Шығыс Украинада жағдай ушығып әрі Еуропа одағы басшыларының Ресеймен келіссөзі нәтиже бермей жатқанда батыс сарапшылары Украинаға әскери көмек көрсетудің пайдасы мен зиянын бағалайды.
«АрселорМиттал Теміртау» басшылығы жұмысшылардың қаңтар айындағы жалақысын уақытша 25 пайызға кем төлеу туралы бұйрықтың күшін жоймайтын болды.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы тәртіпсіздік жайлы ресми мәлімдемелер бүгін ғана жария болды. Ондағы қазақтар мен тәжіктер тұратын екі ауылда адамдар бірнеше көлік пен үйді өртеген.
Ақтаудағы оралмандарды бейімдеу орталығында балалар үйінің 12 түлегі аштық жариялап жатыр. Екеуі кеше ауруханаға жеткізілді. Жергілікті билік өкілдері «олардың нарызылығы негізсіз» дейді.
Донбаста соғысып жатқан украин солдаттарына тамақ пен киім-кешек тасып жүрген белсенділер иесіз қалған үй жануарларын ала қайтады.
Қырғызстанда қызылша асқынды. Екпеге қарсылардың көбі «дін тыйым салады» деген уәж айтады. Медицина қызметкерлері «вакцинаға қарсылықтан өзге де қауіпті індеттер тарауы мүмкін» деп қауіптенеді.
Алматыда балалар кітапханасы құрастырған «лайықты верныйлықтар мен тамаша алматылықтар» CD-дискісі шықты. Дискіге 50 адам енген. Бірақ онда кітапханаға есімі берілген жазушы Сапарғали Бегалин жоқ.
Азаттық ақпанның 5-і күні экономика ғылымдарының докторы, халықаралық бизнес университетінің профессоры Мағбат Спановпен онлайн-конференция өткізді.
Қазақстан парламенті талқылауына «Өзін-өзі реттеу туралы» заң жобасы түсті. Құрастырушылардың болжамынша, ол бизнестің үстінен қарайтын мемлекеттік бақылаудың баламасы болады.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров ақындықтан да құр алақан емес екен.
Қазақстанда Сирияға "кетпек" төрт адамның жолын кескені хабарланды. Билік бұл оқиғаны радикалды ағым жетегінде жүргендерді райынан қайтаруға пайдалануға тырысады.
Теңгенің күрт құлдырауының бір жылдығы қарсаңында экономистер мен қаржыгерлер бұл валютаның келешегін, мемлекеттің дедолларизация туралы жаңа курсы мен үкіметтің экономикалық саясатын талқылады.
Тағы