Бірнеше ай бойы шетелдік сарапшылардың аузынан түспеген дағдарыс, девальвация, өндірістің құлдырауы, өсу қарқынының төмендеуі дегенді Қазақстан үкіметі мойындауға мәжбүр. Шұғыл қолға алынған шараның бірі топ-менеджер Григорий Марченконың Ұлттық банкке қайта оралуы болды.