Астана әкімдігі «құрылысы бітпеген әрі рұқсат құжаттары жоқ нысандарда пәтерлер сатылуы мүмкін» деген ескерту таратты. Бұл мәлімдеме кейбір үлескерлердің наразылығымен тұспа-тұс жасалды.
Төбесінен кірпіш құлап, адамдар зардап шеккен соң, Қызылордадағы апатты жағдайдағы жатақхананың ондаған тұрғыны бала-шағасымен аулаға түнеді. Билік ғимаратты жөндеп беруге уәдемен шектелді.
Мамырда интернетте ИМ содыры саналған баланың «Ирак тыңшысы» деп бір кісіні атып тастаған жан түршігерлік видеосы шыққан. Енді сол бала әуе шабуылынан қаза тапты деген ақпарат тарады.
Құқық қорғаушы Елена Семенова Павлодардағы диссидент Арон Атабек отырған түрмеде болды. Төрт жылдан аса бір кісілік камерада отырған оппозиционер жағдайына қатысты жайттар алғаш ашылып отыр.
Президент жанындағы коммуникация орталығындағы брифингте құқық қорғаушылар Қазақстанда адам құқығын бұзу «жүйелі құбылысқа айналмағанын» мәлімдеді. Алматыдағы өзге белсенділер пікірі басқа.
Қызылордадағы апатты жағдайда тұрған жатақхана тұрғындары бүгіннен бастап далаға түнемек. Тозығы жеткен ғимаратты жөндеуге келгендер төбеге шыққанда кірпіштер құлап, тұрғындар зардап шекті.
Ресейлік туристерді жазғы демалысын Қырымда өткізуге шақыратын жарнамалар шықты. Олар түбекті «жер жәннаты» етіп сипаттайды. Бірақ мемлекеттік арнадағы жарнама мен Қырымдағы туристер ахуалы - жер мен көктей.
Талдықорған тұрғыны өзін тұтқындамақ болған полиция қызметкері қолынан оққа ұшты. Полицияның айтуынша, жігіт қарсылық танытып, патрульге пышақ кеземек болған. Оқиғаның кейбір куәгерлері мұны терістейді.
Рубль құнсыздануынан Қазақстанның солтүстік аймағы кәсіпкерлері әлі зиян шегіп отыр. «30 тонна сүтті далаға төккен шаруашылықтар бар» деген кәсіпкер Ресейдің құнсыз тауарымен бәсекелесу жолын іздейді.
Құқық қорғау ұйымдары өкілдері «Қазақстан қоғамы енжар, конформизмге бейім, азаматтық белсенділік жоқ» деп мәлімдейді.
Қырым татарларының дүниежүзілік конгресі "Қырым түбегін Украинаға қайтару үшін барлық тиісті шараларды жасауға" шақырды. Түркияда өткен конгреске қазақстандық делегаттар да қатысты.
Ауғанстандағы «Талибан» қозғалысы жаңа жетекшілерін сайлағандарын мәлімдеді.
Тағы