Ауғанстанның пәрменді дала қолбасшыларының бірі болған генерал Рашид Достумның президенттік сайлау алдында елге оралуы түрліші пікірлер туындатып отыр.
Ресми Тбилиси құрылғанына 18 жыл болғанТәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымы құрамынан шығатынын бұдан бір жыл бұрын мәлімдеген болатын. Енді міне Грузия ұйым қатарынан шығу үдерісін аяқтады.
Президенттік сайлаудан кейін екі айға созылған Ирандағы саяси дағдарыс қазір өзгеше сипат ала бастағандай. Атап айтқанда, қазір президент Ахмадинежадтың жақтастары мен оны қолдамайтын консерваторлар арасында теке-тірес жалғасуда.
Ресей Қырғызстанда екінші әскери базасын орнататыны жөнінде таяуда мәлімдеді. Келісімге Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының өткен аптадағы саммитінде қол қойылған болатын. Осыған қатысты аймақта түрлі пікірлер туындатып отыр.
Молдованың 4 оппозициялық партиясы батысшыл бағыттағы коалиция құруға келісті. Парламентте сәл ғана басым дауысқа ие болған олардың жаңа президент сайлауға дауыстары жетпей жатыр.
Шешенстанда хұқық қорғаушы Зарема Садулайева мен оның күйеуі Алик Жабрайыловты белгісіз біреулер атып кеткен екен. Ерлі-зайыптыларды жақсы білетін хұқық қорғаушылардың айтуынша, олардың саясатқа қатыстары жоқ болған.
Қырым татарлары ата-баба жеріне иелікті талап етіп, бірнеше айдан бері Киевтегі Украина үкіметі үйі алдында шерулер өткізуде. Бірақ біздің үнімізге құлақ асып жатқан адам жоқ дейді олар.
Ресей танкілерінің Грузия жеріне басып кіргеніне бір жыл өтсе де, Ресейге қатысты халықаралық қауымдастық талаптарында көп өзгерістер бола қойған жоқ.
Бір жыл бұрын Ресеймен арада қақтығыс болғанда талайлар үшін Грузияның раушан төңкерісі тұсында берілген уәделер тұйыққа тірелгендей көрінген еді. Тұрақты да демократиялық елді қалыптастыру арманы алыстағандай болған-ды.
Қытайдың Шыңжаң аймағында, жексенбіде болған көтеріліс кесірінен кем дегенде 140 адам қаза болып, сегіз жүздейі жараланған екен. Үрімжі қаласында болған бұл оқиға үшін ресмилер ұйғыр жікшілдерін айыптауда.
Халықаралық атом энергиялық агенттігінің жаңа директоры шілденің 3-де сайланды. Жаңа басшы, жапониялық дипломат Юкиа Амано бұл қызметіне қараша айында кірісетін болады.
АҚШ Мемлекеттік департаменті Мұсылман әлемімен байланысқа жауапты өкілін алғаш рет тағайындап отыр. Мақсат - Мұсылман елдерімен АҚШ қарым-қатынастарын жаңа деңгейге көтеру.
Иранда президенттік сайлаудан кейін болған оқиғаларды әлем бойынша блогшылар өз сайттарында жариялап келеді. Солардың бірі-АҚШ-тағы “Huffington Post” вебсайтының редакторы Нико Питней болатын. Ол Азаттық радиосына берген сұхбатында өз ойын білдірген еді.
Хабарларға қарағанда Ираннның Сақшылар кеңесі таласты сайлау қорытындысына байланысты дауыстарды қайта есептеуді жүргізуде. Оның қорытындысы сейсенбіде белгілі болуы мүмкін. Сондай-ақ оппозиция жетекшісі Мир Хусейн Мусави тұтқындалды деген де қауесет бар.
Теһран көшелері маусымның 26-да тынышталғандай. Дей тұрғанмен, оппозиция басшысы Мир Хусейн Мусави президенттік сайлауда заң бұзушылықтардың орын алғанын одан әрі дәлелдейтінін мәлімдеп отыр.
Түркменстан cыртқы істер министрі Рашид Мередов АҚШ-тағы 4 күндік сапарын маусымның 25-де аяқтады. Министр осы сапар барысында АҚШ әкімшілігінің жоғарғы өкілдерімен кездескен болатын. Ол сондай-ақ АҚШ-тың ірі мұнай компаниялары басшыларымен де кездеседі деп жоспарланған еді.
Иран мемлекеттік теледидарында тұтқындалған шерушілер көрсетілді. Өздерінің кінәлі екенін мойындаған сөздерінде олар "Америка даусы" және BBC ақпарат құралдарының хабарларына сеніп қалғандарын айтуда.
Иранда, сенбі күнгі шеру барысында оққа ұшқан Неда есімді қыздың суреті әлемді аралап кетті. Қазір Иран әйелдері көшедегі шерулерден бастап, азаматтық журнализм саласында болсын белсенді рөл атқаруда.
Ресми Теһран Иранда маусымның 12-інде болған президенттік сайлау қортындысынан кейін басталған наразылық шерулері үшін шетелдік күштерді кінәлап, шерушілерді лаңкестер, көтерілісшілер деп айыптауда.
Қашқар қаласы - Жібек жолы бойында орналасқан тарихи шаһар. Жергілікті биліктің жоспары Қытайдың Шыңжаң аймағындағы бұл жәдігер мекеннің тарихи келбетіне алдағы уақытта нұқсан келетін сыңайлы.
Тағы