Accessibility links

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шілде айынан бері Ирақта кепілдікте ұсталып келген Кувейт фирмасының 7 қызметкері босатылды

Кувейттің көлік байланысы компаниясының өкілі боастылған үш кениялық пен үш индус және бір Египет азаматы енді компания қолында деп айтқан. Халықаралық қауымдастық болса Ирақтың ислам армиясы деген топ ұстап отырған екі француз журналисін босату үшін барлық күш-жігерлерін жұмсауда.

Журналистерді кепілдікке алғандар Францияда мұсылман қыздарына мектепте орамал салып жүруге тыйым салынбасын деген талап қойған.

Калифорния губернаторы Арнольд Шварцнеггер АҚШ президенті Дж. Буштың Ақ үйде екінші мерзімге қалуын жақтап дауыс беруге шақырды

Бұрынғы Голливудтың кино жұлдызы Нью-Йорктағы республикандықтардың ұлттық жиналысында сейсенбі күні кешке қарай сөйлеген сөзінде айтқан бұндай ойды: -Ханымдар мен мырзалар, Америка - біздің Отанымызға жасалған шабуылдардан, экономикамызға жасалған және өмірімізге жасалған шабуылдардан бойын қайта тіктей алды. Бұл АҚШ-ң 43 президенті Дж. Буштың табандылығы мен жігерлігі, бірбеткей мінезінің арқасында мүмкін болды,-деген Арнолд Шварцнеггердің сөздері қол шапалақтаумен қарсы алынған. Дж. Буштың қайта сайлауға түсуін елдің бірінші ханымы Лаура Буш та құптап қолдайтындығын айтқан. Буш республикандықтардың президенттікке түсу турасындағы өзіне айтып отырған өтінішіне орай шешімін бейсенбі күні айтатын болады.

Солтүстік Осетиядағы Белсан мектебін басып алған қарулы топтың қолында кепілдікте отырғандар саны мектеп оқушыларын қосқанда 120-150 адамдай болады

Аймақтық ішкі істер министрлігінің өкілі Руслан Аямов кепілдіктегі кейбір оқушылар босатылды деген ақпаратты жоққа шығарады. Солтүстік Осетияның ішкі істер министрі Казбек Дзантиев мектепті басып алғандар қауіпсіздік күштері өлтірген әрбір өз адамы үшін 50 оқушыны өлтіреміз деп дөң айбат шегуде деп айтқан. Ресейдегі бүгінгі дағдарыс сейсенбі күні Мәскеудегі 10 адамды өлтіріп, 50 адамды жаралаған метро жанындағы жарылыстан соңғы және өткен аптада әуе апатына ұшыраған екі жолаушы ұшағының 90-ға тарта адамы опат болғаннан кейінгі орын алып отырған төтенше жайт

Бүгін Жаңалықтар агенттіктері қаруланған бір топ адам Солтүстік Осетия республикасындағы Беслан қаласында мектепке басып кіріп, жүздеген адамды кепілдікке ұстап отыр деп хабарлауда

Бұл шабуыл бүгін мектептерде жаңа оқу жылы басталған күні орын алған. Итар-Тасс жаңалықтар агенттіктері кепілдікке алынғандар 400 адам олардың ішінде 200-дей оқушы бар деп хабарлады. Шабуыл жасағандар мектеп үйін қоршаған полициямен оқ атысқан. Интерфакстың құқық қорғау орындарының айтқандарына сүйеніп хабарлауынша, мектепті басып алушылар егер оған полиция шабуылдайтын болса, ғимаратты жарып жібереміз деген

Мәскеу Бүгін Ресей президенті Вл. Путин Қара теңіз жағалауындағы Сочиден Мәскеуге қайтып оралды

Ресейдің оңтүстігіндегі Солтүстік Осетияның Беслан қаласындағы мектепте орын алған төтенше оқиғаға байланысты президент Путин қауіпсіздік қызметі басшыларымен шұғыл кездесті дейді Кремлдің ресмилері. Жаңалықтар агенттіктері мектеп ішінде кепілдікте ұсталып отырғандардың ішінде 200 оқушыны қосқанда, 400дей адам бар деп хабарлады. Бірнеше бала қашып шығып үлгерген. Итар-тасстың хабарлауынша, екі адам қаза болып, мектепте немесе оның маңайында тоғыз адам жараланған.

Израил Батыс жағалаудың оңтүстік бөлігінде қауіпсіздік қамалының құрылысын жалғастырмақшы

Хабарларға қарағанда, бүгін Израил күштері Батыс жағалауда Израилдағы 16 адамды опат еткен екі жарылысты жасады деп күдіктелген палестиндік жанкештілердің біреуінің үйін талқандаған. Израил сейсенбі күні Бершеба қаласында автобустардағы бомба шабуылынан соң Хеврон қаласын жапты. Бомба жарған хамастықтардың екеуі де Хеврон қаласынан болып шыққан. Бомба жарғандар Хамас тобының өлтірілген екі жетекшісі - Ахмед шейх Яссин мен Абдел Азиз әл-Рантиси үшін кек алу деп айтқан. Израил премер-министрі Ариел Шарон Израил террормен күресуге барлық күш-жігерін жұмсайды және мұндай лаңкестік шабуылдар Газа секторынан Израилдың кетуі жоспарына кедергі бола алмайды деп айтқан. Соңғы келіп түскен хабарларға қарағанда, Израил Батыс жағалаудың оңтүстік бөлігінде қауіпсіздік қамалының құрылысын жалғастыратын болады делінген.

Исламдық жауынгерлік топ Мәскеудегі 10 адамды өлтіріп, 50 дей адамды жарақаттаған бомба жарылысы үшін жауапкершілікті өз мойнына алған

"Исламбоули бригадасы" вебсайтта жарияланған мәлімдемеде сейсенбі күні кешкісін болған бұл жарылыс шешен мұсылмандарына қолдау көрсету үшін жасалған деп айтылған. Өткен аптадағы Ресейдің екі жолаушы ұшағының апатын да өз жауапкершіліктеріне алған топ "дінге сенбейтін" Ресейге деген шабуылдар тағы да жасалады деп ант еткен. Мәскеу мэрі Юрий Лужков "Рижская" метросы жанындағы жарылысты жасаған - әйел жанкешті деп айтқан. БҰҰ-ң бас хатшысы Кофи Аннан және Ақ үй бұл жарылысты айыптады.

Югославияның бұрынғы президенті Слобoдан Милошевич бүгін БҰҰ-ң сотында өзін қорғау процесін аяқтады

Кеше ол өзіне тағылған айыптарды жалған жала деп, 1990 жылдардағы Балкандағы соғысқа халықаралық қауымдастық айыпты дегенді айтқан болатын. Бүгін Милошевичке өзін қорғап сөйлеуге қосымша тағы бір жарым сағат уақыт берілді. Югославияның бұрынғы президентіне тағылып отырған әскери қылмыстардың жалпы жиынтығы 60-тай болады. Оған Хорватия мен Босния, Кососводағы соғыстар үшін және Боснияда 200 мыңдай адамның қырғынына қатысып, геноцид жасады деген айып тағылып отыр. Егер бұлардың бәрі де дәлелденетін болса, ол өмірлік түрме жазасына кесілуі мүмкін. Енді Милошевичтің өз куәлерін сот алдына келтіруіне 150 күні бар, бірінші куә жауап беруге 7 қыркүйек күні шақырылатын болады.

Непалдың билік басылары бүгін елдің астанасы Катмандуда коменданттық сағат жариялады, өйткені Ирақта 12 непалдықтың өлтірілгеніне байланысты наразылық шеруі өріс алған болатын

Кеше жүздеген шеруші Катмандудағы мешітті қоршап алып, басқа да ғимараттардың есік-терзелерін қиратты. İшкі істер министрлігі ел астанасындағы қоғамдық тәртіпті қалыпты ұстау үшін Катмандудың кейбір бөліктерінде белгісіз мерзімге коменданттық сағат белгіленді деп мемлекеттік радиодан хабарлаған. Өздерін Ансар әл-суннаның ислам армиясы деп атаған жуынгерлік топ Ирақтағы Непалдың 12 жұмысшысын ұстап алып жазаладық деп вебсайтта мәлімдеген болатын.

Кабул. Ауғанстандағы 30-ға тарта көмек ұйымдары өздерінің әскери шабуылдарға әрдайым душар болып отыратындықтарын айтқан

Олар жазған ашық хатта жергілікті билік пен шетелдік күштер Ауғанстандағы әскери қимылдар мен гуманитарлық көмекті әдейі шатастырып отыр деп атап көрсетілген. Онда соңғы бірнеше айларда ауған тұрғындары мен гуманитарлық көмек қызметкерлеріне қарсы шабуылдар жиілеп кетті делінген. Мәселен өткен жылдың наурыз айынан бері 30-дан астам гуманитарлық ұйым өкілдері қаза болған.

Нью-Йорк. АҚШ президенті Дж. Бушқа қарсы наразылық шеруіне шыққан жүздеген адам тұтқындалған

Нью-Йорк полициясы сейсенбі күні Ирақтағы соғыс саясаты мен республикандықтарға қарсылық білдірген бір мыңға адам ұсталды деп айтқан. Наразылық білдірушілер мен полиция арасында теке-тірес қызғанымен, аса үлкен қақтығыстар бола қоймаған.

Францияның сыртқы істер министрі Мишель Барнье иорданиялық әріптесі Маруан Муашермен Ирақта кепілдіккке алынған екі француз журналисін босатудың амалдары жөнінде келіссөздер өткізген

Аммандағы бұл кездесу бүгін Газада палестиндік Хамас жауынгер тобының өкілі Сами Абу Захридің француз журналистерін босатуға шақырған мәлімдемесінен кейін болды. Екі француз журналисін тағы да 24 сағатқа ұстап отырған жауынгерлер Францияның жалпы мектптерінде мұсылман қыздарына орамал тағып жүруге тыйым салынбасын деген талап қоюда. Франция болса, мұндай тыйым алынбайды, сәрсенбі күні мектептерде сабақ басталғанда ол заң күшіне енетін болады деп айтқан.

Нью-Йорк қаласында Американың республикандық партиясы ұлттық мәжілісін шақырып, онда президент Дж.Буштың террорға қарсы күрестегі жетекшілігін дәріптеген

Жиналыс Нью-Йорктегі зәулім қос сауда үйіне жасалған 2001 жылғы 11 қыркүйек шабуылы күндеріне аз қалған уақытта өткізілді. Жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде Нью-Йорктің бұрынғы мэрі Рудольф Джулиани Дж. Буштың террорға қарсы күресін Британның премер-министрі болған Уинстон Черчиллдің фашистік Германияға қарсы ашқан соғысы мен АҚШ президенті Рональд Рейганның өз кезінде Совет Одағына қарсы жүргізген күресімен бірдей деп салыстырып айтқан. -Президент Буш әлемдік террорды зұлымдық көзі деп біледі. (қол шапалақтау) Жиналыс делегаттары сондай-ақ өткен жылы Ираққа басып кіру жөніндегі Буштың шешімі дұрыс болды деген қолдау танытқан. Ирақ эммигранты, американдық Ислам конференциясынан Зайнаб әл-Саввайж Ирақта қазір проблемалар болып тұрғанымен де, елде соғыстан бұрынғыдан жақсы жағдай орнады деп атап көрсеткен.

Сочи. Бүгін мұнда Ресей президенті Вл. Путин Франция президенті Жак Ширак пен Германия канцлері Герхард Шредерді қабылдап, халықаралық терроризме мен Ирақтағы жағдайларды талқылады

Келсіссөздерден кейін Путин әңгімелесулер өте пайдалы және өнімді болды деп атап көрсеткен. Путин сондай-ақ Әл-қаидамен байланысы бар террорлық топтың өткен аптада апатқа ұшыраған екі Ресей жолаушы ұшағының жауапкершілгін өз мойнына алуы халықаралық террор мен шешеннің бұзақылық элементтері арасында өзіндік байланыс бар екенін көрсетеді деген. Аталған басшылар үш елдің арасындағы және Ресей мен Европа одағы арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды талқылап, Ауғанстан мен Ирақтағы тәрізді халықаралық мәселелерді де сөз етті. Жак Ширактың Сочиге сапары Ирақта кепілдікке алынған екі француз журналисіне байланысты кейінге шегерілген болатын. Путин мен Ширак және Шредер өткен жылы АҚШ-ң Ираққа қарсы соғыс бастауына қарсылық білдірген болатын.

Бүгін бұрынғы Югославия президенті Слобадан Милошевич Гаағадағы соғыс трибуналында өзін қорғауды бастады

Милошевич өзіне қарсы тағылған айтыптарды тарихты бұрмалау және жабылған жала деп айтқан: -Маған тағылған айыптардың барлығы да шылғи өтірік, адамшылыққа жатпайды жане тарихты анайы бұрмалау, заңға нұқсан келтіру. Бәрін де керісінше келтіріп, сол қайғылы жайттарға шындығында кінәлі адамдарды жауапкершіліктен қорғап қалу,-деп атап көрсеткен Милошевич. Милошевич 1990 жылдарда Хорватия мен Босния, Кососвода болған қақтығыстарға байланысты адамзатқа қарсы соғыс қылмыстарын жасады деп айыпталып отыр. 200 мың адамды қырғынға ұшыратқан Босния соғысында оған геноцидке қатысы бар деп айып тағылған. Айыптардың барлығы да дәлелденетін болса, Милошевич өмірлік түрмеге жабылуы мүмкін. Айыпталушының денсаулығына байланысты қорғау процесін бастау бірнеше рет кейінге қалдырылып келген болатын, бүгін оған қорғануға төрт сағат уақыт берілді.

Израил премер-министрі Ариел Шарон өзінің Ликуд партиясының өкілдеріне Газа секторынан әскерилер мен қоныстанушыларды шығару жоспарының кестесін ұсынды

Шарон заң шығарушыларға өзінің бұл даулы жоспарды аяғына дейін жеткізетіндігін айтқан: - Газа секторын бөлу жоспары жүзеге асырылады. Бұл менің Израил парламентіндегі Ликуд фракциясы мүшелерінің қорытындысына айтар ойым, өйткені бұл 2004 жылы 6 маусымда Израил үкіметінде мауұлданған болатын ,- дейді Ариел Шарон.

Югославияның бұрынғы преизденті Югославияда болған жайттарға халықаралық қауымдастықты айыптап отыр

Милошевич бүгін өзінінң Гаага сотындағы қорғау сөзінде халықаралық қасуымдастық бұрынғы Югославияны талқандауда ең басты күш болған деген айыптау айтты: -Түсінуге ұмтылуға тиіс фундаменталды тарихи шындық бар, 1991 жылдан бүгінге дейін Югославияда болған жайлар – Европа мемлекетін талқандауға алып келді. Сербия мемлекеттігінен шыққан Югославия өткен екі жүз жылдық барысында бүкіл әлемдегі демократияның одақтасы, жақтасы болып келген,-дейді Милошевич.

Израил радиосы бүгін оңтүстіктегі Бершеба қаласында бір сәтте екі бірдей автобус жарылды деп хабарлаған

Израилдың әскери радиосы жарылысты палестиндік жанкешті терроршы жүзеге асырды деп айтқан. Израил теледидарының хабарлауынша, қаза тапқандар саны 12 адам, құтқарушы ресмилердің айтуынша, кемінде 15 адам жараланған.

Ирақтың бір жауынгерлік тобы кепілдікке алынған 12 непалдықты жазаладық, демек өлтірдік деп мәлімдеген

Бұл Исламдық вебсайтта жарияланған мәлімдемеден белгілі болған. Өздерін Ансар әл-Суннаның Ислам армиясы деп атайтын бұл топтың вебсайтта жария болған мәлімдемесінен үзінді келтірсек: "Мұсылмандарға қарсы күрескені үшін және еврейлер мен христиандарға қызмет көрсете отырып, олардың құдайы- Буддаға деген сенімдері үшін ..." деп жазылған. Видеотаспадағы түсірілім 12 адамның жазаланып жатқанын көрсетеді. Бірақ Непалдың сыртқы істер министрлігі бұл хабарды әзірге растай алмағандықтарын айтады. Непал АҚШ-ң Ираққа бастаған соғысында одақтас емес.

Европа одағы жексенбі күнгі Шешенстанда өткен президент сайлауында заң бұзушылықтар кеңінен орын алды деп мәлімделген соң, Ресейге тез арада Шешенстанда Парламент сайлауын өткізуге кеңес берді.

Европа одағының өкілі Эмма Удвин Европа одағы еркін және әділ сайлау өткізуді қамтамасыз ететін заңнамалардың жылдамырақ қабылдануын талап ететін болады деген. Дауыс беру көктемге қарай белгіленіп отыр.

Бүгін Иран Ирақта кепілдікте ұсталып отырған екі француз журналисін тез арада босатуды талап етті

Бұл өтінішті Иранның сыртқы істер министрінің баспасөз өкілі Хамид Реза Азефи жасаған. Баспасөз бостандығын қорғау қауымдастығының Ирандағы өкілі Машаллах Шамс ол-Вайзин екі журналистің босатылуына көмектесу үшін Ираққа баратындығын мәлімдеген. Ол Азаттықтың Фарда радиосының парсы қызметіне бүгін былай деген: Мен өзімнің Ираққа барып журналистерді бостандыққа шығаруға ықпал ете алатындармен келіссөздер жүзргізуге әзір екендігімді білдірдім. Менің бұл ойым қабыл алынады деп үміттенемін. Мен Ираққа жолға шығуға дайынмын,-деген Машаллах Шамс әл-Вайзин.

Шешенстанда кеше өткен елбасылық сайлаулардың алғашқы қорытындылары да белгілі болды

Оған қарағанда Кремльдің қолдауындағы Алу Алханов жеңіске жетті. Бұл жөнінде Шешен сайлау комиссиясы басшысы Абдул-Керім Арсаханов былай деді: “Үміткер Алу Алханов үшін 321.271 адам дауыс берген. Бұл жалпы дауыс берушілердің 73,78 пайызын құрап отыр. Демек ол- талассыз және теңдессіз басшы”-, деді Арсаханов. Еуропа кеңесінің Грозныйдағы өкілі бұл сайлауларды демократиялық сипатта өтпеді, деп бағалауда.

Жексенбі күні Қабылда болған көліктегі бомбалық жарылыс үшін жауапкершілікті Талибан өкілдері өз мойындарына алып отыр

Ол жарылыс АҚШ-тың қолдауындағы ДинКорп қауіпсіздік компаниясы кеңсесінің алдында болған-ды. Оның кесірінен кем дегенде 9 адам қаза болған. Аталған компания Ауғанстан өкіметінің қауіпсіздік күштерімен бірлікте жұмыс жүргізуде. Елбасы Хамид Қарзай мен АҚШ-тың Қабылдағы елшісі Залмай Халилзад бұл шабуылдарды айыптады.

Діни ерекшеліктерге байланысты киімдерді киюге тыйым салу жөніндегі Франция өкіметі заңы жаңа оқу жылы басталысымен күшіне енетіндігі жөнінде мәлімдеме жасалды

Ол заң бойынша Мұсылмандардың бас киімдері мен еврейлердің ярмулке атты киімін киюге тиым салынып отыр. Араб тілінде хабар тарататын әл-Жазира теле арнасы хабарына қарағанда, өздерін Ислам әскері деп жариялаған топ франциялық екі журналисті тұтқындап, Франция заңгерлеріне көпшілікке арналған мектептер мен оқу орындарына Мұсылмандардың бас киімін киюге салынған тиымды алып тастауға уақыт берген болатын. Алайда, мұндай талаптары орындалмаған жағдайда өздерінің қандай қадамға баратындықтарын ол топ айта қойған жоқ. Аталған мәлімдеме осы талаптарға жауап ретінде жасалып отыр.

Нью-Йорк қаласында Республикашылар партиясының сьезі бүгін басталды

Төрт күндік бұл басқосу барысында елбасы Джордж Бушты қараша айындағы сайлауларға үміткерлікке ресми түрде ұсынатын болады. Бұл ұсынысты Буш мырза қабыл алмақшы. Кеше осы қалада бірнеше жүздеген мың шерушілер Буш саясатына өздерінің наразылығын жариялаған болатын. Шеруге қатысушылардың бірі Фернандо Сюарз дел Солар жиналғандарға: “Менің баламның өмірі қиылды. Сондықтан бұл жерге мен “Буш өтірік айтты, ал өлген кім? Менің балам!- деген сөзді айту үшін келіп отырмын”-, деді.

Тағы

XS
SM
MD
LG