Тұтқындау кезінде оққа ұшқан талдықорғандық Дмитрий Яковенко ісі бойынша екі полицей ұсталды. Бірақ қаза тапқан жігіттің туыстары «кінәлілер бұдан да көп» деп мәлімдейді.
Ұлттық банк бір күндік репоның базалық мөлшерлемесін 12 пайыз деңгейінде бекітті. Теңгенің айырбас бағамы еркіне жіберілуіне байланысты ұлттық банктің пайыздық мөлшерлемесі инфляцияны тежеу үшін пайдаланылмақ.
АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның 2010 жылғы маусымдағы электрондық хаттарында Қырғызстандағы жанжал сөз болған. Онда «Назарбаевтың қысымы» жайлы да айтылған.
«Қазақстан паспортына тұңғыш президенттің тәуелсіздік туралы сөзін жазу мен республика азаматтығын алған кезде ант беру міндеттелетіні туралы» ақпаратқа сарапшылар пікірі әртүрлі.
ИМ содырлары 2014 жылдың шілдесінде Мосулды басып алардың алдында Фахима Оман шаштараз салонын ашқан еді. Бірақ ИМ жасағы Омардың кәсібін жауып, жалғыз күнкөріс нәпақасынан айырды.
Топ-бизнесмен Марғұлан Сейсембаев «Жауап беремін» жобасын бастап, оны әлеуметтік желілерде жарнамалап жатыр. Оны қолдағандар ішінде бұрынғы топ-шенеунік Зейнолла Кәкімжанов бар.
Астанада наразылық шарасын өткізген ананың 6 баласы мектепке бармай қалды. Қала билігі өкілдері отбасының «көмек сұрап келмегенін» айтады.
Екінші дүниежүзілік соғыс 1945 жылы қыркүйектің 2-сінде Жапонияның капитуляция актісіне қол қоюымен аяқталды. СССР тұтқындаған жапон әскерінің 60 мыңдайы Қазақстанға, ГУЛАГ қарамағына жіберілген.
Тәжік студенті соққыға жығылған соң полиция басшылығы қызметкерлерінің үстінен тергеу басталғанын мәлімдеді. Ауыр халде жатқан жігіттің жақын-туыстары «оны сақалы үшін сабаған» дейді.
Оқу жылының басында ата-аналар тек оқушы емес, балабақшадағы баласына да мыңдаған теңгеге жинақ-кітап сатып алуға мәжбүр екендерін айтады. Білім беру мекемесі «бұл міндетті емес» дейді.
Бүгін, қыркүйектің 2-і күні Байқоңыр ғарыш айлағынан қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов «Союз ТМА-18М» кемесімен ғарышқа ұшты.
Электронды билет сату туралы жаңалыққа жолаушы тасымалынан күн көріп жүрген жандардың көбі қуана қоймады. Шенеуніктер қызмет сапасы жақсаратынын айтады.
Тағы