Алматыдағы «Прайм Плаза» сауда кешенінде әнші Қайрат Нұртас қатысқан концерт жаппай тәртіпсіздікке ұласып, полиция мен жастар қақтығысты. Азаттық «қабырғама оқ тиді» деген адаммен хабарласты.
Азаттық 26 - 30 тамыз аралығында Қазақстанда және әлем елдерінде болған кейбір оқиғалар туралы апталық сурет баян ұсынады.
Владимир Путин әйел ішкиімін «кигізген» карикатуристке ашуланған алғашқы саясаткер емес. АҚШ-та ширек ғасыр бұрын осындай суретші "пікір еркіндігін" сот арқылы қорғап қалған.
Ғалымдар апатты жағдайда тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз етудің жаңа әрі қарапайым әдісін – бактерияны жоятын затты ойлап тапты.
Ресейдің жоғары лауазымды саясаткерлерін бейнелейтін галереяда Ресей президенті Владимир Путин мен премьері Дмитрий Медведевтің әйел киімін киген суреттері де бар.
Human Rights Watch ұйымының өкілі Анна Нейштат тамыздың 27-сі күні Азаттық тілшісі Ирина Лагунинаға телефон арқылы сұхбат берді.
Сирия үкіметінің химиялық қару қолданғаны туралы Вашингтонның болжамы дәлелденсе, АҚШ әуеде, теңізде және құрлықта әскери операциялар бастауға дайын.
Бұрынғы Совет Одағы елдерінде демократияны дамыту, адам құқықтарын қорғау жолында күресіп жүрген белсенділер Мартин Лютер Кинг жолымен өз армандарын айтып, ой бөлісті.
Ауғанстан тұрғындарға заңсыз миграцияның қауіптерін ескертетін ақпараттандыру науқанын бастады. Елден шетел әскері шығатын күн таяған сайын сыртқа босып кетушілер көбейген.
Иранның жаңадан тағайындалған сыртқы істер министрі Джавад Зариф Facebook-тегі парақшасын отбасы мүшелерімен бірге жаңартып отыратынын айтты.
АҚШ-та Ричард Никсон президент болған кезде жазылған 3700 сағаттық аудиотаспаның қорытынды бөлігі жарияланды. Онда 1973 жылы жазда Никсонның Леонид Брежневпен Ақ үйдегі әңгімесі жазылған.
Мәскеу полициясы Қызыл алаңға шыққандарды ұстады. Белсенділер 45 жыл бұрын дәл осы жерде СССР-дің Чехословакияға әскер кіргізеніне наразылық білдіргендердің ұранымен шыққан еді.
Түркия премьері Тайып Ердоғанның арқасында төрт саусақ Египет шерушілерінің жаңа символына айналды.
Ресейдегі гейлерге қарсы заң туралы пікірін Russia Today желісінен тікелей эфирден айтқан америкалық журналистің сөзін жүргізуші үзіп тастады.
Ресейлік композитор Илья Демуцкий Pussy Riot панк-тобының мүшесі Мария Алехинаның сотта айтқан соңғы сөзіне арнап моно-опера жазды. Оның шығармасы Италияда өткен халықаралық байқауда жүлде алды.
Акциясының 20 пайызы Еуропа қайта құру және даму банкіне тиесілі қаржы ұйымын интернетте айыптаған азамат сотқа тартылып, бір жылға еңбекпен түзеу жазасына кесілді.
Ресейлік әлеуметтік желіде төрт жігіттің транссексуалға шабуыл жасаған видеосы жарияланды. Әлеуметтік желіні қолданушылардың біразы жыныстық азшылыққа жасалған кезекті зорлықты қолдады.
Ауғанстан - этникалық және діни араздық ушыққан ел. Бірақ Ауғанстан-Пәкістан футбол матчы ауғандықтарды біріктірді.
Алматы облысындағы Шеңгелді ауылын қазір полиция күзетіп тұр. Мұнда "ұлтаралық араздықтан шықты" деп аталған оқиғада жас жігіт қаза тапқан.
Украина мен Ресей араздығы "Украинаның Еуропа Одағымен келісім жасауына кедергі келтіретін Ресей жоспары" деген құжат жарияланғалы шиеленісе түсті.
Тағы