Қазақстан президенті Батыс пен Ресейдің санкция соғысын «жабайылық» деп атады. Ол «Ресей бұл жағдайдан абыроймен шығып көркейіп кетеді, Ресеймен бірге Қазақстан да көркейеді» деді.
Қазалы ауданының бір топ тұрғыны аудан әкімінің жұмысына баға беру үшін арнайы күнделік ашқан. Бұдан хабарсыз екенін айтқан әкімшілік «бірлі-жарым адамдардың қарсы болуын» қалыпты іс деп біледі.
Өзбекстанда тәуелсіз кандидаттар қатысқан ашық сайлау өтуін қалайтын, бірақ ондай шара өткізуге мүмкіндіктері жоқ шетелдегі өзбек белсенділері интернетте «виртуалдық сайлау» өткізбек.
Қызылорда облысының әкімі «ауыл әкімі қызметіне кандидаттар азайып кеткенін» мәлімдеді. Ал ауыл тұрғындары «әкім болғысы келетіндер аз емес, оларға ауыл әкімдерін сайлау қағидалары кедергі» дейді.
Минскіде бүгін, 11 ақпанда өтетін келіссөздер нәтиже бермеген жағдайда АҚШ Украинаға қару беруі мүмкін.
Швейцария банкіндегі құпия ақпарат тарап кетіп, екі қазақстандықтың есімі аталды. Барлығы 82 қазақстандық клиенттің құпия есеп-шоты табылған.
Шыңжаңдағы қазақ тілінде жарық көрген жаңа газет «мемлекет саясатын қолдаумен қатар ұлт тарихын ұрпақ санасына сіңіруді мақсат еткенін» айтады.
Азаттық ақпанның 12-сі күні саясаттанушы Дос Көшіммен онлайн-конференция өткізді.
Үш жыл Қазақстанда күңдікте болған қырғызстандық Жұмагүл Жүсіпқызы еліне оралған соң туыстарын зорға тапты.
Әлеуметтанушылар Ресейдегі Батысқа қарсы көңіл-күйдің шырқау шегіне жеткенін айтады. Мәселен, АҚШ-ты ресейліктердің 81 пайызы жек көреді.
Қарағанды облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығы «Хизб-ут-тахрир» мүшесі Рафис Ғалиулин түрмеде азаптауға ұшыраған» деген құқық қорғау ұйымының мәлімдемесін теріске шығарды. Ал тұтқынның әйелі ерінің жағдайын тексеруді талап етеді.
Интернет қолданушылар жуықта қайтыс болған жазушы Герольд Бельгерді Астанада салынбақ ұлттық пантеонға жерлеп, есімін Алматыдағы көшеге беруді ұсынды.
Тағы