Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жергілікті бірнеше журналиспен кездесті. Жексенбіде телеарналардан көрсетілген сұхбатта президент ән де айтты.
Желтоқсанның 20-сы күні әлеуметтік желіде Астанада доллар жоқ екені, жұрттың АҚШ валютасын іздеп сабылғаны жайлы бірді-екілі жазба шықты. Алайда жаппай ажиотаж туралы ақпараттар расталмады. Дегенмен кей аймақта доллар тапшы.
Ресей экономикасы тұрақты кезде доллармен ипотекалық несие алған азаматтардың жағдайы күн санап қиындап барады.
Ресей президенті Владимир Путиннің рубль құлдыраған кезде жасаған мәлімдемелері Еуропа елдерін алаңдатты. Сарапшылар ЕАЭО жобасы іске асатынына сенбейді әрі Қазақстанға «сақ болуды» ескертеді.
Азаттық қазақстандық спортшылардың әлемдік жарыстардағы биылғы жетістіктері мен сәтсіздіктерін шолып шықты.
Сарапшылардың пікірінше, патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымовтың ЕАЭО нормасын іске қосуды бір жылға шегере тұру туралы ұсынысы – ел үшін тиімді болғанымен, саяси тұрғыдан іске аспайтын бастама.
Ресей президенті Владимир Путин жыл сайын өткізетін баспасөз мәслихатында түрлі теңеулер қолданып, әзіл-қалжың айтып, жұртты күлдіру арқылы сенімді басшының имиджін қалыптастыруға тырысты.
2014 жылы «Ислам мемлекеті» (ИМ) әлемдегі ең әлеуетті «жиһадшыл» топтардың біріне айналды. АҚШ бастаған коалицияның бұл ұйымды тоқтатуға қауқары жете ме?
Жаңаөзендіктер 2011 жылғы оқиғадан кейін қала келбеті өзгергенімен, жұмыссыздық мәселесі шешілмей жатқанын айтады. Ресми орындар басқаша уәж келтіреді.
Ресей президенті бүгінгі баспасөз жиынында да «Украинаның шығысында Ресей әскері соғысып жүрмегенін» мәлімдеді. Ол Қазақстанды да сөз етті.
Рубльдің құлдырауы қазақстандықтардың қорқынышы мен алаңдаушылығын тудырды. Халық арасында девальвация жайлы қауіп тарады.
Рубльдің құлдырануы Ресейге нәпақа іздеп келген миллиондаған еңбек мигрантына ауыр соққы болды. Олардың табыстары азайып, күнкөрісі қиындады.
Тағы