Accessibility links

ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Батыс жағалауда Палестина жетекшісі Махмуд Аббаспен кездесті

Кондолиза Райс Таяу Шығыстағы бұл кездесулерінің соңында АҚШ-тары алдағы көктемде Палестина жетекшісі Махмуд Аббас пен Израйл премьер министрі Ариель Шаронды бейбіт келіссөздер өткізу үшін Ақ үйге шақырып отырғанын хабарлады.

Біз қанағаттанарлық жағдайда Израйл мен палестина арасында өзара қауіпсіздік қамтасыз ету мәселелері реттеліп жатқанын айтқымыз келеді. Басқа да мәселелер реттеліп жатыр,- деген Кондализа Райс Сонымен қатар, Құрама Штаттар Палестина мен Израйл арасында бейбіт жағдай орнату үшін қауіпсіздік координаторын да белгілеген. АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондализа Райстың айтуынша, ол қауіпсіздік координаторы болып тағайындалған генерал лейтенант Уиллям Уорд осыған дейін НАТО-ның соғыстан кейінгі Босниядағы коммандирі болған.

Рим папасы Иоан Павел 2-ші енді аздаған күннен кейін емханадан шығатын болады

84 жасар Рим папасы өткен сейсенбі күні тыныс алуы қиындап емханаға жатқызылған болатын. Паркинсон ауруы бар Иоан Павел емханада осы жолы бір апта ғана ем қабылдайды деп- Ватикан өкілдері айтқан еді. Ол жексенбі күні емханада жатса да терезеден діни сенімдегілер үшін жексенбілік дұғасын оқып, мінәжат етті.

Ирақтың Мосул мен Бақуба қаласында орын алған екі көлік жарылысынан 24 адам қайтыс болды

Бұл жарылыстарды Әл Қаидамен байланысы бар топ өз мойнына алды. Топтың Иорданиядық қолбасшысы Әбу Мусаб әл Зарқауи алда тағы да көп шабуылдар жасайтындықтарын айтқан. Сонымен қатар, Ислам жихады әскери тобы Ирақтан Италияның әскері шығарылсын деген талаппен, жұма күні Бағдад көшесінде сауалнама жүргізіп жүрген итальян журналисін тұтқынға алған болатын. Енді Ислам жихады әскери тобының басшысы, итальян журналисінің тағдыры Ирақтан әскер тез шығарылғанына байланысты деп отыр.

Берндағы Испания консулдығының бірнеше өкілін кепілдікке алған қарулы үш адамды Швейцария полициясы ұстады

Қолдарында тапаншасы мен пышақтары болған ол үшеуі есіктің алдындағы күзетшіні ұрып соғып, ішке енген. Консулдықтың қызметкерлерін кепілдікке алған олар көп ұзамай, ғимараттан қашып шыққан болатын. Испанияның сырқы істер министрлігі таратқан мәліметке қарағанда, онда консулдықтың үш адамы болған. Алдын ала келтірілген дерекке қарағанда, қаруланғандар консулдықтың сейфін әкетпекші болған.

Тәжікстанның төтенше жағдайлар жөніндегі министрі: Өткен аптада төтенше жағдайлар министрлігінің сыртында болған көлік жарылысы өзіме қарсы жасалған шабуыл

Тәжікстанның төтенше жағдайлар жөніндегі министрі Мирзо Зиоев сейсенбі күні жасаған бұл мәлімдемесінен соң, оның егжей тегжейлі жағын тексеру аяқталған соң толық түсіндіретінін айтқан.Ол жарылыстан бір адам қаза болып, он адам жараланған болатын.

Жапония премьер министрі: Жапония мен Ресей екі елдің өзара байланысын жақсартуы үшін алдымен төрт арал төңірегіндегі аймақтық келіспеушілікті шешіп алуы керек

Жапония премьер министрі Жуничиро Койзуми бұл мәлімдеуін Токиода Курил аралының Жапонияға берілгеніне арналған мерейтойға бара жатқанында айтты. Бүгін Жапонияның солтүстік аймақтық күні, яғни 1855 жылғы Жапон-Ресей достастық келісімінің нәтижесінде, Жапония Курил аралын қайтып алған күн аталып өтуде. Жапондықтардың айтуынша, Совет Одағы екінші дүниежүзілік соғыс аяқталар тұста бұл аралды заңсыз басып алған. Жапония мен Ресейдің дипломатикалық байланыстары 1956 жылы басталған, бірақ арал мәселесіне соғыстан кейінгі бейбіт келісімнен соң қол қойылған.

Ирақта 17 полицей мен ұлттық ұланның 5 жауынгері оққа ұшып, 4 мысырлық ұрланды

Ирақтағы көтерілісшілер Бағдадтан оңтүстікке қараған тұстағы Махавиль елді-мекеніндегі полиция кеңсесіне шабуыл жасап, өзара шайқас кезінде Ирақ полициясының 17 қызметкері мен Ұлттық ұланның 5 жауынгері қаза болды және өзге 18 қызметкер жеңіл жараланды. Ирақ полициясы өкілінің хабарлауынша, дүйсенбіге қараған түнде болған осы қақтығыстың барысында, сондай-ақ, 14 көтерілісші қаза болған. Кеше экстремистер Бағдадтағы телекоммуникациялық компаниясында жұмыс істеп келеген 4 мысырлықты байлап алып кетті. Жуырда Бағдадта италияндық журналист әйелді ұрлап алып кеткен белгісіз екі экстремистік топ Ирақтан Италия әскерін дереу шығаруды талап етіп жатыр.

АҚШ-тың жаңа мемлекеттік хатшысы бүгін Палестина лидерлерімен кездеседі

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс ханым Палестина лидері М.Аббас пен Израиль премьері А.Шаронның Мысырда ертең өтетін бас қосуының қарсаңында Махмуд Аббаспен бүгін кездесуге тиіс. Палестина мен Израиль арасындағы қантөгісті тиып, екі жақты бейбіт келіссөзді қайта жалғастыруды көздейтін халықаралық “Жол картасы” жоспарын жүзеге асыру мақсатында сапарға келген К.Райс кеше Иерусалимде Израиль премьері А.Шаронмен мен сыртқы істер министрі Сильван Шаломмен келіссөз өткізді. Оның атап көрсетуінше, қантөгісті барлық жақ доғаруға тиіс және Палестина мемлекетін құру үшін оның демократиялық институттарын дамытуға көмек керек. Таяу Шығыста тыныштық орнату үшін АҚШ қолдан келгенін аямайды, деп мәлімдеді К.Райс.

Испанияның шағын қаласында 20 мен 40-тың арасындағы 18 адам қаза болды

Испанияның Тодолеллья қаласында қайғылы оқиға болып, 18 жас қаза тапты. Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, сенбі күні 20 мен 40-тың арасындағы жастардың осы тобы туған күнді тойлағаннан кейін шағын қаланың қонақ үйіне келіп тоқтаған. Жексенбі күні әлгі қонақ үйден олардың өліктері табылған. Билік өкілдерінің пікірінше, олар бөлмедегі жылыту пешінің газынан уланып өлген тәрізді. Әлгі топтың ішінен екеуі аман қалған.

ФАТХ қозғалысы (Палестина) Израильмен бітімге келуге дайын

Палестинаны азат ету қозғалысы – Фатх – Израильмен арада бітімге келуге дайын екенін мәлімдеп отыр. Осы күні Палестина автономиясының жаңа президенті Махмуд Аббас жетекшілік ететін Фатх қозғалысы, сонымен қатар, Израиль жерінде бейбіт халыққа қарсы шабуылдар ұйымдастырмайтынын хабарлады. Сейсенбі күні Мысырдың Шарм Әш-Шайх курортында Израиль премьері А.Шарон мен Палестина лидері М.Аббас өзара кездесіп, оның барысында Израиль мен Палестина бітімге қол қоюы мүмкін.

Б.Ферреро-Вальднер (Еуроодақ): Еуроодақ Палестинаға өзінің қаржылық және өзге көмегін бөлуге дайын

Еуроодақтың сыртқы қатынастар бойынша арнайы өкілі Бенита Ферреро-Вальднер ханым Мысырдың Шарм Әш-Шайх курортындағы бас қосуында Палестина лидері М.Аббас пен Израиль премьері А.Шарон бітімге келеді деп үміттенетінін мәлімдеді. М.Аббас бастаған Фатх қозғалысы кеше Израильмен бітімге келуге дайын екенін хабарлады. Ферреро-Вальднер осыдан 3 ай бұрын Я.Арафаттың кейін Палестина мен Израильдің өзара бітімге келуінің мүмкіндігі әлдеқайда өсті деп атап көрсетті. Жексенбіде Таяу Шығысқа сапарға шыққан Ферреро-Вальднер ханым Еуроодақ Палестинаға өзінің қаржылық және өзге көмегін бөлуге дайын деп хабарлады.

Ауғанстанда апатқа ұшыраған ұшақтың барлық 104 жолаушысы қаза болғанға ұқсайды

Ауғанстан қорғаныс министрлігінің өкілі генерал Захир Әзими мәлімдегендей, ауа райының нашар болуы себепті НАТО әскері мен Ауғанстанның ұлттық армиясы бейсенбі күні жолаушы ұшағы құлаған тау шыңына жете алмады. Оның атап көрсетуінше, ұшақтың ішінде болған 104 адам түгел қаза болғанға ұқсайды. Ауа райы түзелген соң, ауған армиясының жауынгерлері апат болған шыңға жете алады деп жоспарланып отыр.

К.Райс (АҚШ): “Дж.Буш “дипломатияның мезгілі келді”; “дипломатиялық жолмен уәжге келуге болады” деп санайды

АҚШ-тың ресми өкілдерінің мәлімдеуінше, Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі проблемны Вашингтон дипломатиялық жолмен шешуге бел буып отыр. Өз кезегінде Иран өзінің ядролық бағдарламасы бейбіт мақсатты көздейтінін мәлімдеп, бағдарламасын әрі қарай жалғастыратынын атап отыр. “АҚШ-тың Иранға қарсы күш қолдануы мүмкін бе?” деген Израиль теледидарының сауалына АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс ханым президент Дж.Буш “дипломатияның мезгілі келді”; “дипломатиялық жолмен уәжге келуге болады” деп санайтынын атап көрсетті.

Бүгін Ресей мен Италияның сыртқы істер министрлері Мәскеуде Ирақтағы ахуалды ды талдайды

Италияның сыртқы істер министрі Джанфранко Фини ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен келіссөз өткізу үшін Мәскеуде жүр. Екі министр Ресейдің Еуроодақпен, НАТО-мен арадағы ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ БҰҰ-ы мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық бойынша ұйымын қайта құру тақырыбын талдайды деп күтілуде. Ирақтағы ахуал да сөз болмақшы. 2003 жылы Ресей АҚШ бастаған коалицияның Ираққа басып кіруіне қарсы шыққан болса, премьер-министр Сильвио Берлускони бастаған Италия үкіметі оны қолдап, Ираққа тіпті италиян күштерін кіргізді.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Израильға сапары алдында Туркия басшыларымен Анкарада кездесті

Райс ханым онда Түркия президенті Ахмед Неждет Сезер мен сыртқы істер министрі Абдуллах Гүлмен кездесіп, Америка Таяу Шығыста бейбіт жағдай орнатуға Түркияның тірек болғанын қалайды деген. Түркия сыртқы істер министрі Режеп Тайып Ердоғанмен сенбі күнгі кездесуі барысында АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондализа Райс, Америка Ирақтың бірыңғай ел болуы үшін жан-жақты белсенді әрекет жасап жатыр деді. Ирақтағы соғыс кезінде АҚШ пен Түркия қарым қатынасы нашарлаған болатын. Онда Түркия басшылары Ирақтағы Күрдтер өз мемлекетін құрамыз деп жатса, Түркиядағы күрдтер де көтерілуі мүмкін деп қорыққан болатын.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Анкарада Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті

Онда Кондолиза Райс Ресейдегі демократияның дамуына алаңдаушылығын білдірді. Және тараптар, 24 ақпанда Братиславада жоспарланған ресей-американ саммитінде қаралатын мәселелерді де сөз еткен. Сондай-ақ, АҚШ президенті Джордж Буштың ресми сапармен Ресейге 9 мамырда баратыны тілге тиек етілді, онда Буш екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 60 жыл толуына арналған шараларға қатысатын болады. Бүгін Кондолиза Райс Таяу шығыста бейбіт жағдай қалыптастыруға бағытталған сапарымен Израйлге келеді. Онда АҚШ мемлекеттік хатшысының Израйл премьер министрі Ариель Шаронмен және дүйсенбі күні батыс жағалауда Палестина жетекшісі Махмуд Аббаспен кездесулері жоспарланған.

Грузия елі өткен бейсенбі күні көмір қышқыл газынан уланып қайтыс болған премьер министрі Зураб Жванияны соңғы сапарға шығарып салды

Қоштасу рәсіміне АҚШ сенатының сыртқы байланыстар жөніндегі басшысы сенатор Ричард Лугар бастаған шетелдік өкілдер қатысты. Грузия президенті Михайл Саакашвили, 41 жасар Жванияның қазасына орай, сенбі және жексенбі күндерін аза тұту күндері деп жариялады. Грузия президенті үкімет басшысы болған Жванияның өлімінен кейін жаңа үкімет құрылғанша премьер министр міндетін өзі атқаратынын айтқан.

Бағдадта қарулы топтар ұялы телефон компаниясында жұмыс жасап жүрген Мысырлық төрт инженерді ұрлап кеткен

Әл-Арабия телеканалының айтуынша, Бағдадтың батысындағы үйінен шығып бара жатқанда ол төртеуін біреулер басып әкеткен. Сондай-ақ, жұма күні Бағдадтың көшесіндегі жұртпен сауалнама жүргізіп жүрген сәтінде ирақтық қарулы топтардың қолына түскен италяндық журналист Джулиана Сгренаны ұрлағандар, сенбі күні оған жауапкершілікті өздеріне алып, Ирақтан италяндық әскерлер шығарылмайынша, италяндық журналист Джулиана Сгренаны босатпайтындарын мәлімдеді.

Израйл мен Палестина аутономиясы сотталған палестиналықтарды Израиль түрмесінен босату мәселелеріндегі келіспеушілікті реттеуге арналған келіссөздерін кейінге қалдырды

Өйткені, бұл мәселе алдағы аптада болатын израиль-палестин саммитіне дайындық шеңберінде өткізілген келіссөздерді тығырыққа тіреді. Батыс ақпарат агенттіктері хабарлағандай, тараптар екі жақты келісім комиссиясын құруға келіскен. Бұл туралы сосын Израиль премьер министрі Ариель Шарон мен Палестина президенті Махмут Аббастың 8-ші ақпанда болатын кездесуінде ресми хабарланатын болады. Бұл екі ел жетекшісінің Махмут Аббастың ел басшысы болып сайлануынан кейінгі алғашқы кездесуі болмақ.

Жексенбі күні Рим папасы Джон Паул II Римдегі аурухананың терезесінен діни сенімдегілерге арнап дәстүрлі жексенбілік дұғасын оқыды

Ол бейсенбі күні тыныс алу жолы ауырып, емханаға түскен болатын. Ол католиктерге жолдауында, өзінің емханада жатуы ұзаққа созылып кетсе де, шіркеу мен күллі адамзатқа қызмет етуін жалғастыра беретінін айтқан. Сөйтіп, ауырып жатқанына қарамастан, 84 жасар Рим папасы қырылдап әрең шыққан дауысымен мінәжат етті.

Pесейліктер осыдан бір жыл бұрын Мәскеудің Автозавод метро бекетінде болған жарылыстан қаза болғандарды еске алды

Таңғы сағат 8-40 та болған жарылыс 41 адамның өмірін әкетіп, 120 адам жараланған болатын. Еске алу рәсіміне Мәскеу үкіметінің өкілдері мен қала тұрғындары және қаза болғандардың туыстары жиналды. Бұл метро бекетінде жарылыстан қайтыс болғандар үшін мемориалды тақта қойылды.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс кеше сенбіде Түркия астанысндағы әуежайда министр Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті

Ердоғанның айтуынша, олар Ауғанстан, Ирақ, Таяу шығыс және Кипр төңірегінде пікір алмасқан. Варшавадан Анқараға ұшып шығар алдынан АҚШ мемлекеттік хатшысы Райс, егер Ресей Батыспен жақсы қарым-қатынасты болғысы келсе демократия жөніндегі міндеттемелерінен бас тартпайтындығын көрсетуі керек, деді.

-Ресейдегі қазіргі ішкі жағдайға біз әрине алаңдаулымыз. Өз заң ережелерін нығайту, тәуелсіз сот жүйесінің беделін асыру, еркін баспасөзге кең жол ашуға ынталы екендігін Ресей әлемге білдіргені жөн болады. Міне осыны демократияның негізі десек болады, - деді Кондолиза Райс.

Гүржістан бас министрі Зураб Жванияны жерлеу рәсімі болады

Жаназаға АҚШтан Сенаттың сыртқы істер байланысы комитетінің төрағасы. сенатор Лугар, Ресей Көлік министрі Левитин, Әлембанкы президенті Волфенсон келді

Кодолиза Райс Анқарада Ресей сыртқы істер министрі Лавровпен кездесіп Ресейдегі демократия, Ирандағы ядролық бағдарлама, және лаңкестікпен күрес мәселелерін талқылады

Сондай-ақ, екі ел өкілі президенттер Бушпен Путин арасында Словакияда ақпанның 24тінде өтетін кездесуге дайындық мәселесі де талқыланды. Райс Ресейден Ирандағы Бушехр ядролық реакторы үшін қажетті жанармай бермеуін сұрамақ. Райс Юкос мұнай компаниясы, БАҚдарына қысым, Крельдің, сайлаусыз жолмен, аймақтық билікті орталыққа шоғырландыруы мәселесіне орай АҚШтың алаңдаушылығын жеткізді.

Біріккен Араб амірлігіндегі Ирақ жауынгер тобының вебсайтында хабарланғанындай, ол топ Ирақ ұлттық жасағынан кепілдікке тұтқындап кеткен 7 азаматты өлтірген

Ансар ал-Сұнна армиясынан делінген ол бейне сайтта өлтіру көрінісі бейнеленген. Бұл топ Ирақтағы шет елдіктер мен Ирақ полициясына шабуыл жасап, ондаған адамды кепілдік тұтқынға алғандын мойындаған аса белсенді бөлікшілдер есептеледі.

Ауғанстандық ресмилер таратқан мәліметке қарғанда осыдан екі күн бұрын Қабул маңайында апатқа кезіккен жолаушы ұшағында 104 адамнан ешкім аман қалмаған.

- İшкі істер, Қорғаныс министрліктері, одақтас күштер көмегімен іздестіру нәтижесінде Цапараи тауындағы Бағрами ауданында қираған ұшақтың сынық бөліктері табылды. Негізінен ауғандар, және бір неше шет елдіктен тұратын жолаушының бәрі түгел қаза тапқан, - дейді Азаттық радиосының тілшісіне İшкі істер министрлігі өкілі Лұтфұлла Машал.

Ол Боиң 737 ұшағы бейсенбіде батыстағы Херат қаласынан Қабулға ұшып келе жатқан болатын. Марқұм болған шет елдік жолаушылар арасында, Орыс, Түрік, Америка және Италия азаматтары бар.

Тағы

XS
SM
MD
LG