Accessibility links

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін Греция парламенті Еуропа Одағының конституциясын ратификациялау жөніндегі мәселені қарауды сейсенбіге қалдырды

Егер онда депутаттардың басым бөлігі қолдап дауыс берсе, Греция Еуропа Одағының конституциясын бекіткен Литва, Венгрия, Словения және Италиядан кейінгі 5-ші ел болады. Еуропа Одағының конституциясы күшіне ену үшін, одаққа мүше 25 ел бұл құжатты бекітуі керек. Және одаққа мүше елдер бұл мәселені референдумға шығарып, немесе парламентте дауыс беріп шешуіне болады. Бейсенбі күні, Франция президенті Жак Ширак өз халқын Еуропа Одағының конситуциясын 29-шы мамырда болатын референдумда қолдап дауыс беруге шақырды.

Бағдадта әскери колоннаға қарсы, жолдың бойына қойылған екі бомба жарылған

Одан бір жергілікті тұрғын қаза болып, кемінде жеті адам жараланған. АҚШ әскери күштерінде Бағдадтың шығысы мен Мансұр аймағының батысында болған шабуылдар туралы шұғыл ақпарат болмаған. Мұндай шабуылдар өткен айда саябырсып, осы айда қайта өрбіп отыр. Бейсенбі күні полиция күзетінің күре жолына қойылған екі бірдей көлік жарылысынан кемінде 11 адам көз жұмып, бірнешеуі жарақаттанған. Ол шабуылдарға жауапкершілікті «Әл қаида» ұйымының Ирақтағы жетекшісі Абу Мусаб әл Зарқауи өздеріне алған.

Егер біз жоқ деп дауыс берсек, біз қазіргі жүйеде, әлсіз жүйеде қаламыз әрі ол қиындықтар әкеледі және либералдық жалпы бағытымыз ұлғайып кетпек -деген теледидар арқылы сөйлеген сөзінде Франция президенті

Ал, осыған дейінгі әлеуметтік сауалнамаларда, француздардың көпшілігі Еуропа Одағының конситуциясына қарсы дауыс беретіндіктерін айтқан.

Бүгін Қырғызстанның парламент үйінің алдына көптеген адам жиналып, биліктен қуылған президент Асқар Ақаевтың қызы Бермет Ақаеваның парламентке келуіне қарсылықтарын білдірді

Наразылық акциясына қатысушы 300-дей адам, өткен даулы сайлауда жеңіске жеткен Бермет Ақаева парламентте отырмауы керек деп талап етуде. Депутаттық мандаты бар Бермет Ақаева болса, бейсенбі күні күтпеген жерден парламентке оралып, отырысқа қатысқан болатын. Бірақ, парламент спикері Өмірбек Текебаев Ақаева әлі ант қабылдамағандықтан, заңшығарушы ретінде өз міндетін әзірге атқара алмайды деген.

Дағыстанның оңтүстікіндегі прокуратура ғимараты алдында болған екі жарылыстан бірнеше адам күйікке шалынды

Дағыстанның медицина қызметкері Қазанфар Құрбановтың айтуынша, бұл шабуылдан алты кісі жарақат алған. Ал, полиция өкілі Марина Расулованың хабарлауынша, бұл жарылыс прокуратура ғимараты мен оған жақын орналасқан тұрғын үйдің арасына қойылған. Бұл шабуылға жауапкершілікті әлі ешкім алмады. Өткен айларда да Дағыстанның қауіпсіздік және құқықтық мекемелеріне бірнеше шабуыл болған.

ЕҚЫҰ-ы Әзірбайжанның мемлекеттік ақпарат өкілдері қараша айында өтетін парламенттік сайлаулардың алдында, ашық болуы тиіс деп айтты

Бүгін Бакудегі ЕҚЫҰ-ының баспасөз еркіндігі жөніндегі өкілі Миклош Харазати, Әзірбайжан үкіметі елдегі мемлекеттік теледидардан берілетін қандайда бір бағдарламаларға бақылау жасамауы керек деді. Бұл елдегі алты ұлттық арна мемлекеттік те, жекеменшік төрт телеарна биліктің қатал бақылауына алынған. Әзірбайжан үкіметі ақпараттық реформаны кейінге қалдырып келеді. Харазати егер сайлауға дейін бұл елде ақпараттық құрылым өзгермесе, онда біздің ұйым сайлау әділ әрі ашық өтті деп бағалай алмайды деген. Елдегі оппозиция өкілдері өздеріне телеарнаға шығуға қажетті мүмкіндік берілмей отырғанын айтқан.

Дели мен Пекин өзара ынтымақтастығының жаңа стратегиясын құрады

ДЕЛИ: Үндістан мен Қытай өзара жаңа стратегиялық және экономикалық қарым-қатынас құрады. Үндістанда 4 күндік сапарда жүрген Қытай премьері Вэнь Цзябао мен үнді премьері Манмохан Синх бүгін Делиде өткізген келіссөзінің кейін осындай жаңа ынтымақтастық құратындарын жариялады. Оның атап көрсетуінше, өзара келіссөзінен кейін олар екі елдің арасындағы сан саладағы ынтымақтастығын кеңейту мен тереңдету туралы уағдаласқан.

Брюссель Балқан елдеріне бөлетін қаржылай көмегінің жоспарын жариялады.

БРЮССЕЛЬ: Еуропа Комиссиясы бүгін осы жылы Македония, Сербия, Черногория және Косов өлкесіне бөлетін қаржылай көмегінің жоспарын жариялады. Оған сәйкес, Еуроодақ Македонияға 35 млн. еуро, Сербия-Черногорияға 184 млн. және Косово өлкесіне 55 миллиондай еуро қаржы бөлмекші. Албания, Босния-Герцоговинаға қаржылай қанша көмек бөлетінін Еурокомиссия кейінірек осы жылы қарастырады.

Ресей мен Германияның жетекші компаниялары өзара 100-деген млн. доллардың келісімдеріне қол жеткізді.

ГАННОВЕР: Бүгін Ганновер жәрмеңкесінде Германия канцлері Г.Шредер мен Ресей президенті В.Путиннің алдында екі елдің компаниялары 100-деген млн. доллар қаржыны қамтитын келісімдерге қол қойды. Оның ішінде немістің BASF және Ресейдің Газпром компаниялары газ өндірісі мен тасымалы және саудасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға, немістің Siemens корпорациясы мен орыстың теміржол компаниясы Ресейде жүрдек поез шығару жобасы бойынша 2 млрд. долларға жуық қаржының келісіміне қол қойды.

Тәжік прокуратурасы оппозиция лидеріне қарсы қылмыстық ісін доғарған жоқ.

ДУШАНБЕ: Тәжікстанның Бас прокуратурасы президент сайлауына үміткер болып түсетінін мәлімдеген тәжік оппозициясының лидері Махмадрузи Искандаровты тұтқындау туралы қайта шешім қабылдады. Ол жайында бүгін Душанбеде Бас прокурордың өзі хабарлады. Оның мәлімдеуінше, тәжік прокуратурасы аса қауіпті қылмыскер есебінде Искандаровқа қарсы қылмыстық істі тергеуін тоқтатпаған және оны қамаудан босатып жіберген Ресей үкіметіне наразылық білдіреді. Прокурордың мәлімдеуінше, ерте ме, кеш пе, ол сотқа тартылады. М.Искандаров тәжік үкіметінің сұрауы бойынша өткен жылы Мәскеуде ұсталып, өткен аптада Мәскеу оны Душанбеге беруден бас тартып, оған тағылған айыптар негізсіз деп босатып жіберді.

Дж.Талабани (Ирақ): “АҚШ армиясы елде қалуға тиіс. Бағдадқа көмек керек; әзірше оның өз армиясы жоқ!”

БАҒДАД: Ирақтың Сирияға жақын Әл-Қайым қаласында жанпидашыл экстремистер АҚШ-тың әскери базасының қақпасы алдында қопарғыш орнатылған 2 автокөлікті жарды. Кем дегенде 2 адам жараланды. Әзірше одан басқа дерек жоқ. Ирақтың қауіпсіздік күштері мен АҚШ әскерінің бірлесіп Бағдадта өткен түнде жүргізген ауқымды операциясының барысында көтеріліске қатысы бар-ау деген күдікпен 65 кісі ұсталды. Кеше белгісіз біреулер Мосул қаласында Найнауа өлкесі кеңесінің мүшесін аты кетті. Кеше Ирақ президенті Джалал Талабани АҚШ армиясы елде қалуға тиіс деп мәлімдеді. Си-Эн-Эн телеукомпаниясына берген сұхбатында ол: “Бағдадқа көмек керек; әзірше оның өз армиясы жоқ! –деп үзілді-кесілді атап көрсетті.

Р.Отынбаева (Қырғызстан): “Мәскеу Бішкектің одақтасы әрі стратегиялық әріптесі болып қала береді”.

МӘСКЕУ: Ресей Қырғызстандағы саяси ахуалдың ертерек бір қалыпқа түсуіне мүдделі және Мәскеу осы процеске өз үлесін қосуды көздейді. Бүгін Мәскеуде Қырғызстан сыртқы істер министрінің міндетін уақытша ат қарушы Роза Отынбаевмен келіссөзінен кейін Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров осылай деп мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, Қырғызстандағы ахуалдың тұрақтануына бағытталған іс-қимылға Мәскеу өз көмегін береді. С.Лавровпен өз еліндегі саяси ахуалды талқылаған Р.Отынбаева кеше: Мәскеу Бішкектің одақтасы әрі стратегиялық әріптесі болып қала береді деп мәлімдеген болса, бүгін Ресейдің Қырғызстандағы Кант әскери базасы қалатынын атап көрсетті.

ЮКОС компаниясының бұрынғы басшылары М.Ходорковский мен П.Лебедевтің қылмыстық істері бойынша сот өкімі 27 сәуірде шығарылады.

МӘСКЕУ: ЮКОС компаниясының бұрынғы басшылары М.Ходорковский мен Платон Лебедевтің қылмыстық істері бойынша сот процесі бүгін аяқталды. Бүгін судья И.Колесникова өкімді 27 сәуірде жариялайтынын хабарлады. Оның алдында өздеріне соңғы сөз берілгенінде Лебедев сөйлеуден бас тартты. Ал Ходорковский өзінің ешбір заңды бұзбағанын деп мәлімдеді. Ходорковский мен Лебедевке – алаяқтық жасады, салық төлеуден жалтарды және “Апатит” компаниясының акцияларын жымқырды деген айыптар тағылған. Прокуратура соттан екеуін де 10 жыл мерзімге кесуін сұрап отыр.

Қазақ оппозициясының лидері ресми билікті өзіне қарсы қастандықты жоспарлады деп айыптауда.

АЛМАТЫ: Бүгін Қазақстан оппозициясының “Әділетті Қазақстан үшін” бірлестігінің лидері Жармахан Тұяқбай ресми билікті өзіне қарсы өткен аптаның соңында жасалған қастандықты жоспарлады деп айыптады. Оның айтуынша, сенбі күні Өскемен қаласында сөйлеп жатқан кезінде оған кірпіш лақтырды. Бірақ кірпіш оған тимей, кинооператор мен өзінің бір көмекшісін жаралаған. Жергілікті ішкі істер басқармасының өкілі бұл қастандықты оппозицияның өзі ұйымдастырды деп мәлімдеді. Оппозициялық бірлестіктің өкілдері хабарлағандай, Ж.Тұяқбайдың сөз сөйлеуі алдында сом денелі бірнеше жігіт оның көмекшілерімен төбелеспек болған. Ж.Тұяқбай – президент сайлауына үміткер болып түсетінін ашық мәлімдеді.

Ф.Куловқа 10 шілдеде өтетін президент сайлауына үміткер ретінде түсуіне жол ашылды.

БІШКЕК: Бүгін Қырғызстан парламенті А.Ақаевтың президент лауазымынан бас тартуын көпшілік дауыспен қабылдап, президент сайлауын осы жылдың 10 шілдесіне тағайындады. Наурыздың соңында елден қашып, қазір Мәскеуде жүрген А.Ақаев – президент құзырын өткен аптада ресми түрде тапсырды. Оның алдында ғана Қырғызстанның Жоғарғы соты оппозиция лидерлерінің бірі Феликс Куловқа тағылған соңғы айыпты да жойып, оның президент сайлауына үміткер болып түсуіне жол ашты. Соттың өкімін халық “алақайлап” қарсы алды. Ф.Кулов – қызмет бабын асыра пайдаланды және бюджет қаржысын талан-таражға салды деген айыптар бойынша 4 жылдан аса уақыт түрмеде отырып, соңғы халық толқуы кезінде босатылды.

А.Кураи (Палестина): “Еврей қоныстарын кеңейту арқылы Израиль бейбіт келіссөзге “көр қазып жатыр”.

РАМАЛЛА: Израиль премьер-министрі А.Шаронмен кездесуі барысында АҚШ президенті Дж.Буш одан еврей қоныстарын кеңейтуін доғаруды талап етуге тиіс. Бүгін Еуроодақтың Таяу Шығыстағы өкілімен кездесуінде Палестина премьері Ахмад Кураи осылай деп мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, Иерусалимнің сыртында еврей қоныстарын кеңейту арқылы израильдіктер Палестинамен арадағы бейбіт келіссөзге, оның өз сөзімен айтқанда, “көр қазып жатыр”. А.Кураидің пікірінше, қосымша 3.5 мың еврей қонысын салу - Таяу Шығыс жанжалын басуға арналған “Жол картасы” жоспарын бұзады. АҚШ президенті мен Израиль премьері бүгін Дж.Буштың Тексас штатындағы ранчосында кездеспекші.

Ресей прокуратурасы қауіпсіздік қызметінің бұрынғы жоғары шенді өкілінің өлімін тергу үстінде

МӘСКЕУ: Бүгін Ресей милициясы жексенбі күні Мәскеуде белгісіз біреулер атып кеткен Федералдық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы жоғары шенді өкілі мен оның жұбайының өлімін тергеу үстінде. Анатолий Трофимов – Мәскеу қаласы мен облысының қауіпсіздік қызметін басқарып, қызметінен 1996 жылы президент Б.Ельциннің жарлығымен босатылды. Сол кезден бері кәсіпкерлікпен шұғылданып келді. Дәрігерлердің хабарлауынша, ауруханаға хал үстінде түскен оның 28 жастағы әйелі бүгін көз жұмды. Қастандық жасалған кезде автокөлікте отырған қызы аман қалды. А.Трофимов – “тапсырыс бойынша” өлтірілгенге ұқсайды.

Ганноверде Ресей мен неміс компанияларының арасында бірнеше келісісмге қол қойылды.

ГАННОВЕР: Бүгін Ганновер жәрмеңкесінде Германия канцлері Г.Шредер мен Ресей президенті В.Путин немістің BASF және орыстың ГазПром компаниялары арасында мұнай және газ саласындағы бірлескен зерттеулер туралы өзара меморандумға қол қоюына қатысты. Бұл құжатта Ресей газын Батыс Еуропаға тасымалдаудың инфрақұрылымын және маркетингін кеңейту қарастырылған. Г.Шредер мен В.Путин, сонымен қатар, Ресейде жүрдек поез шығару жобасы бойынша немістің Siemens компаниясы мен Ресей теміржолы кәсіпорны арасындағы 1.5 млрд. еуроның келісіміне қол қойылды. В.Путин Ганновер жәрмеңкесінің ашылу рәсіміне қатысу үшін Германияға кеше келді.

Дж.Талабани (Ирақ): “АҚШ армиясы елде қалуға тиіс. Бағдадқа көмек керек; әзірше оның өз армиясы жоқ!”

БАҒДАД: Ирақтың Сирияға жақын Әл-Қайым қаласында жанпидашыл экстремистер АҚШ-тың әскери базасының қақпасы алдында қопарғыш орнатылған 2 автокөлікті жарды. Кем дегенде 2 адам жараланды. Әзірше одан басқа дерек жоқ. Ирақтың қауіпсіздік күштері мен АҚШ әскерінің бірлесіп Бағдадта өткен түнде жүргізген ауқымды операциясының барысында көтеріліске қатысы бар-ау деген күдікпен 65 кісі ұсталды. Кеше белгісіз біреулер Мосул қаласында Найнауа өлкесі кеңесінің мүшесін атып кетті. Кеше Ирақ президенті Джалал Талабани АҚШ армиясы елде қалуға тиіс деп мәлімдеді. Си-Эн-Эн телеукомпаниясына берген сұхбатында ол: “Бағдадқа көмек керек; әзірше оның өз армиясы жоқ! –деп үзілді-кесілді атап көрсетті.

Ф.Куловқа 10-ші шілдеде өтетін президент сайлауына үміткер ретінде түсуіне жол ашылды

БІШКЕК: Бүгін Қырғызстан парламенті А.Ақаевтың президент лауазымынан бас тартуын көпшілік дауыспен қабылдап, президент сайлауын осы жылдың 10 шілдесіне тағайындады. Наурыздың соңында елден қашып, қазір Мәскеуде жүрген А.Ақаев – президент құзырын өткен аптада ресми түрде тапсырды. Оның алдында ғана Қырғызстанның Жоғарғы соты оппозиция лидерлерінің бірі Феликс Куловқа тағылған соңғы айыпты да жойып, оның президент сайлауына үміткер болып түсуіне жол ашты. Соттың өкімін халық “алақайлап” қарсы алды. Ф.Кулов – қызмет бабын асыра пайдаланды және бюджет қаржысын талан-таражға салды деген айыптар бойынша 4 жылдан аса уақыт түрмеде отырып, соңғы халық толқуы кезінде босатылды.

ЮКОС компаниясының бұрынғы басшылары М.Ходорковский мен П.Лебедевтің қылмыстық істері бойынша сот өкімі 27 сәуірде шығарылады

МӘСКЕУ: ЮКОС компаниясының бұрынғы басшылары М.Ходорковский мен П. Лебедевтің қылмыстық істері бойынша сот процесі бүгін аяқталды. Бүгін судья И.Колесникова өкімді 27-ші сәуірде жариялайтынын хабарлады. Оның алдында өздеріне соңғы сөз берілгенінде П.Лебедев сөйлеуден бас тартты. Ал М.Ходорковский өзінің ешбір заңды бұзбағанын мәлімдеді. Ходорковский мен Лебедевке – алаяқтық жасады, салық төлеуден жалтарды және “Апатит” компаниясының акцияларын жымқырды деген айыптар тағылған. Прокуратура соттан екеуін де 10 жыл мерзімге кесуін сұрап отыр.

Қазақ оппозициясының лидері ресми билікті өзіне қарсы қастандықты жоспарлады деп айыптауда

АЛМАТЫ: Бүгін Қазақстан оппозициясының “Әділетті Қазақстан үшін” бірлестігінің лидері Жармахан Тұяқбай ресми билікті өзіне қарсы өткен аптаның соңында жасалған қастандықты жоспарлады деп айыптады. Оның айтуынша, сенбі күні Өскемен қаласында сөйлеп жатқан кезінде оған кірпіш лақтырды. Бірақ кірпіш оған тимей, кинооператор мен өзінің бір көмекшісін жаралаған. Жергілікті ішкі істер басқармасының өкілі бұл қастандықты оппозицияның өзі ұйымдастырды деп мәлімдеді. Оппозициялық бірлестіктің өкілдері хабарлағандай, Ж.Тұяқбайдың сөз сөйлеуі алдында сом денелі бірнеше жігіт оның көмекшілерімен төбелеспек болған. Ж.Тұяқбай – президент сайлауына үміткер болып түсетінін ашық мәлімдеді.

Ресей прокуратурасы қауіпсіздік қызметінің бұрынғы жоғары шенді өкілінің өлімін тергу үстінде

МӘСКЕУ: Бүгін Ресей милициясы жексенбі күні Мәскеуде белгісіз біреулер атып кеткен Федералдық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы жоғары шенді өкілі мен оның жұбайының өлімін тергеу үстінде. Анатолий Трофимов – Мәскеу қаласы мен облысының қауіпсіздік қызметін басқарып, қызметінен 1996 жылы президент Б.Ельциннің жарлығымен босатылды. Сол кезден бері кәсіпкерлікпен шұғылданып келді. Дәрігерлердің хабарлауынша, ауруханаға хал үстінде түскен оның 28 жастағы әйелі бүгін көз жұмды. Қастандық жасалған кезде автокөлікте отырған қызы аман қалды. А.Трофимов – “тапсырыс бойынша” өлтірілгенге ұқсайды.

А.Кураи (Палестина): “Еврей қоныстарын кеңейту арқылы Израиль бейбіт келіссөзге “көр қазып жатыр”

РАМАЛЛА: Израиль премьер-министрі А.Шаронмен кездесуі барысында АҚШ президенті Дж.Буш одан еврей қоныстарын кеңейтуін доғаруды талап етуге тиіс. Бүгін Еуроодақтың Таяу Шығыстағы өкілімен кездесуінде Палестина премьері Ахмад Кураи осылай деп мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, Иерусалимнің сыртында еврей қоныстарын кеңейту арқылы израильдіктер Палестинамен арадағы бейбіт келіссөзге, оның өз сөзімен айтқанда, “көр қазып жатыр”. А.Кураидің пікірінше, қосымша 3.5 мың еврей қонысын салу - Таяу Шығыс жанжалын басуға арналған “Жол картасы” жоспарын бұзады. АҚШ президенті мен Израиль премьері бүгін Дж.Буштың Тексас штатындағы ранчосында кездеспекші.

Ганноверде Ресей мен неміс компанияларының арасында бірнеше келісісмге қол қойылды

Бүгін Ганновер жәрмеңкесінде Германия канцлері Г.Шредер мен Ресей президенті В.Путин немістің BASF және орыстың ГазПром компаниялары арасында мұнай және газ саласындағы бірлескен зерттеулер туралы өзара меморандумға қол қоюына қатысты. Бұл құжатта Ресей газын Батыс Еуропаға тасымалдаудың инфрақұрылымын және маркетингін кеңейту қарастырылған. Г.Шредер мен В.Путин, сонымен қатар, Ресейде жүрдек поез шығару жобасы бойынша немістің Siemens компаниясы мен Ресей теміржолы кәсіпорны арасындағы 1.5 млрд. еуроның келісіміне қол қойылды. В.Путин Ганновер жәрмеңкесінің ашылу рәсіміне қатысу үшін Германияға кеше келді.

Тағы

XS
SM
MD
LG