Accessibility links

ЖАҢАЛЫҚТАР

Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі табиғат апатын құрбандарының саны 20 мыңнан асты, олардың ішінде Тайланд патшасының немересі де бар.

БАНГКОК: Тайланд үкіметінің хабарлауынша, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің мыңдаған халқын қырғынға ұшыратқан дүлей теңіз талқынында тай патшасының немірісі де опат болды. 21 жастағы Пум Дженсеннің денесі бүгін Тайландтың оңтүстігіндегі курорттан жеке ұшақпен жеткізілді. Пум Дженсен – Тайланд патшасы Бхумибол Адулиадеджтің туған немересі көрінеді. Индонезияға қарайтын Суматра аралынының маңында кеше болған жер сілкінісінен туған цунами Оңтүстік Шығыс Азия елдерін жайпап өтіп, соңғы дерек бойынша, Бангладеш, Малайзия, Үндістан, Тайланд, Малдив аралдары мен тіпті Сомалиде 20 мыңнан аса адам құрбан болды. Шри Ланкада құрбандардың саны 12 мыңнан асып жығылса, Индонезияда 5 мыңға жетті.

Бағдадта бүгін кем дегенде 13 адам құрбан болып, 50-ден аса кісі жараланды.

БАҒДАД: Бүгін автокөлікке орнатылған бомбаның жарылысынан Бағдадта кем дегенде 13 адам құрбан болып, 50-ден аса кісі жараланды. Жарылыс шийт мұсылмандарының жетекші саяси партиясы – Ирақтағы ислам төңкерісі бойынша Жоғарғы кеңес кеңсесінің сыртында болды. Партия лидері Абдиль Әзиз Әл-Хакімнің өзі аман қалды. Бұл шараны ол өз өміріне қарсы қастандық деп бағалап, сүнни мұсылмандарының партизандарын айыптады. Бірақ аталмыш партия елдегі қантөгістің тыйылуын қолдайды.

Палестинаның уақытша лидері М.Аббас Израильді барлық палестиндіктерді босатуға шақырады.

ТЕЛЬ-АВИВ: Бүгін Израиль Палестинаның жаңа басшылығына деген ықыласы ретінде түрмелерден 159 палестиндік тұтқынды босатты. Тұтқындардың тобы Иордан өзенінің Батыс жағалауы мен Газа аймағындағы күзет бекеттеріне автобустармен жеткізіліп, оларды туыстары қарсы алды. Палестина автономиясының уақытша жетекшісі Махмуд Аббас тұтқындардың босатылуын қуанышпен қабылдап, Израильді барлық палестиндіктерді, ұзақ мерзімге отырғандарды босатуға шақырды. Израиль түрмелерінде осы күні 7 мыңға жуық палестиндік отыр.

Оңтүстік-Шығыс Азияда аймағы елдеріндегі табиғи апат құрбандарының саны 20 мыңға тақады.

БАНГКОК: Оңтүстік-Шығыс Азиядағы жер сілкінісі туғызған цунами теңіз толқынының соққысынан құрбан болғандардың қатары 20 мыңға тақады. Шри-Ланканың қарулы күштері аралды қаза болғандардың кешегі саны тағы 5 мыңға ұлғайғанын хабарлады. Үндістан, Малайзия, Тайланд, Индонезия елдері мен Малдив аралдарының үкіметтері Индонезияға қарайтын Суматра аралының түбінде кеше болған жер сілкінісінен туған теңез толдқы соққысының салдарымен күресуде. Үндістанның ішкі істер министрі Шивраджа Патилдің атап көрсетуінше, апатқа душар болған штаттың үкіметі қолдан келген шараның барлығын жасауда; қолдан келген көмегін аямай отыр, билік болған апаттың ауқымын анықтап, қажет болған көмектің барлығын көрсетуде”.

Бүгін Израиль абақтыларынан 160-тай палестиндік босатылды.

ТЕЛЬ-АВИВ: Израиль үкіметі Палестинадағы 9 қаңтарға тағайындалған президент сайлауының мүмкіндігінше тыныштықта өтуіне барлық жағдай жасайды, деп мәлімдеді Израильдің премьер-министрі Ариэль Шарон. Оның атап көрсетуінше, сайлау кезінде Палестина жеріндегі жүріс-тұрысқа шектеу жеңілдетіледі; Шығыс Иерусалимнің тұрғындары да дауыс беруге мүмкіндік алады. Сайлауға 500-ге жақын шетелдік бақылаушы келмекші. Бүгін Израиль абақтыларынан 160-тай палестиндік босатылды. Кеше Палестина президенттігіне үміткерлердің бірден-бірі Махмуд Аббас қандастарын Израильге қарулы күресті доғаруға шақырды. Оның пікірінше, тәуелсіздікке бейбіт жолмен ғана қол жеткізуге болады.

М.А.Хамид: Ирақтағы сүнни мұсылмандарының ислам партиясы 30 қаңтарда өтетін сайлауға байкот жарияламайды, бірақ сайлауға қатыспайды.

БАҒДАД: Бүгін Ирақтағы сүнни мұсылмандарының ислам партиясының лидері Мухсин Абдиль Хаммид бүгін өзі бастаған партия 30 қаңтарда өтетін сайлауға байкот жарияламайды, бірақ өзі қойған кейбір шарттың орындалмауы себепті, сайлауға қатыспайтынын хабарлады. Хамид бастаған ислам партиясы сонау бастан сайлаудың ойдағыдай өтуіне кепілдік болу үшін оны 6 айға кейін шегеруді талап кеткен болатын. Бүгін шийт мұсылмандарының рухани көсемі Абдиль Азиз Әл-Хакімнің кеңсесін бомба орнатылған автокөлікпен жарып, 13-тен көп кісі қаза тауып, 50-ден аса адам жараланды. Самарра қаласында бомба жарылысынан АҚШ жауынгері қаза болды.

Украинада дауыстардың 98 пайызы есептелгеннен соң да оппозицияның үміткері В.Ющенко өзінің бақталасынан басымдығын сақтап тұр.

КИЕВ: Украинадағы президент сайлауында берілген дауыстардың 98 пайызы есептелгеннен соң да оппозицияның үміткері В.Ющенко өзінің бақталасы В.Януковичтен басымдығын сақтап тұр. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, В.Ющенко 52 пайыздан көп дауыс алған болса, В.Янукович – 44 пайыздан кем дауыс алған. Сайлауда барлық сайлаушының 77 пайызы дауыс берген. Киевтегі Тәуелсіздік алаңында бүгін сөйлеген сөзінде В.Ющенко Украина үшін “жаңа дәуірдің” басталғанын, халықтың құқы аяқасты болған, жалғандық пен зорлық және қатаң цензура үстемдік еткен дәуірдің беті жабығанын жариялады.

Л.Копай (ЕҚЫҰ): “Өкінішке қарай, Өзбекстандағы сайлау оның ЕҚЫҰ-ы алдындағы міндеттемелеріне және өзге де халықаралық стандарттарға сай өтпеді”.

ТАШКЕНТ: Бүгін Еуропадағы қаукіпсіздік және ынтымақтастық бойынша Ұйым Өзбекстанда жексенбіде болып өткен сайлау халықаралық стандарттарға лайық өтпегенін атап көрсетті. Аталмыш еуропалық Ұйымның демократиялық институттар және адам құқықтары бойынша кеңсесінің жетекшісі Любомир Копай жексенбілік сайлау еркін бәсекелестік жағдайында және әділ өтпеді деп мәлімдеді: “Өкінішке қарай, Өзбекстандағы сайлау оның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық бойынша Ұйым алдындағы міндеттемелеріне және өзге де халықаралық стандарттарға сай өтпеді. Ресми биліктің сайлау заңын атқаруы сайлаудың еркін әрі сөз бостандығы жағдайында және әділ өтуіне кепіл бола алмағаны өкінішті”.

Х.Қарзай (Ауғанстан): “Халықтың сеніміне ие болуы үшін үкімет жауапты да адал болуға тиіс”.

КАБУЛ: Ауғанстан президенті Хамид Қарзай бүгін Кабулда жаңа үкіметімен кездесіп, үкімет мүшелерін елдің болашағы үшін өзара ынтымақтастықта қызмет етуге шақырды. Сонымен қатар ол үкімет мүшелерін саяси партияларға мүше болудан аулақ жүруге және сыбайластық жемқорлықтан аулақ болу үшін өздерінің дүние-мүлкін жариялауға үгіттеді. Оның атап көрсетуінше, халықтың сеніміне ие болуы үшін үкімет жауапты да адал болуға тиіс. Хамид Қарзай елде саяси оппозицияның құрылуын қолдайды, өйткені бұл – елдегі қанаты қатпаған демократия үшін аса қажет.

Палестинаның уақтынша жетекшісі Махмуд Аббас бүгін сенбіде Израильды, кезінде басып алған Батыс Жағалау, Ғаза жолағынан шығып кетіп, абақталырда қамауда отырған палестин азаматтарын бостандыққа шығаруын талап етті

Бұл Ахмед Аббастың қаңтардың 9ында болатын президенттік сайлаудан алдыңығы алғашқы сөзі

Рождество қарсаңында Бағдадтың батысында жанпидашы бомбы жарылысынан кемінде 7 адам қаза тапты

Ал мұсылмандар мен християндар тұратын Мансур ауданында Мұнай-ғаз таситын танкер жарылған. Кемінде 6 адам мерт болып, 14 кісі қатты жарақат алған. Ол арадағы көшеде Ливан, Морокка жане Йордания елшіліктері орналасқан. Жарылыстан сал ғана бұрын АҚШ Қорғаныс министрі Рамсфелдьтің Ирақтағы сапары аяқталған болатын.

Украина конституциондық соты сайлаудың 3-турына 1 тәулік қалғанда сайлау заңына жуырда еңгізілген кейбір өзгерістер ата заңдық талаптарға жауап бере алмайды деп шешті

Сонымен денсаулығына немесе өзге жағдайға байланысты үйден шыға алмайтын мүгедек сайлаушылар бүгін сенбіден қалмастан аймақтық, аудандық сайлау комиссияларына ескертсе жексенбі күні өз үйлерінде дауыс бере алады. Сондай-ақ, бүгін сенбіде сайлау алды үгіт-насихатына тыйым салынады.

Солтүстік Корея жетекшісі Ким Джоң Илдің айтуынша, оның елінде Оңтүстік Кореяны басып алу мақсаты жоқ екен

Кимнің айтуынша, керісінше ондай жаман ниет Оңтүстік жақтан байқалады. Солтүстік Кореяда 1 млн 100 мыңдай әскери күш бар. Бұл бүкіл әлемдегі 5ші орын деген сөз. 1950-53 жылдары Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға қарсы жүргізген басқыншылық соғысы соңында өзара келісіммен аяқталған болатын. Ол кезде Оңтүстікті АҚШ жетекшілігіндегі БҰҰ күштері қолдаса, Солтүстік Корея жағында Қытай болған еді.

Американың ғарыштық аппараты Кассини көмегімен арнайы зонд ғарышқа шығарылды

Оның мақсаты - Сатурн планетасының серігі Титан атмосферасын зерттеу. АҚШтық ғарыш агенттігі НАСА өкіл таратқан хабарға қарағанда, зонд Титан атмосферасында қаңтардың ортасына дейін болып, оның химиялық құрамы жөнінде мәліметтер береді. 1997-жылдан бері ұшып жүрген Кассини аппараты Күн жүйесіндегі аймақты, дәлірегі жерден 2 млд 200 млн шақырым қашықтықтағы Сатурнды зерттеп келеді.

Кешелі бері әлемдегі християн католиктар және протестанттардың бір бөлігі Иса пайғамбардың туылған күнін тойлауда

Йордания батыс жағалауындағы қала Вифлеемде Рождестволық мерекелер өтті. Вифлеемде Иса пайғамбар туылған деп есептейді. Израиль әкімшілігі бұл мерекеге орай ол ауданда біршама қозғалыс еркіндігін берді. Вимлеемдегі қасиетті шіркеуде өткен салтанатқа соңғы 4 жылдан кейін алғаш рет Палестиналық жоғарығы деңгейдегі ресми жетекші, Палестина Азаттық ұйымы төрағасы Махмуд Аббас қатысты.

Ал Ватиканда Иоан Павел 2 Рождествоға арналған дәстүрлі мессалық құтықтауын оқыды.

Тәжікстан президенті Рахмонов өткен тамыз айында тұтқындалған генерал Ғаффор Мирзоевті әскери төңкеріс жасамақ болған деп айыптады

- Мирзоевтің қолымен көптеген қару жарақ құпия жарын, ұсталған. Не үшін , кімге қарсы ?. Оны бір неше рет шақырып, ондай әрекетті тоқтат, болмаса түрмеге түсесін, деп ескерттім. Ол тыңдамады, - дейді, Тәжікстан президенті Рахмонов.

АҚШ-ң қорғаныс министрі кеткен соң, бір сағаттан кейін Бағдадтың батысында жарылыс болған

Газ танкерінің жарылысынан 1 адам опат болып, 19 адам жарақаттанған. Американдық әскери өкілдің айтуынша, ол Ливия елшілігіне жақын жерде жарылған. Рамсфелд жұма күнгі Ирақтағы сапарын президент Ғази әл-Иауарримен кездесумен аяқтады, одан бұрын ол Мосул, Тикрит, Фаллужа қалаларында болды. Рамсфелд мұндағы әскерлерге сіздердің Ирақтағы атқарып жатқандарыңыз тарихи істер деп атап көрсеткен: -Егер мұнда сіздер мен біздер және коалиция табысты болатын болса, экстремистердің жоғалтатыны көп болады. Егер экстремистер бұл елді қайта қолдарына түсіріп, оны түнекке айналдырар болса, тарихи мүмкіндік жоғалған болар еді,-деген Рамсфелд. Бұл аралықта АҚШ осы аптада Мосулда 22 адамды өлтірген жарылыс себептерін зерттеп-тексеруге генерал Ричард Формикті бекітті. Формик бұдан бұрын АҚШ солдаттарының Ирақ түрмелеріндегі тұтқындарды азаптау жайттарына тексеру жүргізген болатын.

Бағдадтың батысындағы әл-Мансұр аймағындағы болған жарылыста құрбан болғандардың саны жайында ақпараттар әртүрлі

СНН телеарнасының хабарлауынша, сегіз адам опат болып, тағы 20 адам жарақат алған. Бұл жарылысты да жүзеге асырған да өзін-өзі карған жанкештінің әрекеті болуы мүмкін деген күдік бар.

Рима папасы Иоанн Павел Римдегі қасиетті Питерде дәстүрлі Рождество мессасын өткізді

Паркинсон науқасына шалдыққан 84 жасар Рим Папасы қатысқан Рождестволық уағыз мыңдаған адамдарға арналды, оны телеарналар арқылы 70-тен астам елдің көрермендері тамашалады. Ал Бетлехем-Вифлеемде Палестинаны азат ету ұйымының төрағасы Махмұд Аббас Иисустың туған жеріндегі шіркеу уағызына қатысты. Бүл күні Вифлеемге елдің келуіне көбірек мүмкіндік туғызған Израил полициясы бұрынғы ядролық техник, 18 жылғы түрмеден биылғы сәуір айында босаған Мордечай Ванунуды Иисустың туған қаласына жібермей қойған. Израилдың ядролық бағдарламасының деректерін жарияламақшы болды деген айыппен түрмеге қамалған Вануну христиан дінін қабылдаған.

Жүздеген миллион христиан Рождество қарсаңы мейрамын тойлады

Қасиетті жазуға сәйкес, осыдан 2004 жыл бұрын сенбі күні Иисус Христос дүниеге Батыс жағалаудағы Вифлеем қаласында Құдайдың ұлы Иисус дүниеге келген. Осы аңыздың негізінде жыл сайын бүкіл әлемде Христиан дініндегі басты екі діни мерекенің бірі ретінде Рождество мейрамы тойланады. Бұл қазіргі таңда христиандар мен христиан еместер арасында өте кең таралған, жаппай мерекеленетін мейрам.

Украинада жексенбі күні өткізілетін қайта дауыс берулер алдындағы сайлау науқаны аяқталды

Кандидаттардың екеуі де соңғы күні өз қолдаушыларына үндеу жолдап, әрқайсысы өзі үшін дауыс беруге шақырды. Оппозиция үміткері Виктор Ющенко өз сөзінде Мен Украинаға сенемін деп үндеу тастады. Ал бас министр Виктор Януковичтің 10 мыңға жуық жақтастары Киевтің орталық алаңында Януковичтің атын атап, әндетіп тұрды. Украина Жоғарғы соты 21 қарашадағы сайлау нәтижесін Януковичтің пайдасына бұрмалаушылықтар болды деп, жарамсыз деп тапқан соң, алдағы жексенбіде қайта дауыс берулер өткізу ұйғарылған болатын. Содан бергі уақытта Киев пен басқа да қалаларда оппозиция жетекшісі Ющенконың жүздеген мың жақтастарының Қызғылт-сары төңкеріс күндері жалғасты.

Армения парламенті Ираққа шағын ғана бейбіт жасақ тобын, демек түрлі мамандар жіберу мәселесін дауысқа салды

Армения президенті Роберт Кочарян бұл ұсынысқа қолдау көрсеткенімен, оппозиция өкілдері оған қарсылық білдірген болатын. Армениялық контингент құрамында жарылғыш заттарды залалсыздандыратын мамандар мен дәрігерлер бар. Олар Ираққа келесі айда барып, бұрынғы Совет одағы елдерінің көпұлтты жасақтары қатарына қосылып, онда бір жылға дейін болады.

Кеше кешкісін Украина президенті Леонид Кучма барлық украиндықтарды еркін де аділ сайлаулар өткізуге шақырды

Қоғамдық пікір сауалнама нәтижелері басымдықтың Ющенко жағында екендігін байқатқан. Оппзиция үміткері Виктор Ющенко егер сайлауда жеңіске жетер болсам, Европамен тығыз ынтымақтастық жағдайында жұмыс істейтін боламын деп айтты. Ал премьер-министр Виктор Янукович өз бәсекелесін шетелдік топтардың қолдауы мен ықпалына сүйеніп отыр деп айыптады. Жексенбі күнгі Украинадағы дауыс берулер барысын 12 мың шетелдік бақылаушы қадағалайтын болады. Президенттік сайлаудың 21 қарашадағы екінші кезеңінде Янукович жеңіске жетті деп жарияланған қорытындыны бұрмалаушылық пен көзбояушылық болды деп, Жоғарғы сот жарамсыз деп тапқан болатын.

Сатурнның Титан жұлдыздар шоғырын зерттеп жүрген Кассини ғарыш кемесінен жаңа деректер алынуда

Бұл деректер 14 қаңтарда парашютпен Титан атмосферасы арқылы жерге жеткізілетін болады. Титан- атмосфеарсы бар белгілі болған бірден-бір планеталық спутник.

Ауғанстан президенті Хамид Қарзайдың жаңадан жасақтаған министрлер кабинеті ант берді

Қарзай журналистерге өзі тағайындаған министрлер бүкіл елдің болашағы мен бірлігі үшін қызмет ететін болады деп айтқан: -Ешбір министр этникалық топтың министрі болмайды. Олардың ешқайсысы белгілі бір саяси партия мен топтың мүддесі үшін қызмет етпейді, әр бір министр бүкіл Ауғанстанның өкілі,-деген президент.

Тағы

XS
SM
MD
LG