Қазақ-қырғыз шекарасындағы екі бекетте жүк автокөліктерінің жиналып қалғанына аптадан асты. Қазақстан бұған "жүк тасымалдаушылардың тексеруден өтуге құлықсыздығы" себеп болып отыр деп түсіндіреді. Қырғызстан жағы әзірге комментарий берген жоқ.
Қытайда туып-өскен бірнеше этникалық қазақ студент екі жылдан бері Түркияда бас сауғалап жүр. Қазақстан сыртқы істер министрлігі оларға виза беруден бас тартқан.
Украинада сайлау комиссиялары хаттамаларының 50 пайыздан астамы саналғаннан кейін президенттікке кандидат шоумен Владимир Зеленский алда келеді. Ол елдің қазіргі президенті Петр Порошенкодан екі есеге жуық артық дауыс жиған. Сарапшылар екеуі сайлаудың екінші турына өткенін айтады.
Диализге мұқтаж жандар мемлекеттен тегін берілетін дәрі-дәрмек мөлшері азайғандықтан "сүйегіміз жұмсарып, құлап қалатын жағдайға жеттік" деп шағымданады. Денсаулық сақтау министрі "жылда қайталанатын проблеманы" шешу жолдары қарастырылып жатқанын айтады.
Наурыздың 31-і күні Украинада президент сайлауы басталды. Орталық сайлау комиссиясы президенттіктен үміткер 39 азаматты тіркеген.
Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін.
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы “Ақ-тілек автожол” өткізу пунктінде кезекте тұрған жүк көліктерінің саны 30 наурыз күні 170-ке жетті.
Осы аптада аймақ басылымдары ел астанасының атын өзгертуге байланысты ұйымдастырылған қолдау акциясына кейбір қалада жастарды қатысуға мәжбүрлегенін жазды.
Осы аптада халықаралық басылымдар Қазақстандағы саяси транзиттің жаңа үлгісін көрші елде қайталау ықтималдығы туралы талқылаған.
Қытай сыртқы істер министрі Пекиннің Шыңжаң аймағындағы "радикалдармен күрес" деп атаған даулы бағдарламасын қолдағаны үшін Қазақстанға алғыс айтып, басқа елдерді де Қытайдан үлгі алуға шақырды.
Бішкекте Ресей президенті Владимир Путинге қарсылық акциясын өткізген Нурлан Карымшаков пен әйелінің ісін сот жабық отырыста қарады. "Араздық қоздыру" айыбы тағылған ерлі-зайыптыдан тергеу аяқталғанша ешқайда кетпеу туралы қолхат алды.
AzattyqLIVE Қазақстан президентінің сайлауы, оның саяси, заңдық, қоғамдық қырларын талқылады. Хабар сарапшысы - бұрынғы дипломат Қазбек Бейсебаев.
Тағы