті жұртшылықтың ашу-ызасын туғызды.
Екінші дүниежүзілік соғыста құлдықты, аштықты, қорлықты әбден көріп, концлагерден ғайыптан тірі шыққан адамдардың қатары сирей бастады. Ең таңқаларлығы - олардың көпшілігі ұзақ ғұмыр кешкен.
АҚШ Сирияға жасалатын әскери операциясының мақсаты мен өту барысын пысықтап жатыр. Сарапшылар «Шабуылдан не шығады?» және «Ақ үй райынан қайта ма?» деген сұраққа жауап іздейді.
Беларусь экономикасы дағдарысқа түскелі бірнеше жыл болды. Енді бұл елдің ірі экономикалық әріптесі Ресеймен қарым-қатынасы шиеленісіп тұр. Лукашенко Путинге қарсы шыға бастады.
Осы апта Армения Кеден Одағына кіретінін мәлімдеді. Азаттық тілшісі АҚШ экономисі Джуди Шелтонмен осы одақтың мүше елдерге пайдасы туралы әңгімелесті.
Қытай басшысы Орталық Азия елдеріне ұзақ сапарға аттанды. Сарапшылар пікірінше, мұнай мен газдан бөлек, Си Цзиньпинді аймақтағы қауіпсіздік мәселесі де алаңдатады.
Шеберган қаласында тек әйелдерге арналған саябақ салына бастады. Күзетшісі, хауызы, орындықтары және балаларға арналған алаңы бар саябақ серуенге сирек шығатын әйелдердің демалыс орнына айналмақ.
Орталық Азияда мақта жинау науқаны басталғанда адамды күштеп жұмысқа жегу мен суды босқа шығындау мәселесі сөз болады. Осы кезде «мақтаға тәуелділіктен құтылу керек» деген пікір де айтылады.
Қазақстандағы адам құқықтары бюросы мен азаматтық белсенділер балқаштық адвокат Зинаида Мухортованы психиатриялық диспансерден шығаруды талап етеді.
Алматыдағы студенттердің біразы жатақханадан орын ала алмай жүргендерін айтады. Ал университет өкілдерінің сөзінше, жатақхана әуелі жеңілдікке ие бірнеше топқа беріледі.
Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва өлкесі басшылары мектеп оқулықтарын өзгерткісі келеді. Реформа жүзеге асса, жиһад туралы сабақтар қайта оқытылады. Мамандар «бұл экстремизмді күшейтеді» дейді.
Грузияда мешіт мұнарасы орнынан алынып, дау шықты. Шенеуніктер «мұнараны кеден құжатына сәйкестігін тексеруге алдық» дейді. Оны әкетерде - мұсылмандар, қайта қоярда христиандар наразылық танытқан.
Шешенстан президенті Ресейдің ең танымал 10 нысанын анықтауға арналған конкурста әкесінің құрметіне аталған мешітке дауыс беруге шақырған еді. Енді ол мешіттің жарысқа қатыспайтынын мәлімдеді.
2011 жылы көктемде Сирияда президент Башар Асадқа қарсы бейбіт шеру ретінде басталып, кейін азаматтық соғысқа ұласқан қақтығыстан 100 мыңға жуық адам қаза тапты.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың Азаттық радиосы Қырғыз редакциясына берген эксклюзив сұхбатынан үзінділер ұсынамыз.
Тағы