Чех Республикасының адам құқығы және ұлттық азшылықтар жөніндегі экс-министрі, қазір Чехияның оппозициялық либерал-экологиялық партиясы төрағасының орынбасары Жәмила Стехликова тарихи отанындағы жағдайды жіті бақылайды.
Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Азаттыққа берген эксклюзив сұхбатында Қазақстандағы сөз бостандығының ахуалы, әлеуметтік желілердің бұғатталуы мен елдегі интернет байланысының жағдайы және өзге де мәселелер туралы айтты.
Азаттық құқық қорғаушыларды алаңдатқан даулы Дін туралы жаңа заң жобасы туралы Қазақстанның Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаевпен сұхбаттасты.
Қытайдың Шыңжаң өлкесінде ұсталып, "саяси тәрбие орталығында" үш ай қамауда болған, қазір Қазақстан азаматтығын алған Қайрат Самарқан Азаттыққа қандай қиындықты бастан өткергенін, қайтіп босап шыққанын баяндады.
Мамандығы - дәрігер, бұрын Лондонда мұнай трейдері болған Серікжан Мәмбеталин 2010 жылдардың басында қазақстандық саяси алаңға шығып, «жасылдар» партиясының идеясын жариялады. Саясатқа араласқаны үшін 2016 жылы бас бостандығы шектеліп, қоғамдық-саяси істерге араласуына тыйым салынды. Жақында Мәмбеталин Қазақстан азаматтығынан айрылып, Ұлыбритания төлқұжатын алды. Азаттыққа берген сұхбатында Серікжан Мәмбеталин саясатқа қалай ықпал етпек болғанын және саясаттың өзіне қалай ықпал еткенін әңгімеледі.
Бар-жоғы екі ай қызмет еткен Түркістан автономиясының құрылғанына 100 жыл толды. Тарихшы ғалым Бейбіт Қойшыбаев «Түркістан автономиясының күшеюінен қауіптенген совет үкіметінің аймақ халқын кейіннен Өзбекстан, Түркіменстан, Қазақстан сияқты мемлекеттерге бөліп жібергенін» айтады.
Қазақстанда әйел еңбегін пайдалануға тыйым салатын кәсіптер тізіміне 287 мамандық енгізілген. Постсоветтік кей елдерде құқық қорғаушылар «әйелді кемсітетін норманы» қолданыстан алып тастауды ұсынады. Азаттық бұл тақырыпқа құқық қорғаушы Айна Шорманбаевамен сұқбаттасты.
Жазушы Мұхтар Әуезовтің туғанына 120 жыл толды. Азаттық тілшісі жазушының шығармашылығы мен өмірін зерттеуші ғалым Тұрсын Жұртбаймен сұхбаттасқан еді.
Қазақстанда биыл 14-мәрте өткен ҰБТ-дан кейін қорытынды тізімнен дау туып, білім және ғылым министрлігі түлектерге бөлінген ЖОО гранттарының екінші мәрте жаңа тізімін жасауға мәжбүр болды. Азаттыққа сұқбат берген «Ұрпақ тағдыры – білім» қоғамдық қорының төрағасы Ерсайын Ерғожа «бұл министрліктің біліксіздігін көрсетеді» дейді.
Қазақстанда жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер шілденің 1-інен бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна аудара бастайды. Бұл реформаны ұйымдастырушылардың айтуынша, «міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру медициналық қызмет сапасын арттырып, бәсекелестікті күшейтеді».
Мұхтар Әблязовтың БТА Банк ісі бойынша шыққан сот үкімі және ҚДТ қозғалысының саяси болашағы туралы Азаттыққа орыс тілінде берген сұхбаты.
Маусымның 1-і – балаларды қорғаудың халықаралық күні. Азаттық тілшісі балаларға арналған өлеңдер жазып жүрген ақын Алмат Исәділмен балалар әдебиеті төңірегінде әңгімелесті.
Тағы
No media source currently available