Accessibility links

ЖАҢАЛЫҚТАР

Еуропа Одағына Түркияның қосылу келіссөздерінің шарттарында келісім табылды

Еуропа Одағының саммитінде бүгін Брюссельде Түркияның одаққа қосылу келіссөздерінің ашылу шарттарында келісім табылды. Бұл туралы есімдерін жариялағысы келмеген кейбір дипломаттар айтты, ресми мәлімет әзірше жоқ. Түркия алдымен Кипр үкіметін іс жүзінде мойындасын, тиісті келісімге қол қойсын деп талап айтылған болатын кеше. Түркияның Еуропа Одағына өту келіссөздеріне жол келесі жылы қазан айында бұдан соң ашылмақ. Кипр 1974 жылы екіге бөлінгені аян. Грек Кипр республикасы биыл Еуропа Одағына өткен, Кипрді біріктіру жоспары іске аспай қалған болатын.

Милошевичтың соты жаңажылдық мерекелерге тоқтатылды

Бұрынғы Югославия президенті Слободан Милошевичтың үстінен өтіп жатқан Біріккен Ұлттар Ұйымының соты бүгін үш апта үзіліс жариялады. Бұл Рождество және Жаңа жыл мерекелеріне байланысты. Сот тергеуі 11 қаңтарда қайта басталады. Онда Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік жасағында 1995 жылы қызмет еткен екі франциялық жауынгерден жауап алынбақ. Слободан Милошевич 1990-шы жылдары Хорватия, Босния және Косовода зұлмат саясатын жүргізді, адамзатқа қарсы 66 қылмыс жасады деп айыпталды.

Израил әскері Газа секторында екі палестиндік босқындар ауылына рейд жасады

Хан Юнус ауылында тәңертен кемінде 5 палестиндік қаза тапты, олардың төртеуі көтерілісші, 22 палестиндік азамат жараланды. Бейсенбі күні Хан Юнус ауылынан зымыран атылып, Израил әскери базасында 11 сарбаз жеңіл жараланған болатын. Израил тікұшағы Рафах ауылында шеберханаға зымыран атты. Израил шеберханада "Хамас" тобы бомба сақтайды деді. Адам шығыны жоқ.

Ирақта бүгін қақтығыстар жалғаса түсті

Мосыл қаласында бір машинеге беттерін бүркеген азаматтар шабуыл жасады, үш жолаушы атып өлтірілді, төртіншісінің басы кесілді. Киркөк қаласында күрд оралмандарының қоныстарына зымыран атылды, үш адам қаза тапты. Саддам Хұсейн биліктен қуылғалы бері Киркөкке 14 мыңнан астам күрд қайтып келді. Фаллуджа қаласы кеңесінің төрағасы Мохаммед Ибрахим қала тұрғындары ептен үйлеріне оралса болады деді. Қараша айында мұнда АҚШ әскерлері көтерілісшілерді күшпен басқан еді, Фаллуджадан шамамен 200 мың тұрғын кетіп қалған болатын.

Қабул түрмесінен бірнеше шетелдік тұтқын қашамыз деп, кемінде бес адам қаза тапты

Ауғанстанда Қабул түрмесінен бүгін бірнеше шетелдік тұтқын қашамыз деп, кемінде бес адам қаза тапты. Арасында кемінде екі пәкістандық болған түрме тұтқындары сақшының Калашников автоматын тартып алған екен. Сосын олар мен басқа сақшылар арасында атыс болды. Кемінде үш сақшы және екі тұтқын қаза тапты. Қашпақшы болған екі тұтқын қазір түрменің бір құысында бекініп алды. Оларға не қол көтеріп шығыңдар, не атыласыңдар деп шарт қойылды, ресми дерекке қарағанда.

Әзірбайжанда жергілікті әкімшіліктер сайлауына үш оппозициялық партия қатыспай отыр

Әзірбайжанда бүгін жергілікті әкімшіліктер сайлауы өтіп жатыр, 2700 ден астам ауыл-қала әкімшіліктері жасақталмақ. Үш оппозициялық партия сайлауға қатыспай отыр, бойкот жариялады. Сайлау комиссияларын үкімет бақылайды, сайлау заңы демократиялық емес деп олар біріккен мәлімдеме жасады. Орталық сайлау комиссиясының өкілі Мазахир Ранахов ұзын саны 31 партия үміткерлерін бәйгеге қосты деп айтты. Былтыр Әзірбайжанда Ғейдар Әлиевтың орнына президенттікке оның ұлы Ильхам отырған болатын, оппозиция сайлау әділетсіз өтті деп мәлімдеген.

Еуропа Одағының саммитінде Кипр мәселесі тұйыққа тіреліп тұр

Еуропа Одағының саммиті бүгін Брюссельде жұмысын аяқтамақ, Кипр мәселесі тұйыққа тіреліп тұр келіссөздер барысында. Басты мәселе – Түркияның одаққа қосылу келіссөздерінің ашылуын белгілеу. Алайда Түркия алдымен Кипр үкіметін іс жүзінде мойындасын, тиісті келісімге қол қойсын деп талап айтылды. Түркияның Еуропа Одағына өту келіссөздеріне жол келесі жылы қазан айында бұдан соң ғана ашылмақ. Швеция бас министрі Горан Перссон Еуропа Одағының мүшелігіну өту-өтпеу Түркия еркінде, біз Түркияны шақырып отырмыз, бірақ кейбір алдын ала талаптарымыз бар деді. Түркия делегациясының ресми өкілдері Еуропа Одағының талаптары одан сайын өсе түсті, келіссөздер жалғасып жатыр дейді. Кипр 1974 жылы екіге бөлінгені аян.

Түркия Кипрды іс жүзінде мойындасын деп талап қойылды

Еуропа Одағының саммиті бүгін Брюссельде қысқа үзілістен соң қайта жалғасып жатыр. Басты мәселе – Түркияның одаққа қосылу келіссөздерінің ашылуын белгілеу. Қаулы жобасы бойынша, келіссөздер келесі жылы қазан айында басталмақ. Алайда Түркия алдымен Кипр мемлекетін іс жүзінде мойындасын, тиісті келісімге қол қойсын деп талап айтылды. Түркияның одақ шеңберіндегі мәртебесі дау туғызып отыр. Бүгінгі мәжіліс алдында Түркия бас министрі Тайып Ердоған және Еуропа Одағының кезекті төрағасы Жан Петер Балканенде жабық есік жағдайында кездесті.

Ресей "Юкосқа" қатысты американдық сот шешіміне шамданды

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров "Юкос" мұнай корпорациясының төңірегіндегі шаруалар Ресей заңдары бойынша шешілу керек деп мәлімдеді бүгін. АҚШ соты "Юкосқа" қарасты "Юганскнефтегаз" компаниясын сату 10 күнге тоқтатылсын деп бұйырған болатын бейсенбі күні кешкісін. Ресей мемлекеттік мүлік қоры "Юганскнефтегаз" компаниясы американдық соттың шешіміне қарамастан жоспар бойынша сатылады деп мәлімдеді. Аукцион 19-шы желтоқсанға белгіленген. Шетел үкіметтері американдық сотқа бағынбайтындықтан Ресей орындарына аукционға қатысуға тиім салынбайды. Бірақ "Юганскнефтегаз" компаниясын сатып алмақ болып отырған "Газпромнефть" компаниясы сауда-саттыққа қатыспасын делінді.

Болғария және Румыния Еуропа Одағына 2007 жылы қосылуы мүмкін

Еуропа Одағы саммиттің соңғы күнінде одаққа Болгария мен Румынияның қосылуын қарап жатыр. Келісім келесі жылдың көкек айында бекітіледі, сол кезде Хорватиямен одаққа өту келіссөздері басталады делінеді қаулы жобасында. Хорватия бұрынғы Югославия жайындағы Халықаралық қылмыс сотымен толық жұмыс істесін деп алдын-ала шарт қойылды. Болғария және Румыния Еуропа Одағына 2007 жылы толық қосылуы мүмкін. Ал Хорватияға мұндай мүмкіншілік 2009 жылы тиіп қалар деген болжам басым.

Янукович пен Ющенко ашық сайыста кездесетін болды

Украина президенттігінен үміткер екі тұлға – бас министр Виктор Янукович және оппозиция басшысы Виктор Ющенко дүйсенбі күні теледидар пікірсайсында кездесетін болды. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясы жариялады. Пікірсайыс кешке екі сағат бойы жүреді, тікелей толқында мемлекеттік телекомпанияда көрсетілетін болды. Президент сайлауының екінші кезеңі Украинада 26-шы желтоқсанда қайта өткізіледі. 21 қарашада өткен сайлау жоғары сот тарапынан жарамсыз деп табылған, халық сайлау бұрмаланды деп жаппай ереуілдеткен болатын.

Палестинада жерасты үңгір құлады

Палестинада, Рафах босқындар ауылында жерасты жасырын туннель құлап, бес адам үңгірде қалды. Бұл туралы палестиндік тұрғындар айтты. Палестиндіктер көршілес Египеттен Газа секторына қарай жерасты жолдарын қазып, қару-жарақ пен түрлі контрабандалық тауарлар жеткізетіні бар.

З.Әл-Хасауни (адвокат): С.Хусеиннің денсаулығы жақсы, көңіл-күйі көтеріңкі

Бейсенбі күні Ирақтың бұрынғы диктаторы Саддам Хусеин АҚШ армиясының қолына түскен 1 жылдан бері алғаш рет адвокатымен кездесті. Оның адвокаттары ұжымының жетекшісі Зияд Әл-Хасаунидің айтуынша, С.Хусеин онымен өзін қамауда ұстап отырған абақты жайын талдаған. Адвокаттың атап көрсетуінше, Саддамның денсаулығы жақсы, көңіл-күйі де көтеріңкі көрінеді. Бұрынғы диктатордың үстінен сот процесі Ирақтағы 30 қаңтарда өтетін парламент сайлауынан кейін басталады деп күтілуде.

Жозе Мануэль Баррозу (ЕуроОдақ): “Брюссель Анкараға есігін ашты, енді Түркия оны қуана қабылдауға тиіс”

Еуропа Одағының лидерлері Түркияны қатарына қабылдау мәселесі бойынша Анкарамен келіссөзін бастауға дайын. ЕуроОдаққа төрағалық етуші Голландияның премьер-министрі Ян Петер Балконенде Брюссельде кеше кешкісін өткізген баспасөз-маслихатында келіссөз 3 қазанда басталатынын хабарлады. Ал келісімнің жай-жапсары ЕуроОдақ басшыларының бүгінгі жиынанда талданады. Бірақ, деп ескертті Балкененде, келіссөз Түркияға ешқандай кепілдік бермейді. ЕуроКомиссияның президенті Жозе Мануэль Баррозу: “Бүгін кешкісін ЕуроОдақ Анкараға өз есігін ашты және оған Түркияның да, ЕуроОдаққа мүше елдердің заңды мүдделерін ескеретін ұстамды ұсыныс жасады. Енді оны Tүркия қуана қабылдауға тиіс”, -деп мәлімдеді.

Усама бин Ладин: "Біз АҚШ-тың Джидда қаласындағы Консульдігіне шабуыл жасаған моджаһеддерге Алланың нұры жаусын деп тілейміз!

Батыс ақпарат құралдарының хабарлауынша, АҚШ-тың қауіпсіздік қызметтері бейсенбі күні Интернетке шыққан аудио үндеуді Усама бин Ладиннің өзі жазған деп есептейді. Ол үндеуінде Усама бин Ладин ислам экстремистерінің таяуда Сауд Арабиясындағы АҚШ консульдігіне шабуыл жасаған ісіне бата беріп, оларды енді Парсы шығанағындағы мұнай өндірістеріне қарсы диверсияларды бастауға шақырды: "Біз АҚШ-тың Джидда қаласындағы Консульдігіне шабуыл жасаған моджаһеддерге Алланың нұры жаусын деп тілейміз! Біздің Палестина мен Ирақтағы қандастарымызға өлім мен қасырет жайған олар, яғни америкалықтар, өздерін қауіпсіз сезінеді. Олар қайда болмасын, өздерін қаперсіз сезіне алмайды”. Усама бин Ладин, онымен бірге, Сауд Арабиясының басшылығын елінен қуылған Иран шахының кебін киюі мүмкін деп ескертті.

Әскери қылмыстар бойынша айыптар тағылған сербиялық 6 кісі мен 3 заңдық тұлғаның АҚШ-тағы банк активтері тұтқындалды

Бейсенбі күні Вашингтон әскери қылмыстар бойынша айыптар тағылған 6 кісі мен 3 заңдық тұлғаның АҚШ-тағы банк активтерін тұтқындайтынын хабарлады. АҚШ қаржы министрлігінің хабарлауынша, бұл шара Сербияның әсіре ұлтшыл Демократиялық партиясы мен “Здраво” және “Комотко” компанияларына қарсы бағытталған. Қаржы министрлігі оларды әскери қылмыстары үшін айыпталғандар мен ұйымдасқан қылмыстық топтарды қолдады деп айыптап отыр. АҚШ-тың қаржы министрлігі қудалаған 6 кісіге БҰҰ-ының Халықаралық трибуналы әскери қылмыстар жасады деген айыптап, олардың қазір екеуі абақты да отыр.

В.Ющенконы Украинаның қауіпсіздік қызметі басшысымен және қызмкеткерімен бірге түскі асын ішкен сәтте уландырған

Соңғы 4 айдың ішінде бет-жүзі диоксин уынан адам танымастай бұзылған оппозиция лидері В.Ющенко бейсенбіде баспасөзге берген сұхбатында өзін үкімет уландырды деп мәлімдеді. Оның айтуынша, оны 5-інші қыркүйек күні Украинаның қауіпсіздік қызметінің басшысымен және қызмкеткерімен бірге түскі асын ішкен сәтте уландырған. Оның саяси бақталасы В.Янукович болса ондай тапсырманы орындаған агенттікпен немесе билікпен өзінің ешқандай байланысы жоқтығын айтып ақталуға тырысып бағуда.

Суданда 78 адамға мемлекетке қарсы бүлік шығарды, конституциялық жүйені бұзды, заңсыз қаруланды деген айыптар тағылып, сот басталды

Африканың Судан елінде өткен қыркүйек айында заңды билікті құлатпақ болды деп айыпталған 78 адамның үстінен сот басталды. Жауапқа тартылғандардың ішінде елдегі жетекші оппозициялық исламдық Конгресс партиясының мүшелері мен бұрынғы әскери шенеунектер бар. Оларға мемлекетке қарсы бүлік шығарды, конституциялық жүйені бұзды, заңсыз қаруланды және терроризммен айналысты деген айыптар тағылуда. Осы айыптар дәлелденетін болса, олар өлім жазасына кесілуі мүмкін.

Израиль армиясы палестиндік босқындардың Хан Юнис лагеріне таңертең басып кіріп, баспаналарды қиратуға кірісті

Бүгін таңертең Израиль армиясы палестиндік босқындардың Газа аймағындағы 2 лагеріне басып кірді. Ассошэйтед Пресс агенттігінің хабарлауынша, Израиль танктері мен өзге техникасы Газаның оңтүстігіндегі Хан Юнис лагеріне таңертең басып кіріп, баспаналарды қиратуға кірісті. Израиль армиясының мәлімдеуінше, бұл шара палестиндіктер лагерлерден еврей қоныстарын зымырандармен және минаатқыштармен атқылауға жол бермеу үшін жүзеге асырылып жатыр. Кеше армия базасының жанында мина жарылып, израильдік 11 жауынгер жеңіл жараланды.

Р.Хаджимба мен С.Багапш 12 қаңтардағы сайлауға бір команда болып, оның ішінде Хаджимба вице-президенттікке үміткер болып түседі

Абхазия президентін сайлау 12 қаңтарда өтеді. Ол жайындағы заңға кеше Абхазияның қазіргі презимденті Владислав Ардзинба қол қойды. Үміткерлерді ұсыну 17 желтоқсанда, яғни бүгін басталып, 29 желтоқсанда аяқталуға тиіс. Үміткерлерді тіркеу 29 желтоқсаннан кешікпеуге тиіс. Осыған дейін президенттікке өзара таласып дауысқа түскен Рауль Хаджимба мен Сергей Багапш енді сайлауға бір команда болып, оның ішінде Хаджимба вице-президенттікке үміткер болып түседі.

Еуропа комиссиясы президенті Хосе Мануел Бароссо Түркияны ЕуроОдаққа толық мүшелікке қабылдауға дауыс беруге шақырды

-Егер біз Түркиямен келіссөздерді бастасақ, ол ЕуроОдаққа толық мүшелік турасында болуы керек. Соңғы сәттерде тағы да жаңа талап-шарттар, кедергілер қойылмауы тиіс. Меніңше, Түркиямен мүшелік жөніндегі келіссөздерді бастайтын уақыт болды, - деді ЕуроОдақ президенті Барросо.

ЕуроОдақтағы кейбір мемлекеттер даму жолындағы үлкен мұсылман елінің өз қатарында болуын қаламайтындай. Олар Түркия кейбір жеңілдіктерге ие серіктес болса да жетіп жатыр деген ойда. Ал бүгін таң ертең Түркия бас министрі Ердоған түріктер өзінің еуропалық достарымен бірге еркіндік және демократия үшін бір сапта күресуге ынталы, деген болатын.

ЕуроОдақтың Бельгия астанасында басталатын 2 күндік саммитында Түркияны одаққа қабылдау жөніндегі келіссөздерге кірісу мәселесі талқыланбақ

Кеше ЕуроПарламент көпшілік дауыспен ондай келіссөздерді бастау керек деп шешкен болатын. ЕуроОдақтың кезекші президенті Голландия бас министрі Балкененде 25 мүшелі одақ елдерінің жетекшілерін бұл мәселені бір ауыздан шешуге шақырып отыр. Франция президенті Жақ Шырақ кеше Түркиенің ЕуроОдаққа круіне Франция да, Еуропа да мүдделі болуы керек деді.

Ирақ байланыс министрі орынбасары Қасым Мехауи бүгін бейсенбіде өз жұмыс кеңсесіне бара жатқан кезде атып өлтірілді

Ирақ бас министрі Айад Аллауидың ескерткеніндей қаңтардың 30 да болатын сайлау алдынан бүлікшілдер өз шабуылдарын үдетуі мүмкін. Кеше сәрсенбіде Ирақ қорғаныс министрі Ал-Шаалан Ирақтағы лаңкестік шабуылдарын ұйымдастырды деп Иран мен Сирияны айыптады.

Ауғанстанның оңтүстік Уалаяты Хостта жол жағасында жарылған бомбадан Бүгін 4 полиция сақшысы қаза тауып, екеуі жарақат алған

Хостта соңғы 3 жылда Ауғанста үкіметі мен АҚШ бастаған күштерге қарсы талип қарулы топтары шайқасып келген.

Кеше сәрсенбіде Грекия астанасы Афинада басталған аутобустағы кепілдік тұтқын драмасы құрбансыз бейбіт аяқталды

Күн бойығы келіссөздер нәтижесінде алғаш 17 жолаушы босатылса, өткен түні қалған 6 адам да аман-есен еркіндікке шығарылған болатын. Грек полициясының мәілметіне қарағанда, қылмыскер қарулы екеу албандар болап шыққан. Олар 1 млн евро бермесе 23 адам мінгізген аутобусты жарамыз деп қорқытқан. Ал бүгін бейсенбі күні таң ертең полиция анықтағанындай, оларда ешқандай жарылғыш зат болмай шыққан.

Тағы

XS
SM
MD
LG